Патерналистік көңіл-күй мен масылдық психологияның көбеюі мемлекеттің дамуын тежейді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әділетті қоғам құру үшін елді өрмекшінің торындай шырмап алған сыбайлас жемқорлық пен компрадорға, сондай-ақ, непотизм мен патернализмге тосқауыл қою керек дегені бар. Президенттің айтуынша, онсыз қоғам алға баспайды.
Расын айту керек, елімізде патернализм мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Қоғам алға дамып, құндылықтар өзгеріп жатса халық арасында «бізді мемлекет асырауы тиіс, үкімет қайда қарап отыр?» дейтін түсінікке сүйеніп алғандар жетерлік. Атам қазақ мұндай әдетті масылдық деп атаған. Ондайлар өзіне, мемлекетке арқа сүйегенді жөн көреді. Шын мәнінде дамуға бет бұрған қоғамда мұндай көзқарастың болуы жақсы емес. Мамандар да мемлекетте мұндай патерналистік көңіл-күй мен масылдық психологияның болуы мемлекеттің дамуын тежеп, азаматтық бастамалардың іске асуына кедергі келтіретінін айтады. Өйткені, олар мемлекет тұрғыны ретінде әрі сол елдің арақасүйер азаматы екенін сезінбейді. Сондай-ақ азамат ретінде арқасында үлкен жүк тұрғанын, елдің болашағы үшін жауапты екенін аңғармайды.
Кез-келген мемлекет өз халқына жағдай жасауға міндетті. Мүмкіндігінше тегін білім, тегін медицина, әлеуметтік көмек көрсетеді дегендей. Әрине бұл бұл белгілі деңгейде патернализмге жатады.
Патернализ мемлекеттің өз халқына деген қамқорлығы. Бірақ оны жаппай идеологиялық түсінік ретінде тағы қарауға болмайды. Мұның арты тек қана мемлекетке арқа сүйеп, тәуелді болып қалуға алып келеді. Өкініштісі бізде ондай азаматтар өте көп. Олар мемлекет қамқорлығының артында азаматтардың еркіндігі мен тәуелсіздігі, еңбекке баулу секілді дүние тұрғанын түсіне алмай жатады.
Мұндай санаттағы азаматтардың көбеюі – мемлекет үшін өте үлкен қауіп. Жаппай осындай идеяның орнығуы - Мемлекеттік патернализмге алып келеді. Амалсыз мұндай жолға түскен мемлекет өз азаматтарын толықтай өз бақылауына алып, барлығына да жауапты болады. Халқын дәрі-дәрмекпен, тегін біліммен, тіптен жаппай жұмыспен қамту сияқты қажеттіліктердің барлығы да заңмен міндеттеледі.
Бұл өз кезегінде мемлекет ішіндегі басқарушы ұйымдар мен компаниялар, әр-түрлі мекелелерге де самақ салады. Ол жердегі қызметкерлердің жағдайын жасау, әртүрлі жеңілдіктер беру, үй сатып алып беру, осыл топтарға деп «әлеуметтік пакет» ұйымдастырып, балаларын тегін оқыту, грант беру секілді әлеуметтік қолдауға міндеттеме алады. Ал ол өз кезегінде әлеуметтік осал топтардың қатарын көбейтетіні даусыз.
Оны мамандар да айтып жатады.
«Патернализм» дегенде, Сәкен Сейфуллиннің: «Шіркін тауық, шыр айналар, жемің болса, қолыңда» дейтін өлең жолдары еске оралады. Жалпы үлкеннің кішіге, әлдінің әлсізге, биліктің халыққа, қуатты державаның кішігірім елдерге қамқорлық, көмек жасағаны - дұрыс. Бірақ "балық бергеннен гөрі, балық аулайтын қармақ пен құрық бер" деген принципті ұстанған жөн болар. Бұл - жеке адам тұрғысында да, әлеуметтік топ немесе тұтас мемлекет тұрғысында да өзекті. Әлеуметтік себеттерге ие болу үшін - сол себетке лайықты табыс табу деңгейіне лайықталып кедейлік қалыпқа түскендер қаншама? Бұл дегенің - арамтамақтық қой. Арамтамақтық пен масылдық - егіздің сыңары емес пе? Сондықтан да мемлекет, ұйым, мекеме шын мұқтаж жандарға ғана көмек көрсеткені дұрыс», - дейді журналист әрі әлеуметтанушы Асылбек Байтанұлы.
Яғни түсінген адамға мемлекеттің қолдауы азаматтардың қорғалуы үшін керек. Қазір еліміз азаматтардың сапалы медицина, білім алу және әлеуметтік қорғау сияқты негізгі қызметтер мен ресурстарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында белгілі бір тәуекелдерге барып отыр. Бұл ел халқының ең негізгі деген қажеттіліктері мен материалдық сұранысының белгілі бір бөлігін соның ішінде әлеуметтік осал топтардың қажетілігін қамтамасыз етуге бағыталады. Бұл әрине елдегі кедейлік пен әлеуметтік теңсіздікті игеру үшін керек. Керек болса, бұл жерде елдің ішкі қаіпсіздігі, тұрақтылығын сақтау мәселесі тұр деуге болады.
Осы мақсатта елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әлеуметтік-демография салада көптеген дүниелер жасалып жатыр. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау, оларға құрметпен қарау, ерекше қажеттілігі бар жандар үшін инклюзивті білім беру жүйесін дамыту мәселелеріне басымдық беріліп келеді.
Алайда бұлардың барлығын кейбір топтар арасында масылдыққа, тәуелділікке алып келіп жатады. Ал шын мәнінде бұл қолдаулардың барылығы да елдегі кәсіпкерлікті қолдау, инновациялық жобалар мен экономикалық бастамаларды ынталандыру үшін керек.