Қайырымдылық жасау қазақтың қанында бар қасиет
2020 жылды Мемлекет басшысы «Волонтер жылы» деп жариялағаны белгілі.
Себебі, біреуге қайырымдылық жасап, жолын ашу, жетім көрсе басынан сыйпап, жебеп жіберу секілді асыл қасиет қазықтың табиғатынан бар дүние. Біреуге жақсылық жасап, мейірім сыйлау үшін асқан бай болу міндет емес. Жай көңіл болса да жеткілікті.
Қазақ тумысынан қайырымдылық пен жақсылық жасауға даяр тұратын халық. Қазақтың әр баласы жоқ-жітікке қарасып, жылағанды жұбатып, сүрінгенге сүйеу болып тұрады. Яғни қазақ – табиғатынан қайырымды халық болып есептеледі. Қазақтың байлары өз замаында халқының қамын жеп, жағдайын ойлап отыратын менеджер іспетті болған. Қазіргі тілмен айтқанда малы бары ірі мецанат атанса, малы жоғының өзі еліне волонтер болып қызмет еткен.
Жиырмасыншы ғасырдың басында қазақтың саяси интелигенциясымен қатар ұлттық буржуазия қалыптасты. Әрі олар қазақ қоғамын ізгілендіруге жақсы азаматтардың оқып білм алуына үлес қосты. Жиған материалдық игіліктерінің көбін осы жолға жұмсады. Мәселен бір аған Шығыс Қазақстандағы Зайсан, Көкпекті өңірінде 1905 жылы Қарқаралы жәрмеңкесінде бастау алған қозғалыстың мағынасын түсіне алған және Әлихан, Ахмет және
Міржақыптар бастаған білім, ағарту идеясына қосылған ауқатты адамдар өте көп болды. Әсіресе Зайсаннан шыққан Бидахмет Бобкин деген атақты бай Зайсанда алғаш гимназия салуға үлес қосты. Әрі сол гимназияға сол заманның мықты ұстаздарын алдыртып, сабақ бергізді. Соның бірі Міржақып Дулатұылы еді. Зайсанға келіп қазақ балаларының көзін ашты. Әрі қазақ тарихындағы алғашқы романдарын жазған Тайыр Жомартбаев деген азаматтың зайсан өңіріне келіп сабақ беруіне ықпал етті.
Кейін Зайсан мен Тарбағатай өңіріне осы азаматтардың ізін жалғап Сұлтанмахмұт Торайғырдың баруы да үлкен іс еді. Бұлар сол өңірде талантты жастардың шығуына ықпал етті. Жәрдем жасады.
Бұдан бөлек сол өңірдегі мектеп-медресе, гимназия ашып қана қоймай, сол мектеке қажетті мұғалідер алдыртып, жалақысын төлеп, қажетті оқулықтармен қамтамасыз етіп отырды.
Бобкиннің ұйымдастыруымен Зайсанда гимназия ашылды. Ұлдар және қыздар гимназиясы болды. Соның барлығына да сол заманның ауқатиты адамдары қаржы жұмсады. Алаштың идеяларын жүзеге асырды. Ағартушылықпен айналысты.
Сондай-ақ бұл қатарда ағайынды Бөгіс, Төгіс деген азаматар болды. Бұтабай болыстың баласы Зейнола деген зиялы адам болды. Олар қазақ елінің болашағы, білім алуы, дамуы үшін атсалысты. Қай уақытта болса да Алаш идеясын қолдады.
Саяси істердің барлығына да атсалысып отырған. Қазіргінің байлары секілді бизнесін дамытуды ғана ойлаған жоқ. Күллі қазақ халқының болашағын ойлады. Әсіресе, жерге, тілге байланысты мәселеде үнсіз қала алмады.
Сол секілді ел ішінде ағарту жүрізу мақсатында ақшасына газет-журналдар жаздырып отырған байлар болды. Татардың сол замандағы «Шура», «Уақыт» деген журналдарын алдыртып отырды.
Семейде енді шығып жатқан «Абай» журналы, «Сарыарқа» газетін қаржыландырып отырды. Демеуші болды. Осындай азаматтардың қаржылай қолдауының арқасында сол замандағы шығып тұрған мерзімді басылымдар Қазақ даласының кез келген өңіріне жетіп жатты.
Сол өңірден, ауылдан шыққан талантты жастарға қолдау білдіріп, білім алуына жағдай жасады. Сондай азаматтардың бірі - Отыншы Әлжанұлы. Ол осындай қазақ байларының қаржылай қолдауымен Орынбар қаласындағы мұғалімдер семинариясына оқуға түседі. Үлкен қайраткер блып шықты.
Бұл дәстүр әлсіз, жағдай жоқ әулеттерден шыққан қазақ балаларына үлкен жол ашты. Бағын ашып, тұлға болып танылуына жол ашты. Алаш байларының, қазақ мецанаттарының рөлі өте күшті болды. Сол Алаш мецанататры көзін ашып, оқуға жіберген зиялылары қазақ қалхының жеке ел болып қалыптасуына жол ашты. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақ елі осы осы қазақ.