×

Президенттің тапсырмасы ерекше балаларды қоғамға бейімдеуге жол ашып берді

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыға бірдей, тең мүмкіндік сыйлайтын инклюзивті қоғам қалыптастыру жайын жиі айтып жүр. 

Президенттің тапсырмасы ерекше балаларды қоғамға бейімдеуге жол ашып берді
Фото: aqiqat.kazgazeta.kz

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында осы тақырыпқа арнайы тоқталып, инклюзивті яғни ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім беру мәселесін көтерген болатын.

«Елімізде айрықша білім беру жүйесіне мұқтаж балалар көбейіп барады. Мұндай балалардың ата-аналары тиісті реабилитацияға қол жеткізу үшін айлап, жылдап кезек күтуге мәжбүр. Уақыт жоғалтып жатыр. Мұндай балалар дер кезінде көмек алып, сапалы қызметпен қамтылуы тиіс. Бұл кемшілікті жою үшін тез арада арнайы психолог мамандарының даярлануын қолға алу керек. Білім және ғылым министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы мақсатта іске кірісуі керек», - деп атап өткені белгілі.

Инклюзивті қоғам қалыптастыру - жалпыға бірдей жағдай жағдай қалыптастыру деген сөз. Яғни айрықша қажеттілігі бар немесе мүмкіндігі шектеулі жанның дені сау адамдармен бірдей білім алып, қатар жұмыс істеуі. Елімізде норма бойынша, барлық азаматтар конкурстық негізде қызметке орналасып немесе мемлекет есебінен тегін білім ала алады. Алайда кейбір жағдайларда мүмкіндігі шектеулі жандардың мұндай мүмкіндікке қолдары жетпей жататыны құпия емес.

Яғни бүгінге дейін елімізде мүмкіндігі шектеулі балалардың көп дүниеге қолы жетпей кәдімгі мектептерде білім алуына мүмкіндік бола бермеді. Мемлекет басшысының арнайы  тапсырмасынан кейін ғана аталмыш мәселенің оң шешімі табылып, жұмыстар жасала бастады. Көп ұзамай нақты жұмыстар қалға алынып, жұмыс тобы құрылды. Артынша арнайы құжат дайындалып, оған Тоқаев қол қойып, мөрін басты. Қабылданға құжат бойынша ендігі уақытта арнайы күтімді қажет ететін балаларға жекелеген бағыттар бойынша білім берілетін болады. Оның ішінде мұндай балалардың өзіндік ерекшеліктері, диагнозына қарай білім беру жатады. Яғн заңға сәйкес мемлекет мұндай балалардың өзіндік ерекшеліктері, диагнозына қарай білім беруге міндеттеме алып отыр деген сөз. 

Қазіргі уақытта мектепке дейінгі және орта мектептегі білім беру ұйымдары осы заң аясында құжат қабылдай бастады. Яғни мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуға қабылдауға болмайды деген шектеу алынып тасталды. Қазіргі уақытта мамандар арнайы оқулықтар мен қажетті оқу бағдарламаларын жасап жатыр. Әрі бұл жерде инклюзивті қажеттіліктер түгел ескеріледі. 

Статистикалық деректерге сенсек, қазіргі таңда еліміздің он жеті бірдей жоғарғы оқу орнында осы мақсаттқа арналған арнайы курстар ашылыпты. Мамандардың айтуынша, бұл орталықтар айрықша қолдауға мұқтаж балалардың қажеттіліктерін толықтай өтей алады. Ал жалпы ел бойынша ондай балалардың саны – 160 мыңнан асады екен. 
Өкінішке қарай бүгінге дейін мұндай  балалардың тек 23 пайызы ғана жалпы мектептерде білім алып келген. 

Қазіргі таңда елімізде бұл бағытта шешуді қажет ететін бірқатар мәселелер әлі де баршылық. Мәселен,кейбір жұмыс берушілер мен білім беру мекемелері мүмкіндігі шектеулі жандарды алуға онша ынталы емес. Осының салдарынан

Бүгінде еңбекке қабілетті мүгедектігі бар азаматтардың 36 пайызы ғана жұмыспен қамтылып отыр. Расы керек, Мемлекет басшысының бұл бастамасы яғни инклюзивті қоғам құру туралы тапсырмасы ерекше қажеттіліктері бар балаларды қоғамға бейімдеуге жол ашып берді. Қоғам да барлық баланың тең екенін ұғына бастады деуге болады. 

Тек білім беру салаларында ғана емес, әр түрлі үйірмелер мен дамыту орталықтарына жол ашылды деуге болады. Сондай-ақ концерттер мен қоғамдық шараларға да  толыққанды қатыса алады. Қоғам да мұндай балаллардың мәслесінің қаншылықты екенін түсіне бастады. Бұл әрине,қоғамдық қарым-қатынасты басқа арнаға бұрып,  адам баласын мейірімділік пен жанашырлыққа жалпы қоғамды жауапкершілікке итермелейтіні даусыз.
 

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14