×

Қазақ қоғамында мүгедектерді мүсіркеу орнына құрметтеу тенденциясы қарқын алып келеді

Қазақ қоғамында мүгедектерді мүсіркеу орнына құрметтеу тенденциясы қарқын алып келеді.

Қазақ қоғамында мүгедектерді мүсіркеу орнына құрметтеу тенденциясы қарқын алып келеді
Фото: pixabay.com

Оған соңғы жылдары еліміздегі әлеуметтану саласындағы қолға алынып жатқан жобалар әсер етіп отыр.

Сенатор Ләззат Қалтаева – мүмкіндігі шектеулі адамдардың бірі. Бірақ соған қарамастан биік белестерді бағындырып, парламент депутаттардың бірі атанған тұлға. Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғауды басты орынға қойған ол әйелдердің репродуктивті құқықтарына ерекше ден қойып келеді. Айтуынша, біздің елде арбаға таңылғандарға көп жағдайда туған-туыстары қызмет көрсетеді. Ақпаратты төрт қабырғаның ішінде отырып, тамыр-таныстары арқылы біледі. 

Бұл дегеніміз - адамның өзіндік пікірі қалыптаспай, шын мәнінде мүмкіндікті одан әрі шектеп тастау деген сөз. Ал шетелде жағдай басқа. Фин халқындағы мүгедектердің тұрмыс-тіршілігін зерттей келе, ондағы әдіс-тәсілдерін елімізге енгізілген. 

Осының нәтижесінде Сенатор Ләззат Қалтаева мүгедек әйелдерге арналған "Шырақ" қауымдастығын құрған. БҰҰ ЮНИСЕФ және өзге де бөлімшелеріндегі мықты мамандар тарапынан кеңес беру және моральдық тұрғыда қолдау көрсету тәрізді көмек көрсетіледі. Мұндай орталықтарға иек артып, көп ақпарат алуға болады. Сол себепті, сенатор осы әдісті қолға алу мақсатында қайырымдылықтан бас тартқан. 

Оның ізін ала "Мүгедектерге арналған тәуелсіз өмір сүру мектебі" ашылды. Мұнда келген мүгедектер бір апта бойы қала сыртындағы лагерге жіберіледі. Оқушыларға мұнда өз-өзіне қызмет көрсетуді меңгереді, кейбір жұмыстарды өздері-ақ атқаруға тырысады. Нәтижесінде, қолдарына ақша беріліп, жақын маңдағы дүкендерден өз беттерінше азық-түлік алып, сауда жасап өз бетінше өмір сүруге бейімделеді.

Мұндай жекелеген үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік деңгейде қабылданған ірі шаралардың арқасында мүгедектерге арналған көзқарас қазір айтарлықтай өзгерген. Қоғам мұндай адамдарға бұрынғыдай мүсіркеп қарайтынды қойған. Керісінше, құрмет тұтып, кей жағдайларда тіпті үлгі еткен жағдайлар да жоқ емес. Себебі, тәжірибеден мүгедек жандардың қазір атқарып жүрген істерін аяқ-қолы сау, екінші адам жасай алмай жүрген сәттерін де көз көріп жүр. 

Бұрынғы өз-өзіне сенімсіз, төрт қабырғада қамалған мүгедек жандар, әсіресе нәзік жандар "қапастан" шығып, білім алып, көкжиегін кеңейтіп ел дамуына үлесін қосып келеді. Отбасын құрып, бала туып өсіп-өнуде. Бұрын тек ауруханалар мен әлеуметтік органдарды жағалап жүргендердің шығатын ортасы кеңейді. Қазір оларды кез келген жерде кездестіріп жүрміз. Қоғамның да оларға көзі үйреніп, оларды қабылдауы жеңілдеп, әлдеқайда жақсарған. Бұны көріп көз қуанады. Көптеген әйелдер мықты суретші, жақсы жазушы, табысты кәсіпкер тәрізді өздерін жетілдіріп жүр. Мемлекеттік тұрғыда да мүгедек жандарға арналған ауқымды істер атқарылуда. Қазақстан мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы туралы конвенцияның факультативті хаттамасын ратификациялады. Яғни, мүмкіндігі шектеулі жан сот шешімімен келіспейтін болса, Халықаралық соттың көмегіне жүгініп, Женеваға арыз жолдай алады. Бұны қамкөңіл жандарды қолдаудың ең негізгі алғышарттарының бірі деуге келеді. Әрі халықаралық аренадағы Қазақстанның имиджіне айрықша әсер ететін оң шешім деп айта аламыз. Мүндай қадамдар мүгедектерді түсіну, аяу тұрғысынан өтіп, оларға тең құқылы адам ретінде қарауға мұрындық болды. Мүгедек дегеніміз - тек жәрдемақы алатын адам ғана емес, конституциялық құқығы, одан әрі дамуға хақы бар азамат! Ал өткен жылдан бері елімізде Әлеуметтік кодекс өз күшіне енді. Еуроодақтың әлеуметтік кодексі негізінде әзірленген құжат туғаннан бастап, кәмелеттік жасқа толу, жұмысқа орналасу, еңбек қауіпсіздігіәлеуметтік сақтандыру, өмірдің қиын жағдайларындағы көмек, қарттарды қолдау тәрізді жайттарды қамтиды. Ең ұтымды тұсы ретінде, "Отбасының цифрлық картасы" жасақталып, қағасбастылықты айрықша азайтып, жәрдемақы мөлшерін көбейтті. ерекше тоқталып өтетін тағы бір тұсы, мүгедек жандардың туыстары олардың жеке көмекшісі ретінде тіркеліп, жалақы алып, әлеуметтік жарналарға тап болды.
 

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14