×

Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл

Биыл қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, ақын Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл.

Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл
Фото: martebe.kz

Осыған байланысты Астана төрінде «Арқаның ән-күй мұрасы» атты дәстүрлі өнер кеші өткені белгілі. Рухани кешті «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығы ұйымдастырған.

Әйгілі әнші-композитордың 190 жылдық мерейтойын арқау еткен әні кешіне Жанғали Жүзбай, Ерлан Рысқали, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Құмарбек Қалқатай, Раушан Оразбай, Айзат Қарабек сынды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері қатысты. 

Әнші-композитор, ақын Біржан сал Қожағұлұлының (1831-1894) шығармалары қазақ халқының ХІХ ғасырдағы музыкалық мәдениетінің классикалық мұрасы қатарынан орын алады. Біржан әндері оның замандастары - Абай, Ақан сері, Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Ықылас т. б. туын- дылары тәрізді, міне, бір ғасырға жуық уақыт бойы халық жадында қастерлене сақталып келеді, халық әншілерінің, маман әншілердің репертуарларында көрнекті орын алуда. Біржан әндерінің халық арасында өте-мөте кең жайылуы әнші-акын талантының ерекше қуаттылығымен, өз дәуірін- дегі коғамдық өмірдің шындығын ұлттық көркемдік кұралдарымен бейнелеу қасиетіне байланысты. 

Әнші-ақын өз шы-ғармаларында халықтың музыка тіліндегі әуендерін шебер меңгере, бойына толық сіңіре отырып, оларды мүлдем жаңа интонациялармен байытты, ладтық жағынан, өлшемдік-ырғақтық құрылыстарымен түрлендіре түсті. Біржан әндері таза музыкалық үздік сипатымен қатар, әлеуметтік мазмұнымен де бағалы. 

Алуан түрлі тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты Біржан әндері тікелей өз орындауында, өзіндік сөз не әуен жазбаларымен біздің дәуірімізге жете алған жоқ.

Біржанның әндері алғаш рет 20 - жылдары жазылып, жинала бастады. А. В. Затаевичтің «Қазақ халкының 1000 әні» (М., 1925), «Қазақтың 500 әні мен күйі» (Алматы, 1931) сиякты тамаша еңбектерінде әншінің бірсыпыра негізгі туындылары жарық көрді. 30-жылдарда М. Төлебаев жазып алған Біржан әндерін өнер ғылымының кандидаты Н. С. Кетегенова жеке жинақ етіп шығарды. («Мақпал». М. Төлебаев жазып алған 100 ән. Алматы, 1979.)

Ал профессор Б. Г. Ерзакович Біржан әндерін 1932 жылдан бері жазып алып, жинап келеді. Ол әндердің біразы «Қазақстанның халық әндері» (Алматы, 1955), сондай-ақ «Біржан сал Қожа- ғұлұлы, Әндері» (Алматы, 1959, құрастырып, алғы сөзін жазған М. Майшекин) жинақтарында жарық көрді.

Біржан әндері 1955 жылдан бастап халық әндері жинақтарында (1959, 1962, 1963, 1975 т. т.) үзбей және көптеп жарияланып келеді. 1967 жылы Біржан шығармаларының әзірге ең толық жинағы Е. Ысмайылов пен Қ. Қаңтарбаев- тың құрастыруымен басылып шықты.

Біржанның бірсыпыра әндері мен сөздері халық арасында ұзақ уақыт ауызша сақталғандықтан, бірнеше вариантта кездеседі. Бұл - табиғи құбылыс. Өйткені әрбір әнші өзінің әр әнді орындау, сақтау барысында оған азды-көпті өзгерістер енгізіп отырған.
 

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14