×

Тоқаев: Еліміз сын сағатта өзінің берекесін көрсете білді

Биылғы тосыннан келген су тасқыны Қазақстан халқын одан сайын біріктіріп жіберді. Айналасы айға жуық уақыттың ішінде 10 бірдей облыста төтенше жағдай жарияланып, қиын жағдай қалыптасты.

Тоқаев: Еліміз сын сағатта өзінің берекесін көрсете білді
Фото: akorda.kz

Ұзын-саны 19 мыңнан астам тұрғын үйді су басып, мыңдаған адамның өміріне қауіп төнді. Осындай қиын-қыстау сәтте күллі республика халқы бір жқұдырықтай жұмылып, бесіктегі баладан еңкейген қарияға дейін күштік құрылымдар, құтқарушылармен бірге алдыңғы сапта тұра білді. Құм тасыды, бөгет тұрғызды, ор қазды. Бұдан бөлек Ұлттық еріктілер желісі құрылып, әлдің әрбір өңірінде елу мыңнан астам волонтер көмек керуендерін ұйымдастырды.

Әрине, қарапайым азаматтардың жанқиярлық еңбегі мен ерліктері елеусіз қалған жоқ. Тасқынға қарсы жан аямай күрескен осындай азаматтар алғысқа ие болып жатыр. Тіптен біразы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан марапат алды. Мемлекет басшысы да отан үшін отқа түсуге даяр болған мұндай азаматтардың өте көп болғанын атап өтіп, арнайы 
ризашылық білдіріп, күллі республика халқының атынан алғыс айтты.

«Расында өте ауыр сынақты бастан өткердік. Дегенмен әр нәрсенің қайыры бар демекші, еліміз сын сағатта өзінің берекесін көрсете білді. Тосынна келген табиғат апатына күллі жұрт болып жұмылдық. Бір тұтас ел екенімізді көрсеттік», - деді Мемлекет басшысы.

Ақордаға келіп Президенттің қолынан арнайы марапат алған жандардың бірі  -  Әлия Досмұханова есімді Атырау тұрғыны. Әлия өзінің мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан, тосыннан келген тасқынның алғашқы күнінен бастап құтқару қызметімен бірге болады. Ала таңнан күн батқанға дейін тынбастан қаптарға құм толтырып, Жайықтың жағасын буған қарғын сумен тынымсыз күресіп жатқан құтқарушыларға қол ұшын берумен болады. Одан қалса, еріктілерге арнайы ас дайындап, ыстық шай ұсынып отырған. 

Осылайша өзінің қажырлылығымен асау Жайықты ақтарылып түсуден сақтап қалуға үлес қосқан Әлия Досмұханова Ақордада өткен салтанатты жиында ел президентінің қолынан «Құрмет» орденін алады. 

«Лагерь ұйымдастыру идеясы кездейсоқ келді. Мен жай ғана маңайда жүруді шештім және жігіттердің күні бойы сумен қалай күрескенін көрдім. Сәуір айы, күн суық. Олардың түскі асқа уақыты жоқ. Мен оларға кем дегенде бірдеңе көмектесу керек деп шештім, оларды ыстық нәрсемен тамақтандыру керек.

Үй-үйді аралап, тамаққа ақша жинадық. Көмектесемін дегендер көмектесті. Барлығы міндетті емес. Бірақ көшеде балаларды тамақтандыру қиын болып шықты: суық болды, тамақ тез суыды. Сөйтіп, шатырды жалға алдық, жігіттер соны орнатты. Олар шатырды қолдарынан келгенше оқшаулады - олар үйден кілемдер мен жақтауларды әкелді, үстелдер мен ыдыстарды қойды. Одан кейін еріктілер тартылды. Олар бізге азық-түлік пен басқа да қажетті заттарды ала бастады. Нөмірімізді қалдырып, бірдеңе керек кезде хабарласатынбыз.

Мен бір күн қалдырған жоқпын, жұмыс біткенше сонда болдым. Бұл оңай болған жоқ. Алғашқы 15 күнде тамақ 6 қазанда дайындалды, өйткені адам көп - 1000-ға жуық адам болды. Әйелдер ауысыммен жұмыс істеді. Содан кейін жағдай төмендей бастады және оңайырақ болды», - дейді Әлия Досмұханова.

Әлия секілді қиын сәтте елмен бірге болған тағы бір сондай жанның бірі  - Қалимұрат Сариев. Сариев шаруа қожалығының жетекшісі. Ол Батыс Қазақстан облысындағы Аққозы ауылдық округі топан судың астында қалғанда жұртты өзінің тракторымен қауіпсіз жерге көшірген.

«Бұл менің ғана еңбегім емес. Бәріміз бір-бірімізге көмектестік. Кәсіпкерлер, басқа да кәсіпорындар, мемлекеттік органдардың басшылары бірлесе әрекет еттік. Біз бірігіп, бәрін тез ұйымдастырдық – су тасқынына осылайша қарсы тұра алдық», - дейді ол.

Сол ерлігі үшін «Құрмет» орденіне ие болды.  

Жалпы су тасқынымен күресуге тек құқық қорғау органдарының 60 мыңнан астам қызметкері жұмылдырылды. Олар 120 мыңнан астам қазақстандықты дер кезінде эвакуациялап үлгерді.

Мемлекет басшысы салтанатты жиында қарапайым жұмысшылар, волонтерлер,  дәрігерлер, құтқарушылар, белсенділер, әскери қызметшілер, сондай-ақ кәсіпкерлер мен ірі бизнес өкілдері бар ұзын-саны 73 адамның қолын қысып, рахмет айтты.
 

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14