×

Алғашқы қазақ жоғары оқу орындары

Кезінде қазақ жастары Мәскеу, Петроград, Қазан, Омбы, Баку, Ташкент қалаларындағы педагогикалық оқу орындарынан білім алып келетін.

Алғашқы қазақ жоғары оқу орындары
Фото: egemen.kz

Тарихи деректерге сүйенсек, 1922-1923 оқу жылдары аралығында аталмыш оқу орындарында қазақ даласынан 800-дей студент барып оқыған. Олардың жүзі Мәскеуде білім алса, 130-ы Петроградта оқыған. Тағы 80-і Омбыда болса, 100-ден астам қыз-жігіт Тәшкентте білім алады. Сол секілді Қазан қаласында да 40 қазақ баласы білім алған екен. Ал 1923-1924 жылдары 450 адам барып білім алып қайтқан. 

Қазақ даласындағы халық ағарту ісі мен білім беру деңгейінің өсіп, өркендеуі дәл осындай қиын жағдайда жүріп жатқан еді. Себебі, қазақ даласында кәсіби мамандар дярлайтын оқу орындары өте аз еді. 

Қазақ далысының рухани орталығы болған Түркістан өлкесінің өзінде 1879 жылы ашылған Ташкент мұғалімдер семинариясы мен өзге қалаларда ашылған қалаларда ұсақ кәсіптік мектептер ғана болды.

Осыған байланысты өз халкының қамын ойлаған қазақтың алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдерін аймақта жоғарғы оку орнын кұру кажеттігі мәселесі толғандырып отырды. 
1913 жылы 2 ақпанда Санкт-Петербург қаласында В.В.Бартольдтің төрағалығымен өткен «Оқушы түркістандықтарға көрсетуші Қоғам Комитетінің» кезекті отырысында С.М.Лапин «Түркістандағы халык ағарту ісінің хал-ахуалы» атты баяндама жасап, онда өлкедегі білім беру саласын көтеру үшін, жергілікті халыққа арнап жоғары орнын ашу қажеттілігіне тоқталады. Бұл мәжіліске мүше ретінде М.Шоқай да қатысып, С.Лапинді колдап сөз сөйлейді. 
Бұл қазак зиялыларының орыстың либералды-демократиялық интеллигенциясымен біріге отырып, Түркістан өлкесінде жоғары оку орны кұру мақсатындағы алғашқы қадамы еді. 
1917 жылдың 15-22 қарашасында Сырдария жене Жетісу облыстарының өкілдері қатыскан Кеңестердің Өлкелік II сиезінде делегеттар Түркістанда жоғарғы оку орындарын ашу туралы арнайы шешім қабылдайды.
1918 жылы 19 кантардагы IV Түркістандык төтенше сиезде Туркістанда Халык университетін құру туралы және оған бұрынғы әскери училищенің ғимаратын беру жөнінде резолюция жариялайды.

Сиездің жоғары оку орнын ашу жөніндегі шешімі негізінде 1918 жылдың акпанында болашак университет Жарғысының жобасы бекітілді. Алайда университеттің құрылуы өте киын жағдай та өтіп жатты. 

1920 жылдың бірінші жартысында Түркістан университетінде 1 314 студент болды, олар әлеуметтік-экономикалық, тарихи-филологиялык, жаратылыстану-математика, ауылшаруашылық, техникалык және медициналық сиякты алты факультетте білім алды. Университеттегі жұмыс киын жағдайларды жүргізілді.

1923 жылғы 19 шілдеде университеттің атауы Орта Азия мемлекеттік университеті болып өзгертілді. 1924 жылы Шығыс институты Орта Азия мемлекеттік универитетінің қарамағына факультет ретінде беріледі.

1929 жылы жанадан маркстік мамандарды даярлау мақсатында тарихи материализм кафедрасы құрылады. Онда әлеуметтік-саяси пәннен дәріс оқыту үшін университетке арнайы түрде Орталықтан қызыл профессорлар Институтын бітірген орыс окытушылар шақыртылады.

20 жылдардың аяғында университет түпкілікті өзгерістерге ұшырайды. Оның факультеттерін тексеру мақсатында арнайы комиссия құрылып, университтің болашақтағы тағдырын шешіп береді. Әсіресе, Шығыс факультеті жан-жақты тексеруге алынады. Комиссияның жасаған корытындысында «Шығыс институтының оку жоспалары өмірден алыс және студенттердің назарын көбінесе Шығыс тілдері Шығыстың әр түрлі «тарихына» аудару үшін құрылған. Орта Азияның жаулағанға дейінгі кезеңге үлкен мән беріліп, революция тарихы нашар көрініс тапқан» деп жазылады.

Кеңес большевиктері тарапынан жүргізілген жазалау шаралары шығыстану саласы және жергілікті ұлттардың ана тілі мен әдебиетінің дамуына тоскауыл болып, үлкен кедергі келтірді. Өйткені ана тілі және әдебиеттен сабак беретін оқытушыларды дайындау міндетін шығыстану факультеті аткаруға тиіс еді. Дегенмен осыған қарамастан университеттің алдында тікелей міндет барлык Ортаазия республикалары және Қазақстан үшін жоғары білікті кадрларды дайындау міндеті тұрды. Бұған 1924/25 оку жылында университетте Қазакстаннан 927 студент, оның ішінде 288 қазақ студенті окығандығы куә бола алады.
Осылайша Орта Азия мемлекеттік университеті шын мәнінде республикааралық жоғарғы оку орнына айналды.
 

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14