×

Шетелдерде отандық университеттердің филиалдары ашылады

Соңғы кездері беделді шетелдік оқу орындарының Қазақстаннан филиалдарын ашу оқиғалары жиіліген.

Шетелдерде отандық университеттердің филиалдары ашылады
Фото: egemen.kz

Расын айту керек бұл Қазақстанның әлемдік қауымдастық алдындағы беделінің өскенін көрсетсе керек. 

Жақында Жезқазғанда Канада университінің филиалы ашылады деген ақпарат шықты. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, ашлығалы отырған жаңа оқу орны  қоршаған орта, компьютерлік техника және металлургия саласына қатысты болмақ.

«Қазір Үкіметің аранйы қаулысы шығып, арнайы жұмыс тобы құрылды. Жер телімі реттеліп, Канада университеттерімен оқытылатын оқу бағдарламалары мен пән түрлері нақтыланып жатыр», - дейді Саясат Нұрбек. 

Министрдің айтуынша, Ұлытау өңірінде ашылғалы отырған бұл университет халықаралық стандарттарға сай болмақ. Алайда ол бірден халықаралық деңгейдегі жоғарғы оқу орнын құрудың оңай еместігін айтады. 

«Қазіргі уақытта осы мақсатта 90 млн теңге бөлініп отыр. Біраз уақыт қажет болады. Сонымен қатар, канадалық серіктестерімізге тіл ілу керек деген талап қойып отырмыз. Осы себепті ең алдымен бізге келетін мамандарды тіл курстарына қабылдаймыз.  Ал негізгі дайындық жұмыстары келесі жылы басталады», - дейді ол.

Бүгінгі таңда елімізде әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орындарының 14 филиалы жұмыс істеп тұр. Бұл тізім жыл өткен сайын толыға түспек. 

«Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай елімізде беделді шетелдік университеттердің кемінде 5 филиалын ашуды тапсырған болатын. Қазіргі таңда 20 жуық мықты шетелдік университет Қазақстанға шақырылды. Биыл жаңа оқу жылында тағы 8 филиал ашылады», - дейді С. Нұрбек. 

Министрдің мәліметіне сенсек, жақын уақытта Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында Қытайдың Солтүстік-батыс политехникалық университетінің бөлімшесі ашылмақ. Мұнда инженер мамандарын даярлайтын магистрлік курс болады. 

Сонымен қатар,  Гонконг қаласы университетінің филиалын ашу жоспары бар. Аталмыш оқу орнының филиалы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің базасында болады.  
Айтпақшы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне қатысты да үлкен жоспар жасалып жатыр. Нақты айтар болсақ, ол жерде Түркиядағы атықты Гази университетінің филиалы ашылмақ. 

Сол секілді Астана Халықаралық университеті де Бейжің тілдер және мәдениет университетін қабылдауға өтініш білдірген. 
Министрліктің жазуынша, М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында Д. И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің филиалы, Нархоз университеті базасында Ирландиялық Квинс университетінің филиалы ашылмақ.

Сондай-ақ, болашақта Оңтүстік Кореяның КАИСТ және Вусонг университеттерімен ынтымақтастық орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. 
Министрдің айтуынша, 2029 жылға қарай елдегі шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ел экономикасына үлес қосатын кемі екі мыңнан асатын жоғары білікті маман даярлайды деген жоспар бар. 
Айтпақшы, отандық оқу орындары да шекара асып,  әлемдік деңгейдегі университеттердің базасында өз филиалдарын ашып жатқанын да айта кету керек. Министрліктің ақпараты бойынша, жақын күндері Ресей аумағында қазақстандық университеттердің бірінің филиалы ашылады.

«Ресейдің, әсіресе Орынбор және Омбы секілді қазақтар тұратын қалалардан сөтініштер келіп түседі. Осы мақсатта Ресейдің Ғылым және жоғары білім министрлігімен аранйы келіссөздер жасалды. Ұсынысымыз  қабылданып, Омбы мемлекеттік университетінің базасында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филиалы ашылады деген келісім жасастық.  Бұл Ресейдегі алғашқы толыққанды филиал болмақ. Дәл осындай келіссөздер Қытай тарапымен де жүргізіліп жатыр», дейді Саясат Нұрбек.

Бірнеше жылдан бері Қырғыз елінің астанасы Бішкекте Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филиалы жұмыс істеп тұрғанын айту керек. 
 

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14