×

Жайлы мектеп жұртқа жағып тұр

Соңғы кездері елімізде білім беру саласында үлкен жұмыстар қолға алынып жатыр.

Жайлы мектеп жұртқа жағып тұр
Фото: syrboyi.kz

Бөлінетін қаржы да біршама ұлғайып, білім беру ошақтарының саны да көбейіп жатыр. Бірақ соған сәйкес мектепке баратын балалардың саны да ұлғайып келеді. Бір ғана Астана қаласының өзінде бірінші сыныпқа баратын оқушылардың саны жылына жиырма мыңға көбейеді екен. Бұл әрине мектеп мәселесін туындататын даусыз.

Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, елордада жаңа мектептердің саны да айтарлықтай өскен. «Қазіргі уақытта біз 100 мыңға жуық оқушыға арналған 32 мектеп салудамыз, оның ішінде осы жылдың соңына дейін 64 мың орындық екі ауысымды 23 мектептің құрылысын аяқтаймыз», - дейді Жеңіс Қасымбек. Олардың алтауы Есіл ауданында салынып жатыр. Төртеуі Нұра ауданы, үшеуі Алматы, екеуі Сарыарқа ауданында. Бұлар жалпы мектептер.

Мемлекттік мектеп есебінде бес оқу орны (Байқоңыр ауданы 1, Нұра  ауданы 2, Алматы ауданы 1) салынуда. 
Тағы үш жекеменшік мектептің (Есіл ауданы 2, Алматы ауданында 1) құрылысы да осы жылдың соңына дейін аяқталмақ.
Сондай-ақ ол бас қаладағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының да сәтті жүріп жатқанын айтады. Бір ғана Астананың өзінде «Жайлы мектеп:» ұлттық жобасы аясында  8 бірдей мектептің жұмысы қызу жүріліп жатыр.

«Есіл ауданында бір ауысымды 3 мектептің жұмысы жүріп жатыр. Бұл мектептерде 7800 оқушы білім алады. Мектептердің біреуі Орынбор көшесі мен №37 «SOHO» тұрғын-үй кешенінде. 

Екіншісі Мәңгілік Ел даңғылы мен Е 497 көшесі қиылысында. Ал үшіншісі - Қабанбай батыр көшесі және Сығанақ көшелері қиылысы. «Поколение» тұрғын-үй кешені аумағы;

Сол секілді Нұра ауданында да 4000 оқушыға арналған бір  ауысымды екі мектептің жұмысы жүріп жатыр. Бірі  - Төле би көшесі («Зеленый квартал» ТҮК) аумағында орын тепсе, екіншісі,  Қорғалжын тас жолы бойында орналасқан. 

Сарыарқа ауданы бойынша айтар болсақ, екі мектептің жұмысы жүріп жатыр. Біреуі Көктал елді мекенінде болса, екіншісі - С-189 көшесі мен «Земляничная» саяжай алабында салынып жатыр. Бір ауысымды бұл мектептерде бір мезетте 4000 оқушы білім алады. 

«Сол секілді Алматы ауданындағы  А.Байтұрсынұлы көшесінде де  600 оқушылық  бір ауысымдық мектеп салынып жатыр. Байқоңыр және Нұра аудандарында да үш мектеп болмақ болашақта», - деді елорда әкімі.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы өзге өңірлерде де жақсы қолға алынып жатыр. Жақында Мемлекет басшысының қабылдауында болған Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірдегі әлеуметтік мәселелердің де шешіліп жатқанын атап өтті. Әкімнің айтуынша, әсіресе үш ауысымды мектептердің мәселесі де назардан тыс қалып отырған жоқ.   «Өткен жылы 13,8 мың орындық 13 мектептің құрылысын аяқтап, пайдалануға бердік. Алдағы жылға дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қала аумағында тағы да 53 білім ошағын салу жоспары  бар», - дейді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Айтпақшы, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы Павлодар өңірінде де қолға алынуда. Мәселен,  Павлодар қаласында екі бірдей мектеп салынып жатыр. Бұл білім беру ошақтары 1600 орынға есептелген. Әкімдіктің мәліметінше, құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталмақ.

Тағы бір айта кетерлігі, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы Премьер-министр Олжас Бектеновтің тікелей қадағалауымен іске асырылып жатыр.

Жалпы, 2024-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба аясында Қазақстанда қосымша 369 білім ошағына салу жоспарланған. 

Өз кезегінде Алматы өңірінде 2024-2025 жылдары аралығында жайлы мектеп жобасы аясында тағы 53 білім беру мекемесі салынады. Биыл 600-ден 1500 орынға дейінгі әр түрлі сыйымдылығы бар 26 жайлы мектепті пайдалануға беру жоспарлануда.

Ұлттық жобаның шарттарына сәйкес, барлық жайлы мектептер күшейтілген қауіпсіздік шараларын, тиісті инфрақұрылымды және оқушылар мен мұғалімдер үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін бірыңғай стандарт бойынша салынады.
 

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14