×

Білім саласы жүйеленіп келеді

Елімізде келесі жылдың соңына дейін тағы мың мектеп жаңғыртылатын болды. Бұл жерде негізгі басымдық шағын қалалар мен ауылдардағы білім ошақтарына берілмек. 

Білім саласы жүйеленіп келеді
Фото: abai.kz


Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, аталмыш жоба Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылады әрі тікелей президенттің бақылауында болмақ. Соңғы тексеру жұмыстары шалғайдағы білім ошақтарына көптен бері жөндеу жұмыстары жаслмағанын көрсеткен. Осының кесірінен ауылды жерлердегі оқушылардың білім деңгейі біршама төмендеген. Себеп материалдық-техникалық база жетіспейді, соның ішінде пәндік кабинеттер, мектеп жиһаздары, асхана, кітапхана секілді жайттар бар. 

Жаңғырту және модернизациялау жұмыстары қала мен ауыл мектептері арасындағы білім алшақтығын біршама азайтуға, сондай-ақ оқушыларға сапалы білім, жоғары тәрбие беруге жол ашады деп күтіліп отыр. 
Осы мақсатта алдағы бір жарым жыл ішінде  712 мектеп күрделі жөндеуден өткізіледі. Тағы 532 мектепке пәндік кабинеттер жасақталмақ. Олардың саны мыңға жуық (химия, физика, биология, STEM, роботехника және басқалары) болады деп күтіліп отыр. Сондай-ақ,  574 мектептің жиһазы тозғаны анықталған. Осы аралықта аталмыш оқу ордаларының түгелдей жиһазы жаңартылады. Сол секілді 481 мектептің асхана мәселесі шешіліп, 757 білім ордасының кітапханасы қайта жаңғыртылады. Бұл жұмыстар жалпы айтқанда 366 мың оқушының білім үлгерімін жақсартуы тиіс.  

Жалпы соңғы жылдары елімізде білім беру саласына қатысты біршама дүниелер қолға алынып жатыр. Тек мектептер ғана емес мектепке дейінгі білім беру саласында жасалып жатқан дүниелер аз емес. Нақты айтар болсақ, биыл жыл соңына дейін жалпы ел бойынша тағы 229 балабақша күрделі жөндеуден өткізіледі деп күтіліп отыр.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде ел аумағында 11 346 мектепке дейінгі білім беретін мекеме бар екен. Биыл солардың 229-ына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліледі. Ал өткен жылы тағы осындай 198 нысан жаңғыртылған.

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына көңіл бөліп, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу -  болашақ ұрпқатың оқу үлгерімін жақсартуға бағытталғанын айта кету керек. Мәселен, өткен жылдың соңында ұзын-саны екі жүзге жуық нысан күрделі және ағымдағы жөндеуден өттті. Базасы жаңартылып, компьютерлік техникалар алынды.Бүгінде мемлектіміз жас буынның оқуы мен дамуы үшін барынша жағдай жасауға тырысып отыр. Мектепке дейінгі ұйымдарды жөндеу – болашаққа салынған инвестиция болып саналады, біз оны әрбір бала үшін жарқын әрі табысты етуге ұмтыламыз», - деді мектепке дейінгі білім беру бөлімінің директоры Манар Адамова.

Сонымен қатар, елімізде балабақшалардың жаңа желілері ашылып, кеңейіп жатыр. Соңғы 3 жылдың өзінде ғана мектепке дейінгі ұйымдар желісі 801 мекемеге ұлғайған. Осындай жұмыстардың арқасында соңғы 5 жылда балабақша кезегі екі есеге қысқарып, 2 мен 6 жас аралығындағы балалардың үлесі 91 пайызға жеткен.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, алдағы уақытта бұл көрсеткішті 92,5 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.
 

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14