×

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қазақтың мерейін арттырады

Биыл еліміз бірқатар мерейтойлық даталарды атап өтті.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қазақтың мерейін арттырады
Фото: ашық дереккөзден

Солардың ішінде Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы, Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы, «Қыз-Жібек» операсының 90 жылдығы секілді айтулы оқиғалар бар. Сондай-ақ  ел халқы Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен даңқты жерлесіміз Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығын атап өткені белгілі. Айтпақшы, келер жылы Рейхстаг үстінде Жеңіс туының желбірегеніне 80 жыл толады. 

Тәуелсіз қазақ елінің тарихында орын алғалы отырған тағы бір оқиға – халықаралық Көшпенділер ойыны болғалы отыр. Осымен бесінші рет өткізіглеі отырған әлемдік бәсеке биыл Қазақ елінің елордасы Астана қаласында өтпек. Оған әлемнің жүзден астам мемлекетінен 4 мыңғнан астам спортшы келіп қатысады деп күтіліп отыр. Ал V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-14 қыркүйек аралығында өтпек. Аталмыш ойынды 100 мыңнан астам турист келіп тамашалайды делініп отыр.

Елімізде аталмыш байрақты бәсекеге қызу дайындық жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта ресми логотипі мен ұрансөзі таңдалынып алынды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жолғы ойынның жүлде қоры да қомақты болмақ. 

Жалпы жүлде қоры 253 млн теңгені құрап отыр.Жарыс командалық спорт және жекелеген спорт түрлері бойынша өтеді. Көкпар және көк-бору спорты командалық есеппен жүреді. Жеңімпаз деп танылған командаға 10 млн теңге сыйақы беріледі. Ал екінші орынға табан тіреген командаға 6 млн теңге, ал қола жүлде алған команаға 4 млн теңге берілмек. Қалғандары жекелеген спорт түрлерінен болады. Бұл бойынша айтар болсам, жеңімпаздар 500 мың теңгеден алады деп отырмыз, екінші орын иеленгендер 300 мың теңгеден берілсе, қола жүлдегер 200 мың теңгеден сыйақы алады, - дейді 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров.

Айтпақшы, ат спорты түрлеріне берілетін жүлде қоры да бөлек есептеліп отыр. «Ат спорты түрлерінде жүлделер біршама көп. Бәйге жеңімпазына 2 млн теңге, жорға, құнан бәйге, топ бәйге жарыстарында 3 млн теңгеден, аламан бәйгеде 5 млн теңгеден беріледі, - дейді Наиль Нұров.

Сондай-ақ ол жеңімпаздар мен жүлдегерлердің арнайы дайындалған медальдармен мараптатталатынын айтты. Медальды «Promo prestige» компаниясы дайындаған. 

«Медалдар қола қорытпасынан жасалған. Ортасында ойындардың логотипі болады. Медальдың сұлбасы ұлттық нақышта жасалған», - дейді Наиль Нұров. 

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген болатын. 
Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың айтуынша, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жалпы саны 21 спорт түрінен жарыс өтпек. Оның  тең жартысы қазақтың ұлттық спорт түрлеріне қатысты болмақ. 

«Қазіргі уақытта 89 елдің делегациясы ресми түрде қатысатынын растады. Сондай-ақ 2500-ден астам спортшы келетінін растап отыр. Қала әкімшілігі де толықтай дайын жағдайда отыр. Ұзын саны 32 қонақ үйді дайындап отырмыз. Ойынның ашылу салтанаты 8 қыркүйек күні “Астана Арена” стадионында өтеді,-дейді Серік Жарасбаев.

Ойын тарихы
Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының тарихы 2014 жылдан бастау алады. Алғашқы үш ойыны Қырғыз елінде өтті. Атап айтар болсақ, 2014, 2016 және 2018 жылдарындағы алғашқы ойындары Шолпан Ата қаласында өткен болатын. Кейін Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына өзге елдер көңіл аудара бастады. 2022 жылы Түркияның Изник шаһарында болып өтті.
Бесінші толқыны биыл Қазақстанда өткелі отыр.  Олардың қатарында ат жарысы, саятшылық, ұлттық күрес түрлері, садақ ату секілді спорт түрлері бар. 
 

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14