×

«Алашорда ісі. 1920-1940 жж. Құжаттар мен материалдар» атты көптомдық дайындалып жатыр

Елімізде «Алашорда ісі. 1920-1940 жж. Құжаттар мен материалдар» атты көптомдық дайындалып жатқаны белгілі.

«Алашорда ісі. 1920-1940 жж. Құжаттар мен материалдар» атты көптомдық дайындалып жатыр
Фото: ашық дереккөзден

Жиырмасынша ғасырдағы қазақ даласында болған зұлматты оқиғалардың картинасын жаңартады делініп отырған бұл жинақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси қуғын-сүргін құрбандарын толықтай ақтау мақсатында мемлекеттік комиссия құру туралы тапсырмасынан кейін қолға алынғанын айта кету керек. 

Бүгінге дейін аталмыш комиссияның орталықтың қорын миллионнан астам іс келіп түскен. Зерттеу барысында 1928-1929 және 1920-1930 жылдардың басында қуғын-сүргін нысана ретінде алынған. Орталық комиссияның ресми мәліметіне сүйенсек,сол кездегі ірі мал иелері  бірінші санат, болыстар мен билеушілер екінші санат бойынша қудалауға ұшыраған. Бірінші топ бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған байлардың 65,71 пайызы кәмпескеге ұшырап, қуғын көрген. ал екінші топ бойынша қуығ көргендердің  34,29 пайызы мал-мүлкінен түгел айырылып, жер аударылған, атылған, лагерге қамалған. 

Белгілі жазушы, аштық зерттеушісі Табыл Құлиястың жазуынша, қуғын-сүргін өте қарабайыр, қолдан жасалған айыптаулар, ойдан шығарға фактілер бойынша жүргізіле берген. Ол осындай жайтты өзінің Қанжоса ғасыр атты зерттеу-еңбегінде»

Адамды насихат арқылы оп-оңай қара бет атандырып таратты. Биік мінбелерден жалған жала шындық деп дәлелденіп, оны қорқақтар куәландырып жатса, халық кімнің ішіне кіріп шығыпты, бөріне иланды. Өз басының амандығын тіледі. Кесер кеңірдегіне талшық, тапқанға мәз-тін. Қара халық қай заманда да дәрменсіз, саясаттың ұйытқуын да елең қылмайды.

Кеңестік жүйеде жаппай қырып-жоюға икемді, ең қатігез жендеттік пиғылды, тас жүрек надандардың қолына билікті берді. Бұл тарих алдындағы сорақылық еді. Мәселен, Қазақстанда Ф. Голощекин "кіші октябрь" деп даурығып, халықтың ежелден қалыптасқан өмір сүру дағдысын ойрандай бастады. Елде бір қазаннан ас ішіп, бір көрпеден өргізетін көрінеді, жаңа үкіметтің мұнысы сұмдық қой, деген лақап тарайды. Жүректердегі жылылық бірте-бірте мұзға айналады, Голощекиннің бүйідей тиген сүргінін Сталин біліп, құптап отырды. Жер, су жағдайымен мал өсіріп, көшіп-конып жүрген халықты ұжымдастыруға, әп, дегеннен жүздеген байлардың мал-мүлкін тәркілеуді, слі, ата жұртынан айыруды қарудың күші, найзаның ұшымен жүргізді. Халық аштан қырылып жатты, мұның жөнсіздігін айтқан үкімет басшылығындағы қазақтарды түрмеге тықты. Голощекин Кеңес үкіметіне қарсылықтан ашықты деп шындықты бұрмалап, қолдан жасап жатқан қырғынға беті бүлк еткен жок. Дәл осы туста тоталитаризм міндетін орындауда мемлекеттік қауіпсіздік орган қалқан мен семсер болып «партияның қарулы күші» атанды.

Міне, қазақ даласындағы Қызыл империяның сұмдық қырғыны Мөскеулік билікпен осылай басталған. 1922 жылғы 25 шілдеде С.Меңдешов басқаратын комиссия атынан: "Қазақстанда аштық басталды. РКФРО-ның орталық органдарынан ашыққандарға жәрдем көрсетуді сұраймыз, босқындарды қабылдауға мүмкіндік жок", деп дабыл қаққандарға ешбір көмек болмаған екен», - деп суреттейді.
Ал жоғарыдан көмек сұрап шырылдаған ұлт зиялыларының барлығы да ұзамай қуғанға ұшырайды. 

«Алаш көсемдері халықтың шыбынша қырылып жатқанын көріп түрлі амал іздейді. Бірақ, тапқаны қолдау емес, корлау еді. 1920 жылы елден аластатылған Әлихан Бөкейханұлы, Жанша Досмүхамбетұлы, Халел Досмухамбетұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқайұлы және басқалары 47 адамға сот болып әр түрлі жаза алса, 1937-1938 жылдары "Алаштың" көш бастар көсемдері "Халық жауы" деп танылып атылып кетті», - дейді зерттеуші. 
 

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14