×

Алматы бюджетіндегі қаржы алдағы екі жылда неге жұмсалады?

Алматы қаласының түзетілген бюджетін 112,2 млрд теңге сомасында нақтылаумен қалалық мәслихаттың кезекті XIX сессиясында депутаттар қарады.

Алматы бюджетіндегі қаржы алдағы екі жылда неге жұмсалады?
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мегаполис әкімінің орынбасары Асқар Әмрин айтқандай, бұл қаржы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында «Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасында және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларда» көзделген әлеуметтік маңызды жобаларды қажетті қаржыландыруды қамтамасыз етуге арналған, - деп хабарлайды Adaladam.kz.

Қала әкімдігі әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде, деп хабарлады А. Әмрин.

Нақтылау шеңберінде әлеуметтік блокты қаржыландыру 31,6 млрд теңгеге көбейді. Оның ішінде денсаулық сақтау саласына қосымша 5,4 млрд теңге бөлінеді. Бұл алматылықтар үшін денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

«Мәдениет және спорт саласына 3,1 млрд теңге бөлінеді. Қала аудандарын жаңа кітапханалармен қамтамасыз ету, сондай-ақ, ұлттық спорт түрлерін дамыту жоспарланған, бұл қала тұрғындарының мәдениеті мен дене шынықтыру белсенділігін арттырады», - деді А.Әмрин. Оның айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын қаржыландыру, сондай-ақ «Ақсай» су жинағышын және желілерді уақытылы салуға қаражат 10,8% немесе 22 млрд теңгеге ұлғайтылды. Қосымша қаржыландыру есебінен Алматы әкімдігі қала тұрғындарының сапалы ауыз суға қолжетімділігін қамтамасыз етеді.«Көлік инфрақұрылымын жаңарту үшін қаржыландыруды 5,7%-ға өсіру арқылы 15,1 миллиард теңге қарастырылды. Жоспарланған жобаларды жүзеге асыру арқылы көлік саласын одан әрі дамыту көзделген. Оның ішінде жақсы және орташа жағдайдағы жолдардың үлесі 86%-дан 92%-ға дейін өсті», - деп сөзін түйіндеді мегаполис әкімінің орынбасары.
 

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14