×

Астанада жас отбасылар арасында қыш құмыра жасаудан шеберлік сағаты өтті

Бүгін Астана қаласы Artumar орталығында Әкелер күніне орай жас отбасылар арасында қыш құмыра жасау шеберлік сағаты өтті. 

Даурен Омаров 15.06.2024 | 15:43
Астанада жас отбасылар арасында қыш құмыра жасаудан шеберлік сағаты өтті
Фото: Adaladam.kz

“Қазақстан жастары конвенті” ұйымының жетекшісі Асылбек Абдурашитовтің айтуынша, іс-шара Астана қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен "Отбасы — бақыт мекені” жобасының аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Adaladam.kz.

«Бұл жоба неке және отбасы институтын нығайтуға бағытталған. Соның аясында көптеген іс-шаралар жоспарланған. Биыл мерекелер мен атаулы күндерде жас отбасылар арасында семинар-тренинг, спорт жарыстары, өнер сайыстарын ұйымдастырып келеміз. Жылдың соңында “Үздік жас отбасы” конкурсында ең үздік бас отбасыларды марапаттаймыз. Бірінші орынға 700 мың теңге,  екінші орынға 500 мың теңге, үшінші орынға 300 мың теңге, ал іс-шараларға белсенді атсалысқан 7 отбасыға 100 мың теңгеден беріледі. Біздің мақсатымыз — жас отбасыларды ынталандыру әрі отбасы құндылығының маңызын сезіндіру. Бүгін, Әкелер күніне орай өтіп жатқан шеберлік сағаты да әкелердің мәртебесін нығайтуға, әке болудың жауапкершілігін және рөлін арттыруға, танымал етуге әсер етеді”, - дейді Асылбек Бақытбекұлы.

Бүгінгі іс-шараға 10 отбасы қатысты. Әкелер өздерінің ұл-қыздарымен келіп, шебердің айтуымен қыш құмыра жасады. Шеберлік сағатына келгендің бірі — Астана қаласының тұрғыны Жанболат Дүйсебаев. Ол өзінің 4-сынып оқитын Арайлым есімді қызымен бірге отырып, қыштан әдемі бұйым жасап шығарды.

“Қызым осында келіп, жаңа дүниені көріп үйренгеніне дән риза. Соған менің де көңілім көтеріліп қалды. Ұйымдастырушыларға мың алғыс. Балаларға жақсы тәлім-тәрбие беруде, жақсы өнер меңгеруге осындай іс-шаралардың маңызы зор”, - деді жас әке.

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14