×

Отбасы құндылығы: Алматыда аналар форумы өтті

Алматыда «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» атты аналар форумы өтті. Басқосу Алатау ауданы әкімдігінің мұрындық болуымен жүзеге асты, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Отбасы құндылығы: Алматыда аналар форумы өтті
Фото: Almaty.tv

Іс-шараға «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, қоғам қайраткерлері қатысты. Жиынға келгендер отбасы институтын дамыту мен жанұядағы ананың орны мен рөлі туралы ой бөлісті.  

– Мамырдың алғашқы жексенбісі 12 мамыр Аналар күні деп жарияланған. Ал 15 мамыр – Отбасы күні. Отбасындағы ананың балаға берер тәрбиесі үлкен зор, – деді оқушылар шығармашылық инновациялық орталығының директоры Манас Тайкенов.

Форумның мақсаты – әйел мен ананы құрметтеу, өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тәрбие беру, ізгі құндылықтарды қоғамда насихаттау.
Егемен еліміздің дамуы мен гүлденуіне қыз-келіншектердің де үлесі өте зор. Сондықтан әйелдердің қоғамдағы рөлін, мүмкіндіктерін арттыру – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.

– Болашағымыз жарқын болсын десек, ұрпағымызға әлемдік деңгейді білім беруіміз керек. Бірақ ұлттық тәрбиемен өсуі тиіс.  Сол тұрғыдан келгенде форумның мәні де, маңызы да өзекті,  – деді  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Асылы Осман.

Бұл салада Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы іске асырылуда. Онда отбасы институты мен гендерлік теңдікті дамытудың қазақстандық моделі айқындалған. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия өзінің тиімділігін көрсетті. Мемлекет басшысы белгілеген басымдықтарға сәйкес, оның қызметі әйелдер мен балалардың құқығын қорғау саласындағы өзекті мәселелердің ауқымын пысықтауға. Гендерлік теңдікті қамтамасыз етудің құқықтық және институционалдық негізі қалыптасты. Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою және теңдікті сақтау бойынша заңнамалық нормалар жұмыс істейді.

Өңірлерде жұмыс істейтін 68 отбасын қолдау орталықтарына трансформациялау жүргізілуде. Отбасын қолайсыз әлеуметтік ортадан шығаруда, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуда ведомствоаралық өзара байланыс орнату мақсатында отбасын қолдау орталықтары үшін бірыңғай тұжырымдама жобасы әзірленді.

Форумға қатысушылар өскелең ұрпақты тәрбиелеу, отбасы мәртебесін көтеру, адамгершілік-отбасылық құндылықтарды қалыптастыруда өзекті мәселелерді талқылады.
 

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14