×

Алматы әкімі Ерболат Досаев Санкт-Петербургтен келген делегациямен кездесті

Алматы әкімі Ерболат Досаев Санкт-Петербургтен келген делегациямен бірге бауырлас қалалардың мәдениетаралық және экономикалық қатынастарын нығайту мен дамыту мәселесін талқылады, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Санкт-Петербургтен келген делегациямен кездесті
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Санкт-Петербург заң шығару жиналысының төрағасы Александр Бельский мен Санкт-Петербургтің вице-губернаторы Борис Пиотровский бастаған делегациямен кездесті.

Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мен дамыту, бірлескен жобаларды іске асыру және мәдени-гуманитарлық салада, білім мен ғылымда тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Тараптар Алматы мен Санкт-Петербургтің бауырластығы туралы келісімге жаңа серпін беруге келісті.