×

Отандық ғалымдар әлемдік аренаны бағындыра бастады

Соңғы кездері отандық ғалымдар ойлап ғылыми жаңалықтар әлемнің дамыған елдері тарапынан үлкен қызығушылық тудырып жатыр.

Отандық ғалымдар әлемдік аренаны бағындыра бастады
Фото: gov.kz

Мәселен жақында ғана БАҚ назарына ілінген бірнеше ілкі жобаға жапондық ғалымдар құда түсіп үлгеріпті. Нақты айтар болсақ, олардың ішінде промерлі асфальтбетон жобасы, топырақ құүрамын тұрақтандырып, өнім беру сапасын арттыратын қоспа, шуды оқшаулауға арналған экоқұрылыс материалыдары және 100% сабан қалдықтарынан әзірлеген OSB панельдері секілді жобалар бар. Жапон ғалымдары бұл жобалардың әсіресе экологиялық инновациялық жоба болғандығына қатты қызыққан. Айтпақшы, бұл жаңалықтардың барлығы да  Еуразия ұлттық университетінің ғалымдарының қолынан шыққан жаңалықтар. Олардың барлығы да ENU-Lab  ғылыми-өндірістік орталығында жасалған. Қазіргі уақытта сынақтан өтіп жатыр.

Жоба авторларының айтуынша, Жапонияның жетекші зерттеу университеттерінің өкілдерімен кездесу барысында бірнеше маңызды құжатқа қол қойылған. Атап айтар болсақ,  асфальт және асфальтты-полимер материалдарға микро және нанодисперсті қоспаларды енгізу технологиясы, жол құрылысына қажетті төзімділігі мен беріктігі жоғары промерлі асфальтбетонды бірелес сынақтан өткізу секілді келісімдер бар. Келісім бойынша ЕҰУ ғалымдары алдағы уақытта Нихон университеті және  Nichireki  компаниясының зерттеушілерімен  бірлесіп, үлкен жобалар жасауға уағдаласып отыр. 

Соңғы жылдары елімізде ғылыми бетбұрыс жақсарып келеді. Ғылымыи жаңалықтар көптеп ашылып, ғылымға бет бұрған жастардың да саны көбейіп жатыр. Расы керек мұндай ғалымдардың алды шетел асып, беделді оқу орындарының гранттарын иеленіп жатыр. Мәселен, жақында БАҚ беттерінде Атыраудағы NIS мектебінің үш оқушысы SUNY Korea университетінде тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды деген жаңаық шықты. Тегін грант жеңіп алған Темірлан Губашев, Мөлдір Сәлім және Айсұлтан Жұмабай есімді оқушылар оқуға кетуге дайындалып жатыр. Үшеуі де аталмыш мектептің 12-сыныбында оқиды.

Айтпақшы, Айсұлтан мен Темірлан Оңтүстік Корея Президентінің жеке грантын иеленіп отыр. Бұл дегеніңіз толықтай тегін білім алады деген сөз. Олар алдымен Оңтүстік Кореяда 3 жыл, кейін қалған бір жылын  АҚШ-та жалғастырады. 

Ал Темірлан Губашев пен Сәлім Мөлдір "Constructor" University , "Luiss" University және "Drexel" университеттеріне де шақырту алған. 
Аталған оқу орны 2024 QS World University рейтингі бойынша әлемнің үздік 400 университетінің қатарына кірген беделді оқу орындары.
Шетелдік оқу орындарының назарын аударып отырған жаңалықтар мұнымен бітпейді.

Осыдан шамалы бұрын Алматыдағы Ораз Жандосов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Юнус Әлиев сыныптастары және жетекшісімен бірге биология саласында үлкен жаңалық ашқаны туралы хабар тарады. Олар ғылымға бет бұрмас бұрын ең алдымен мектеп аумағын абаттандырумен белсенді түрде айналыса бастаған. «Біз осы бағытта көптеген өсімдіктерді отырғыздық. Туя, шырша, қызғалдақ отырғыздық, сонымен қатар герань отырғыздық. Бірақ біраз уақыттан кейін біз бір өзекті мәселеге тап болдық: біз отырғызған өсімдіктердің көпшілігі уақыт өткен соң өліп қалды.  Осыдан кейін біз өсімдіктердің өлу себебін анықтай бастадық. Топырақты талдап, өсімдіктерге қолайсыз болғандықтан өсімдіктердің өліп қалғанын анықтадық. Осылайша ғылымға бет бұрып кеткенімізді білмей қалдық», - дейді өнер тапқыш оқушы Юнус Әлиев.

Мәселені шешудің жолын іздей бастаған мектеп оқушылары сол кездегі ең оңтайлы шешім топырақты тыңайту екенін түсінеді, бірақ олар химиялық дүкендерден алынған тыңайтқыштармен топырақты құнарландыруды қаламайды. Балама биологиялық тыңайтқыштар ойлап табуға бел буады. Осылайша ұзамай ғылымға құштар оқушылар өздігінен өсірілген вермикомпост құрамасын ойлап табады.

Басында оқушыларда вермикомпост өндірісі туралы білім жеткіліксіз болады. Арнайы ғылыими орталықтарға барып,  білім ала абастайды. Бір апталық оқу курсын аяқтап, теориялық және практикалық білім алғаннан кейін мектеп аумағында вермикомпост өндірісін жолға қояды. 

«Ұзамай оған да қол жеткіздік. Болашақта өз өндірісімізді толықтай нарыққа шығарып, сол арқылы вермикомпост өндірісін ілгерілетуді жоспарлап отырмыз», – дейді мектеп оқушыларынан құралған ғалымдар тобы.

Сонымен қатар, олар бұл істің тағы бір өзектілігі тек топырақты абаттандыру ғана емес, сонымен қатар мектеп оқушыларын вермикомпост өндірісіне тарту, сол арқылы олардың арасындағы кәсіпкерлік сауатсыздықты жоюға болатынын айтады. Жас өнертапқыштардың бұл жаңалығы да бүгінде үлкен сұранысқа ие болып отыр. 

Басында айтып өткеніміздей, шетелдік ғалымдар назарын аударып отырған жаңалықтар да аз емес. Сондай жаңалықтың бірі деп отандық ғалымдары жасап шығарған әмбебап сүзгіні айтуға болады. Оны ауыз суды ғана емес, жалпы сұйықтық атаулыны радиоактивті қалдықтардан, түрлі тұздардан тазарту үшін де қолдануға болады. Сондай-ақ, пестицидтер, мұнай қалдықтары, глюкоза және ауыр металл, ионидтар секілді адам ағзасына зиянды заттарды сүзіп қала береді. Бүгінде сүзгі ретінде қолданылатын мембраналарды сынау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Біздің сүзгілеріміз өзінің әмбебаптығымен ерекшеленіп отыр.   Оны жай сүзгі ретінде ғана емес, сұйық радиоактивті қалдықтарды мембраналық айдау үшін де қолдануға болады. Мембраналар сонымен қатар бірқатар бірегей қасиеттерге ие. Дегенмен, мембраналық дистилляция және сенсорлық процестерде тиімді пайдалану үшін олардың бетін өзгерту қажет. Ол үшін біз оны қарапайым және арзан жолмен ауыстыру жолдарын зерттедік. Бұл әртүрлі мономерлердің фотобастапқы трансплантатының полимерленуі. Суды тұщыландыру үшін мембраналық дистилляцияда қолданылатын су-май эмульсияларын бөлуге қабілетті жақсартылған сипаттамалары бар мембраналар, сондай-ақ қорғасын, кадмий және глюкоза иондарын анықтауға арналған электрохимиялық сенсорлар алынды»,-  дейді ЕҰУ Инженерлік бейіндегі зертхананың аға ғылыми қызметкері, жобаның жауапты орындаушысы Илья Корольков.

Отандық ғалымдардың қолынан шыққан бұл сүзгі бүгінде кез-келген суды микроорганизмдер мен бактериялардан тазартып, оны ішуге болатындай күйге келтіріп отырғанын айту керек. Алдағы уақытта тұздардан, вирустардан, хлордан және темірден тазарту сатысы тұр. 

Десять комфортных школ открыли в Астане

Всего в рамках нацпроекта в 2024-2025 годах будет построено 24 школы нового формата
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 22:34

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14

В этом году бюджет города Шымкента увеличен на 123 млрд тенге

Объем бюджета составляет 779 млрд тенге
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 17:41

В Алматы временно перекроют участок улицы Сатпаева

В связи с проведением сельскохозяйственной ярмарки
Алина Мороз Алина Мороз 22.11.2024 | 17:22