×

Елімізде суды тазартып, зиянды заттарды өлтіретін әмбебап сүзгі жасалды

Соңғы кездері отандық ғалымдар ойлап ғылыми жаңалықтар әлемнің дамыған елдері тарапынан үлкен қызығушылық тудырып жатыр.

Елімізде суды тазартып, зиянды заттарды өлтіретін әмбебап сүзгі жасалды
Фото: aptamedia.kz

Мәселен жақында ғана БАҚ назарына ілінген бірнеше ілкі жобаға жапондық ғалымдар құда түсіп үлгеріпті. Нақты айтар болсақ, олардың ішінде промерлі асфальтбетон жобасы, топырақ құүрамын тұрақтандырып, өнім беру сапасын арттыратын қоспа, шуды оқшаулауға арналған экоқұрылыс материалыдары және 100% сабан қалдықтарынан әзірлеген OSB панельдері секілді жобалар бар. Жапон ғалымдары бұл жобалардың әсіресе экологиялық инновациялық жоба болғандығына қатты қызыққан. Айтпақшы, бұл жаңалықтардың барлығы да  Еуразия ұлттық университетінің ғалымдарының қолынан шыққан жаңалықтар. Олардың барлығы да ENU-Lab  ғылыми-өндірістік орталығында жасалған. Қазіргі уақытта сынақтан өтіп жатыр.

Жоба авторларының айтуынша, Жапонияның жетекші зерттеу университеттерінің өкілдерімен кездесу барысында бірнеше маңызды құжатқа қол қойылған. Атап айтар болсақ,  асфальт және асфальтты-полимер материалдарға микро және нанодисперсті қоспаларды енгізу технологиясы, жол құрылысына қажетті төзімділігі мен беріктігі жоғары промерлі асфальтбетонды бірелес сынақтан өткізу секілді келісімдер бар. Келісім бойынша ЕҰУ ғалымдары алдағы уақытта Нихон университеті және  Nichireki  компаниясының зерттеушілерімен  бірлесіп, үлкен жобалар жасауға уағдаласып отыр. 

Шетелдік ғалымдар назарын аударып отырған жаңалықтар мұнымен бітпейді. Еуразия ұлттық университеті базасына қарасты машина жасау зертханасында жасалған тағы бір жаңалық жұрт назарын аударып отыр. Яғни Гумилев университетінің ғалымдары жасап шығарған әмбебап сүзгі ауыз су ғана емес, жалпы сұйықтық атаулыны радиоактивті қалдықтардан, түрлі тұздардан тазарту үшін де қолдануға болады. Сондайақ, пестицидтер, мұнай қалдықтары, глюкоза және ауыр металл, ионидтар секілді адам ағзасына зиянды заттарды сүзіп қала береді. Бүгінде сүзгі ретінде қолданылатын мембраналарды сынау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Біздің сүзгілеріміз өзінің әмбебаптығымен ерекшеленіп отыр.   Оны жай сүзгі ретінде ғана емес, сұйық радиоактивті қалдықтарды мембраналық айдау үшін де қолдануға болады. Мембраналар сонымен қатар бірқатар бірегей қасиеттерге ие. Дегенмен, мембраналық дистилляция және сенсорлық процестерде тиімді пайдалану үшін олардың бетін өзгерту қажет. Ол үшін біз оны қарапайым және арзан жолмен ауыстыру жолдарын зерттедік. Бұл әртүрлі мономерлердің фотобастапқы трансплантатының полимерленуі. Суды тұщыландыру үшін мембраналық дистилляцияда қолданылатын су-май эмульсияларын бөлуге қабілетті жақсартылған сипаттамалары бар мембраналар, сондай-ақ қорғасын, кадмий және глюкоза иондарын анықтауға арналған электрохимиялық сенсорлар алынды»,-  дейді ЕҰУ Инженерлік бейіндегі зертхананың аға ғылыми қызметкері, жобаның жауапты орындаушысы Илья Корольков.

Отандық ғалымдардың қолынан шыққан бұл сүзгі бүгінде кез-келген суды микроорганизмдер мен бактериялардан тазартып, оны ішуге болатындай күйге келтіріп отырғанын айту керек. Алдағы уақытта тұздардан, вирустардан, хлордан және темірден тазарту сатысы тұр.

«Бірнеше сағатта біз бастапқы пленканың диаметріне байланысты бірнеше литрге дейін таза су ала аламыз. Тазарту дәрежесі 98-99 пайызды құрады. Енді бұл нәтижелерді алдымен ғылыми журналдарда жариялап, кейін тәжірибеде қолдануды жоспарлап отырмыз. Тұздардан басқа, біз пестицидтерді жойдық, сондай-ақ сұйық радиоактивті қалдықтарды тазалаудың жоғары көрсеткіштеріне қол жеткіздік. Мұнда изотоптардан тазарту дәрежесі 95-98 пайызды құрады. Біздің сүзгіміз әмбебап өнім болып табылады. Оның қолданылу аясы өте кең», – дейді Украина ұлттық университетінің ғалымы Арман Ежанов.  

Басында айтып өткеніміздей, соңғы жылдары елімізде ғылыми бетбұрыс жақсарып келеді. Ғылымыи жаңалықтар көптеп ашылып, ғылымға бет бұрған жастардың да саны көбейіп жатыр. Расы керек мұндай ғалымдардың алды шетел асып, беделді оқу орындарының гранттарын иеленіп жатыр. Мәселен, жақында БАҚ беттерінде Атыраудағы NIS мектебінің үш оқушысы SUNY Korea университетінде тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды деген жаңаық шықты. Тегін грант жеңіп алған Темірлан Губашев, Мөлдір Сәлім және Айсұлтан Жұмабай есімді оқушылар оқуға кетуге дайындалып жатыр. Үшеуі де аталмыш мектептің 12-сыныбында оқиды.

Айтпақшы, Айсұлтан мен Темірлан Оңтүстік Корея Президентінің жеке грантын иеленіп отыр. Бұл дегеніңіз толықтай тегін білім алады деген сөз. Олар алдымен Оңтүстік Кореяда 3 жыл, кейін қалған бір жылын  АҚШ-та жалғастырады. 

Ал Темірлан Губашев пен Сәлім Мөлдір "Constructor" University , "Luiss" University және "Drexel" университеттеріне де шақырту алған. 

Аталған оқу орны 2024 QS World University рейтингі бойынша әлемнің үздік 400 университетінің қатарына кірген беделді оқу орындары.

Десять комфортных школ открыли в Астане

Всего в рамках нацпроекта в 2024-2025 годах будет построено 24 школы нового формата
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 22:34

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14

В этом году бюджет города Шымкента увеличен на 123 млрд тенге

Объем бюджета составляет 779 млрд тенге
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 17:41

В Алматы временно перекроют участок улицы Сатпаева

В связи с проведением сельскохозяйственной ярмарки
Алина Мороз Алина Мороз 22.11.2024 | 17:22