×

Жамбыл облысында агроөнеркәсіп кешешін дамыту жұмыстары қарқынды

Агроөнеркәсіп кешені мен аудандардағы ауыл шаруашылығы саласының даму деңгейі тақырыбында Тараздағы тілшіміз Айбол Қараш Жамбыл облысы Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралы мырзамен сұхбаттасты

Жамбыл облысында агроөнеркәсіп кешешін дамыту жұмыстары қарқынды
Фото: inbusiness.kz

Құрметті Ерлан Қыдыралыұлы. Агро саланы дамыту жолында қандай жұмыстар атқарылуда. Жамбыл ауданы қала іргесінде орналасса да әлі күнге мал шаруашылығымен, егістікпен айналысатындар көп екенін білеміз?

Рахмет. Ауданда барлығы 3 721 агроқұрылымдар жұмыс жүргізуде, оның ішінде 4 өндірістік кооператив, 35 ауылшаруашылық кооперативі және 3 682 шаруа қожалықтары жұмыс істейді. 2023 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 74,6 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 102,3%-ға жеткен. Оның ішінде, өсімдік шаруашылығы 48,8 млрд. теңге немесе 104,3%-ды, мал шарушалығы 25,3 млрд. теңге немесе 98,4%-ды құрады.  2024 жылдың қаңтар - наурыз айындағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 5,8 млрд. теңгені немесе нақты көлем индексі 101,6%-ға жетті. Оның ішінде - өсімдік шаруашылығы бойынша 250,9 млн.  теңгені немесе нақты көлем индексі 100,0%-ды құрады. Ал, мал шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 5,5 млрд. теңгеге немесе нақты көлем индексі 101,6%-ды құрады.

Ерлан Қыдыралыұлы, биылғы көктемгі дала жұмыстары қалай өтті. Жалпы, қанша гектар аумаққа егістік егілді?

2024 жылға егу жұмыстары 53 562 га. жоспарланған,  оның ішінде, күздік бидай - 4 080 га, жаздық арпа – 12 000 га, дәндік жүгері - 1 400 га, майлы дақылдар – 2 500 га, қант қызылшасы - 1 500 га, картоп - 182 га, көкөніс – 7 200 га, бақша өнімі - 300 га, мал азығы -  24 400 га. Бүгінгі күнге 4 080 га күздік бидай, 7 605 га жаздық арпа,   1 270 га көп жылдық шөп, 2 115 га көкөніс, 385 га қант қызылшасы, 120 га майлы дақылдар, 60 га бақша, 50 га картоп себілді. Сондай ақ, көктемгі жер жырту жоспар  4 304 гектар болса, бүгінгі күнге нақты айдалғаны 4 304 гектар. Ағымдағы жылы шаруашылықтар 112,3 млн. теңгеге 10 дана ауыл шаруашылық техникаларын алды. Оның ішінде 9 трактор, 1 тіркеме бар. Тоғызтарау ауылы аумағындағы Аса өзенінің арнасына гидротехникалық имарат құрылысы аяқталды. Бірлесу-Еңбек ауыл. ірі және ұсақ малдарды емдеу орны мен шомылдаруға арналған жай орнатылды. Ал, 2024 жылы Тоғызтарау ауылы аумағындағы Сұлтан каналына шлюз құрылысы жүргізіледі.  Шоқай ауылында ірі және ұсақ малдарды емдеуге арналған орын орнатылады.

Жалпы, Жамбыл ауданында жылыжай салу, қоймалар жұмысын реттеу және жайылым жерлерді тиімді пайдалану шаралары туралы не айтасыз?

Биылғы жылы ауданда жұмыс жасайтын 8 жылыжайда 1,2 га. көкөніс дақылдары егілді, оның ішінде қызанақ – 0,30 га., қияр – 0,65 га., басқа дақылдар – 0,25 га.  2023 жылы - 20 жылыжайда 8,73 гектарға қияр, қызанақ дақылдары отырғызылып - 161,2 тонна өнім жиналған. Аудан аумағында сыйымдылығы 39 230 тоннаны құрайтын көкөніс және жеміс сақтайтын 67 қойма тіркелген. Бүгінгі күнде осы қоймалардың 35-де барлығы – 8 760 тонна өнім сақталуда. Аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылым 177 020 га, елді мекен жайылымы 33 321 га, орман қоры жайылымы 64 564 га. Ауылдық округтеріне қоғамдық пада үшін 18 761 га берілген. Жетіспейтін жайылым көлемі 87 100 га құрады. Бүгінгі күнге, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 37 300 гектарды құрайтын жайылым жетіспеушілігі анықталып отыр. Ал, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі      11 364,19 гектар жер мемлекет меншігіне алынды.

Сөз соңында Ерлан Қыдыралыұлы «Ауыл Аманаты» жобасы туралы айтып кетсеңіз?

Ия, бұл аса маңызды жоба деп айтуға болады. 2019-2022 жылдары «Ауыл Аманаты» жобасы аудандағы 3 ауылдық округте іске асырылды, атап айтқанда Бесағаш, Өрнек, Қаракемер ауылдық округтерінде. Осы жоба аясында 538 адам жұмыс орнымен қамтылды.  Осы ауылдық округтерден 532 жеке кәсіпкерлер 2,2 млрд теңгеге несие алды. Ағымдағы жылы жобаға Ақбастау, Аса және Көлқайнар ауылдары кіріп отыр. Олар да алда несиелерін алып, шаруашылықтарын ширататын болады.

 

Cұхбатыңызға рақмет!

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14