Қайырымдылық: Алматыдағы белсенділер ардагерлер мен зейнеткерлерге қамқорлық көрсетті
Алмалы ауданының комьюнити орталығының жастары «Алматы – біздің ортақ үйіміз» кампаниясы аясында «Jas niet» акциясын өткізді. Акция мақсаты – жалғыз тұратын зейнеткерлер мен жеке секторда тұратын ерекше қажеттіліктері бар қарттардың аулаларын тазалауға көмек көрсету, деп хабарлайды Adaladam.kz.
Іс-шара аясында жастар зейнеткерлердің үй аумағын ретке келтіріп, қоршауларын бояп, ағаштарды ағартуға және басқа да шаруашылық жұмыстарына жәрдемдесті. Нәтижесінде 20-ға жуық волонтер 2 күнде 16 үйдің шаруашылығына көмектесіп, үлкендердің алғыстарына бөленді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.
Волонтерлердің айтуынша, мұндай акциялар қарияларға құрмет көрсетудің бір белгісі дейді.
«Мұндай ақцияларды Алматы жастары жиі өткізіп тұрады. Жалғыз тұратын және көмеккке мұқтаж қарияларға көмек көрсету біздің міндетіміз деп білеміз. Акция аясында біз тек аулаларды ретке келтіріп қана қоймай, сонымен қатар зейнеткерлер үшін азық-түлік жиынтықтары мен шайға тәттілер түрінде шағын сыйлықтар алып келдік», - дейді Зере Мақсұтхан.
Естеріңізге сала кетейік, «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Жақыныңа жәрдем бер» акциясын өткізу туралы бастама жариялады. Бұл бастама ҰОС ардагерлері, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар тұратын жеке тұрғын үйлердің қоршауы мен үй маңындағы аумақтың эстетикалық мазмұнын жақсартуға бағытталған. Бұл учаскелерде қоршауды, қақпаны сырлау, іргелес аумақты қоқыстан тазарту және т.б.с.с. жұмыстар жүргізу қажет.
Іс-шараға қаланың барлық тұрғынры қатыса алады. Қатысушыларға қоршауды, қақпаны ырлауға арналған бояулар мен еріткіштер тегін беріледі (бір адамға 2 келіге дейін бояу беріледі).
Қатысу үшін мына нөмірлер бойынша аудандық көріктендіру бөліміндегі жауапты тұлғаларға жүгіну қажет:
1. Алатау ауданы: Веселов көшесі, 18 «А» (Талғат +7 708 502 03 68).
2. Алмалы ауданы: Төле би көшесі, 67 (Нұрдәулет +7 775 888 77 55).
3. Әуезов ауданы: Мамыр-1 ш/а., 26/1 (Бауыржан +7 707 008 09 13).
4. Бостандық ауданы: Тәжібаев көшесі, 155 "А" (Лидия +7 777 684 99 44).
5. Жетісу ауданы: Тихов көшесі, 87 «А» (Нұрберген +7 747 772 74 78).
6. Медеу ауданы: Пушкин көшесі, 72 (Абылай +7 778 111 55 44).
7. Наурызбай ауданы: Байсұлтанов көшесі, (Оңалбек +7 707 300 03 55).
8. Түрксіб ауданы: Шолохов көшесі, 9 (Болат +7 747 139 93 60).
Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтіп жатыр. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады.