×

Алматыда «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін әлеуметтік орталық ашылды

Алматыда «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін әлеуметтік орталық ашылды. Қала басшысы Ерболат Досаев Түрксіб ауданын аралап, тұрғындармен кездесу барысында әлеуметтік орталықтың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Алматыда «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін әлеуметтік орталық ашылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Мұнда аудандық Ардагерлер кеңесі, мүгедектер қоғамы, Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің филиалы мен күн сайын 50 адамға дейін қамтитын аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қосымша білім беретін "Шыңға Өрлеу" әлеуметтік клубы орналасқан. Сондай-ақ, ғимаратта ауданның отбасын қолдау орталығы ашылады.

Бұған дейін бұл ұйымдар ауданның түрлі бөлігінде, әр түрлі санаттағы адамдар үшін бейімделмеген бөлмелерде болған.

Орталық 2017 жылдан бері бос тұрған ғимаратта орналасқан. Күрделі жөндеу жұмыстары кезінде іргетас пен қабырғалары нығайтылып, инженерлік желі жүйесі жүргізілді. Сонымен қатар, аумақты абаттандыру жұмысы жүргізілді.

Жаңа форматтағы Әлеуметтік орталық Алатау ауданында да жұмыс істейді. Мегаполис басшысы Ерболат Досаев бейінді басқармаларға бұл тәжірибені барлық аудандарға масштабтау үшін осындай орталықтардың үлгілік жобасын әзірлеуді тапсырды.

«Бір терезе» қағидаты дегеніміз – мемлекеттік қызметті алушының құжаттарды жинау мен дайындауға барынша аз қатысуы және уақытын аз жұмсауы. Сондай-ақ, бұл принцип қызмет көрсетушілермен тікелей байланысты жойып, сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді. Бұған қоса, аталған жүйе бір орталықтан бірнеше қызмет түрін алуға, халыққа жайлы қызмет ұсынуға бағытталған.

Айта кету керек, «бір терезе» қағидаты еліміздегі басқа да мемлекеттік қызметтерде қолданылып жатыр. Мәселен, кеден ісіне «бір терезе» принципін енгізу онлайн желісінің одан әрі қолжетімді болуына мүмкіндік жасап, импорт және экспорт жолдарының тиім­ді әрі жеңіл болуына, кедендік сүзгіден ешбір қағазсыз өтуіне септігін тигізуде.

Халыққа сапалы қызмет көрсетудегі ұтымды технологиялардың бірі – «бір терезе» қағидаты. Оның басты артықшылығы – тұрғындардың уақытын үнемдеуі, қызмет көрсетуді жеңілдетуі және әкімшілік кедергілерді жоюында болып отыр.

Десять комфортных школ открыли в Астане

Всего в рамках нацпроекта в 2024-2025 годах будет построено 24 школы нового формата
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 22:34

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14

В этом году бюджет города Шымкента увеличен на 123 млрд тенге

Объем бюджета составляет 779 млрд тенге
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 17:41

В Алматы временно перекроют участок улицы Сатпаева

В связи с проведением сельскохозяйственной ярмарки
Алина Мороз Алина Мороз 22.11.2024 | 17:22