×

Алматылықтар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жіберіп жатыр

Елімізде су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинау жалғасуда. Небәрі үш күнде алматылықтар 1 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады. Бұл азық-түлік, бірінші кезекте қажетті заттар, киім-кешек және т.б. Көмек қолын созуға қала тұрғындары, кәсіпкерлер және белсенді жастар атсалысты, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Алматылықтар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жіберіп жатыр

Алматы қаласы Алмалы ауданының комьюнити орталығында ашылған қабылдау пунктінің жұмысына қаланың 10-нан астам ірі волонтерлік ұйымы («QAMQOR CHARITY» ҚҚ, «Қазақстан волонтерлар лигасы» ҚҚ, СФРМ, Black Sea Fund «Newman» және т.б.) мен 50-ден астам ерікті жұмылдырылды.

Айта кететін нәрсе, қабылдау пункті аптаның соңына дейін жұмысын жалғастырады. Гуманитарлық көмекті күн сайын сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін тапсыруға болады.

Осыдан кейін тағы да су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 10 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтілді. Алмалы ауданының комьюнити орталығы базасында ашылған қабылдау пункті 29 наурыздан бастап жұмыс істейді. Күн сайын алматылықтар зардап шеккен аймақтарға үлес қосып, қажетті заттарды әкеліп жатты. Қала тұрғындары, кәсіпкерлер мен белсенді жастар да көмек қолын созды. Соның нәтижесінде 6 күннің ішінде 10 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жиналды. Атап айтқанда, 2,5 тоннадан астам киім, 1 тонна гигиена құралдары, 3,5 тоннадан астам азық-түлік, тұрмыстық заттар және т.б. бар.

Гуманитарлық көмек қабылдау пунктінің жұмысына қаланың 30-дан астам ірі волонтерлік ұйымынан 100-ден астам ерікті жұмылдырылды. Өз кезегінде Жастар саясаты басқармасы игі іске атсалысқан алматылықтарға алғыс білдіреді. Сондай-ақ, басқарма еріктілердің еңбекқорлығы мен қала тұрғындарының арқасында су басқан аймақтарға қысқа мерзімде көмек көрсете алатынын атады.
Естеріңізге сала кетейік, гуманитарлық көмек қабылдау пункті аптаның соңына дейін Алмалы ауданы, Байтұрсынов көшесі, 22/1 мекенжайында жұмыс істейді, жұмыс уақыты 10:00-ден 19:00-ге дейін.

Қабылданатын гуманитарлық көмек түрлері: азық-түлік, ауыз су, дәрі-дәрмектер мен медициналық керек-жарақтар, киім (жылы киім, аяқ киім, іш киім, шұлық және т.б.), заттар (көрпе, ұйықтайтын қап, жастық және т.б.), шаруашылық тауарлары (шатыр, төсеніш, термос, шам, пауэрбанк, шәйнек, балалар ыдыстары, емізік) және гигиена құралдары (памперс, әйелдер гигиенасы, сабын, тіс пастасы, сусабындар, майлық, дәретхана қағазы, жуғыш заттар және т.б.).

Кеше 7 сәуір күні Атырау облысында су тасқынына байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Зардап шеккен аймаққа Алматы қаласы әкімі аппаратының құтқару қызметінің күшімен гуманитарлық көмек жіберілді.

Атырау облысының көмекке 3 «КамАЗ» жүк көлігі, 1 жеңіл автокөлік, шанц құралдары (күрек, балта, сүймен және т.б.) жіберілді. Сондай-ақ, шатырлар, кереуеттер, шамдар, құтқару кеудешелері, резеңке етік, 5 мың қап, дәрі-дәрмектер бар.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Алматыдан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмектің бірінші партиясы жөнелтілген.

29 наурыздан бастап қалада Алмалы ауданының коммуналдық орталығы базасында ашылған қабылдау пункті жұмыс істейді. Күн сайын алматылықтар қажетті заттарды әкеліп, табиғи апаттан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсетуге үлестерін қосты. Қала тұрғындары, кәсіпкерлер, жастар қажетті көмекті жинауға белсене қатысты. 6 күнде 10 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жиналды. Атап айтқанда, 2,5 тоннадан астам киім, 1 тонна гигиена құралдар, 3,5 тоннадан астам азық-түлік, тұрмыстық заттар және т.б.

Десять комфортных школ открыли в Астане

Всего в рамках нацпроекта в 2024-2025 годах будет построено 24 школы нового формата
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 22:34

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14

В этом году бюджет города Шымкента увеличен на 123 млрд тенге

Объем бюджета составляет 779 млрд тенге
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 17:41

В Алматы временно перекроют участок улицы Сатпаева

В связи с проведением сельскохозяйственной ярмарки
Алина Мороз Алина Мороз 22.11.2024 | 17:22