×

Діни тұрақтылық - ел дамуы!

Жамбыл облысындағы діни- ахуал тұрақты деп айтуға болады. Оның үстіне Әулиеата өңірі еліміз бойынша мешіттер мен діни орталықтар көп шоғырланған аймақтардың бірі.

Діни тұрақтылық - ел дамуы!
Фото: syrboyi.kz

Сондықтан, аймақтағы діни мәселелер үнемі қоғам мен ел назарында деп айтуға болады. Діни тұрақтылық елдің қалыпты жағдайда дамуының кепілі десек, облысымызда діни ахуалдың жай-күйін тұрақтандыру бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Облыс әкімдігінің дін істері басқармасы  2024 жылы өңірде діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру аясында төмендегідей миссияларды жүзеге асыруды қолға алған. Олар біріншіден, жаһанды шарпыған діни экстремизм мен терроризмнің кез келген көріністеріне қарсы алдын алу шараларын жүргізу. Екіншіден; өңірімізде мемлекеттік- конфессиялық қарым-қатынасты орнатып, конфессиялар арасындағы өзара келісім әрекеттестігін дамыту. Үшіншіден; ел Конституциясында белгіленген зайырлылық қағидатының сақталуын қамтамасыз ету.

Өңірде қазір мемлекеттік тіркеуден өткен діни бірлестіктер мен филиалдардың жалпы саны - 388. Діни бірлестіктердің өсімі жаңа ашылып жатқан мешіттердің есебінен көбейіп отыр. 2023 жылдың аяғында облыста 333 мешіт болса, бүгінгі күнге мешіттердің саны – 342-ге жетті. Жалпы, өңірдегі мешіттерде арнайы бұйрықпен 455 діни қызметкер жұмыс істеуде. 

Оның ішінде, Жамбылдағы жоғары білімді имамдар 20,6%-ды, орта білімділері 25,9%-ды, ал сауат ашу курстарын бітірген діни қызметкерлер 53, 5%-ды құрап отыр. Тағы бір айта кетерлігі облыстағы 342 мешіттің ішінде 20 мешітте ресми бекітілген имамдар жоқ. Қазіргі уақытқа Жамбыл облысы бойынша 18 мешіттің құрылысы жүргізілуде. 

Нақтылы кезеңде мешіттерге жұма намаздарына келуші жамағаттың саны 37 мыңнан астам адам болса, күнделікті мешітке келушілердің саны 6 мыңнан астам адамды құрайды. 
Жамбыл жерінде мемлекеттік тіркеуден өткен христиандық діни бірлестіктер мен филиалдар саны – 46. Христиандық бағыттағы шіркеулерге келушілердің саны шамамен 3,8 мың адамды құрайды. 22 желтоқсан мен 7 қаңтар күндері өтетін «Рождество Христово» діни мерекесі, 9 мен 5 сәуір аралығында өтетін «Пасха» діни мерекесінде облыс аумағында қызмет атқарып отырған христиан бағытындағы діни бірлестіктерде өтетін діни уағыздарына қатысып, зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, 2015 жылдан бастап облыстық дін істері басқармасы жанынан облыстағы діни бірлестіктер басшыларының клубы қызметі құрылып, жұмысын жүргізуде. Клуб жұмысының мақсаты – түрлі сенімдер мен діндерді ұстанушылар арасында конфессияаралық және дінаралық диалог пен келісімді сақтау және нығайту; өзара түсінісушілікті, сыйластық пен серіктестікті дамыту. Клуб отырысы аясында «Алғыс айту күні», «Наурыз мерекесі», «Конституция күні», «Рухани келісім күні», «Тәуелсіздік күні» сияқты атаулы даталарға орай діни бірлестік басшыларының қатысуымен «дөңгелек үстел» форматтарында мәдени, спорттық және т.б. іс-шаралар мен тарихи орындарға экскурсиялар ұйымдастырылып тұрады. Жыл басындағы есеп бойынша Әулиеата өңіріндегі намазханалар мен құлшылық үйлерінің саны – 41 ді құрады. 

Рухани білім беру ұйымдары қатарында жұмыс атқаратын Тараз қаласындағы «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде бүгінде 74 шәкірт білім алуда. 
Өңірде діни ахуалды тұрақтандыру мақсатында атқарылып жатқан негізгі бағыттарды атап өтсек. Аймақта құрамы 125 мүшеден тұратын дін саласындағы 17 ақпараттық-түсіндіру топтары жұмыс істейді. 2024 жылдың басынан ақпараттық- түсіндіру топтарының мүшелерімен офлайн форматта 857 іс-шара өткізіліп, оған 27 мыңнан астам мақсатты топ өкілдері қамтылды. Жыл басынан «Талдамалық интернет карта» бағдарламасы арқылы әлеуметтік желілердегі деструктивті діни топтардан 1347 облыс тұрғыны шығарылды.
«Кибербақылау» бағдарламасы арқылы интернет желілерінде 1911 күдікті парақша анықталып, сараптамаға жолданылды. Жастар көп пайдалатын Instagram, Facebook, Telegram, Vkontakte, Tiktok сияқты әлеуметтік желілердің мүмкіндіктері арқылы «жастардың тілімен» айтқанда «жаңа трендтер» бойынша деструктивті діни контенттерге қарсы баламалы дүниелер әзірленіп жариялануда. Осы мақсатта, Дін проблемаларын зерттеу орталығының жанында ашылған «Студияның» техникалық базасын жаңартып, «Подкаст» бейне өнімдер түсіру басталды. Арнайы «Студия» арқылы ұзақ форматта 4 бейнеөнім, reels форматында 85 бейнеөнім түсіріліп, «Әулие ата» және «ruQh» жобалары аясында ютуб видеохостингі мен әлеуметтік желілерге орналастырылды.  Газет редакциялары мен телеарналарда жұмыс атқаратын 21 тілшіден тұратын журналисттер пулы құрылып, БАҚ беттерінде дін саласында материалдар үнемі жариялануда.

«Нұр-Мүбәрак» университетінде облысымыздан 136 студент білім алуда. Бұдан бөлек, дінтану, исламтану және теология мамандықтары бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде,  Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде және Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде облысымыздан 29 студент оқуда. Биылғы оқу жылы аталған оқу орындарын 32 түлек бітіргелі отыр. Олардың барлығымен жеке жеке байланыс орнатылып, өңірге жұмысқа тарту бойынша жұмыстар атқарылуда. Теолог мамандар мен мешіт имамдарынан құралған арнайы топ құрылып, ҚАЖД мекемелерінде сотталушы азаматтар арасында қоғамға бейімдеу жұмыстарын жүргізуде. 2024 жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 3 сотталушы қоғамға бейімделді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде биыл деструктивті діни ағымдардан зардап шеккен 25 азамат қазақстандық қоғам, 21 азамат дәстүрлі ислам құндылықтарына бейімделді. Деструктивті діни ағым ұстанушыларының бөлінген ортасы бойынша облыстық дін істері басқармасы тарапынан тиісті профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылуда. Бұдан бөлек,
діни қызмет саласында құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдарымен бірлескен рейдтік және зерделеу шаралары тұрақты өткізіліп тұрады. 2024 жылы діни қызмет саласында құқық бұзған 14 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қорыта келгенде, облысымыздағы дін істері басқармасы мен Мүфтияттың Жамбылдағы өкілдіктерінің жүйелі жұмысы арқасында аймақтағы діни- ахуал тұрақты. Үстіміздегі жылдың соңына дейін әлі бұл бағытта бірнеше тәрбиелік, рухани, діни мәні бар іс- шараларды өткізу жоспарланған. Бұл жұмыстардың барлығы да қоғамдағы тұрақтылық, діндегі ахуалды реттеп отыру үшін жүргізіліп жатқан қыруар шаруаның бірі деп айтуға болады. 

Айбол ҚАРАШ
 

Десять комфортных школ открыли в Астане

Всего в рамках нацпроекта в 2024-2025 годах будет построено 24 школы нового формата
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 22:34

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14

В этом году бюджет города Шымкента увеличен на 123 млрд тенге

Объем бюджета составляет 779 млрд тенге
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 17:41

В Алматы временно перекроют участок улицы Сатпаева

В связи с проведением сельскохозяйственной ярмарки
Алина Мороз Алина Мороз 22.11.2024 | 17:22