×

Жамбыл облысында тарихи кесенелерге тазалық жұмыстары жүргізілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында  Жамбыл облысында «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!» экологиялық науқаны қарқынды жүргізілуде.

Жамбыл облысында тарихи кесенелерге тазалық жұмыстары жүргізілді
Фото: Жамбыл облысы баспасөз қызметі

Аталған акцияның екінші аптасы «Киелі мекен» деген атауға ие болды. Бұл апта  тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға бағытталған.


Соған орай жұдырықша жұмылған шаһардың белсенді жастары  мен «Жасыл ел – Тараз» мекемесінің қызметкерлері «Қарахан» және «Дәуітбек» кесенелерінің маңайына санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, ауласына ағаш көшеттерін (тұт ағаштары) отырғызды.


Ауқымды науқан аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.