×

ҚМДБ өкілдері су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек қолын созуды жалғастырып жатыр

Елімізде  су тасқыны қаупі әлі де сейілер емес

ҚМДБ өкілдері су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек қолын созуды жалғастырып жатыр
Фото: muftyat.kz

Тіптен күшейіп барады деуге болады. Он облыста яғни бүтіндей Қазақстанның тең жартысынан аумағында төтенше жағдай жарияланып отыр. Әсіресе батысы мен Солтүстік өңіріндегі жағдай  күрделі болып қалуда. Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Атырау, Ұлытау, Ақмола, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Бүгінге дейін су басқан аймақтардан ұзын-саны  88 мыңнан астам адам құтқарылыпты. Олардың 30 мыңға жуығы балалар. 7 мыңнан астам уақытша баспаналарға орналастырылған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта құтқару жұмыстарына 24 мыңнан астам маман, 3 мыңдай техника,  он ұшақ жұмылдырылып жатқанға ұқсайды. Су басқан өңірлерден 8 миллион текше метр су сорылып, ішіне құм толтырылған 1 миллион тоннадан астам қап төселген.  Айтпай келген қарғын сумен күллі ел болып күресіп жатыр. Жұрт жұдырықтай жұмылып, қолдан келген көмегін жасауда. Бүгінге дейін зардап шеккен аймақтарға 152 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді. Әрине, мұндай сауапты іске Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да ат қосып жатыр. Ұйымдастыру жұмыстарына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының өзі бас-көз болып отырғанын айта кету керек. 

Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету мақсатында Қостанай облысына Астана қалысан «Қайырымдылық керуені» жіберіліп отыр. Оны өзге емес Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлыныңың өзі бастап барды. Қайырымдылық керуеніне 25 тонна азық-түлік пен киім-кешек және тұрмыстық заттар тиелген. Бұлардың барлығы да Арқалық қаласына бағытталып отыр.
Сол секілді Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанайдағы орталық мешітте арнайы шара ұйымдастырып, қайырымдылық шарасы барысында су тасқынынан зардап шеккен 300 отбасына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік себеттері таратылды. Қайырымдылық жұмыстарына ҚМДБ-ға қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана қалалық өкілдігі қол ұшін берген. Сондай-ақ имамдар, белсенді жастар мен еріктілер тобы ат салысқан.

«Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі. Бұл адамның айналасындағы адамдарға дайындығы мен көмегін, оның адамгершілік көзқарасын білдіреді», - деп атап өткен бас мүфти діни басқарма атынан күллі республика көлемінде «Қайырымдылық бесігі» жобасы басталғанын атап өтті. Қайырымдылық көмек аясында су тасқынынан зардап шеккен отандастарымызға қажетті тұрмыстық заттар мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері жөнелтіледі. Бүгінде аталмыш жобаның аясында Астананың түкпір-түкпіріндегі мешіттер су басқан аймақтарға қажетті заттарды жөнелтіп жатыр. 

Сонымен қатар, мешіт жамағаты су астында қалған Амангелді ауданына ат басын бұрып ,апат салдарымен күресіп жатқан азаматтарға резеңке етіктер, арнайы киімдер, күректер т.б. құралдарды табыстаған. Сондай-ақ, мүгедектігі бар жандарға арбалар берілген. 

Сол секілді осы жоба аясында тасқын судың зардабын тартып отырған Ақтөбе облысына Атырау өңірінен  8 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтілгені белгілі болды. muftyat.kz сайтының жазуынша, азық-түлік, жеке гигиеналық заттар, аяқ киім, дәрі-дәрмектер және басқа да қажетті тұрмыстық заттар тиелген екі ауыр жүк көлігі жіберіліпті. Көмек небары үш күннің ішінде жиналыпты. 

Ал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет және қайырымдылық» қоры өкілдері су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе өңірінде барып 500 дана резеңке етік, 2500 қап сондай 2000 дана жөргек тағы осындай көлемде көрпе-төсек тапсырып қайтып отыр. Екі қайық, 3 дана қайық қозғалтқышы секілді техникалық жабдықтары тағы бар.

Сондай-ақ, Ақтөбе қаласындағы Ойыл және Қобда аудандарында 1500 адамға ыстық тамақ берілген. 
 

Десять комфортных школ открыли в Астане

Всего в рамках нацпроекта в 2024-2025 годах будет построено 24 школы нового формата
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 22:34

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14

В этом году бюджет города Шымкента увеличен на 123 млрд тенге

Объем бюджета составляет 779 млрд тенге
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 17:41

В Алматы временно перекроют участок улицы Сатпаева

В связи с проведением сельскохозяйственной ярмарки
Алина Мороз Алина Мороз 22.11.2024 | 17:22