×

Ассамблея мүшелері тасқыннан зардап шеккен облыстарға гуманитарлық көмек жіберді

Күллі елді әуре-сарсаңға салған су тасқыны әлі де бой бермей жатыр

Ассамблея мүшелері тасқыннан зардап шеккен облыстарға гуманитарлық көмек жіберді
Фото: gov.kz

Қаншама күш жұмсалып, қыруар қаржы құйылып, техника тартылса да қарғын судың беті қайтар емес. Керісінше еріген қар суы лек-легімен келіп құйылып жатыр. Соған қарамастан, тосыннан келген табиғат апатымен күллі ел болып, бір жұдырықтай жұмылыс күресіп жатыр. Әрине, мұндай істен Қазақстан халқы Ассамблеясы да бір кісідей ат салысып, су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесуде.

Қазіргі таңда Ассамблеяның ұйымдастыруымен еліміздің барлық өңірінде су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қолын созу мақсатында аранйы штабтар құрылып,  ұйымдастыру жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Осы уақытқа дейін Ассамблея мүшелерінің ұйымдастыруымен  «Жүректен жүрекке» акциясы аясында 227 тонна гуманитарлық көмек жөнелтіліпті. Соның сыртында 277 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек жинап жіберген. 

Сонымен қатар өңірлерде Ассамблея мүшелерінен құралған 10 мыңға жуық ерікті жұмыс жасауда. Олар тасқын судан зардап шеккен азаматтарға көмектесіп, құтқару жұмыстарына ат салысып жатыр. Тағы біразы әскери қызметкерлерге қол ұшын беріп, құрылысшылар қатарында жүр. 

Бұл жұмыстарға сонымен қатар, Ассамблея жанындағы түрлі кәсіп иелері, меценаттар мен этномәдени бірлестіктер өкілдері ат салысып жатыр. Олар еліміздің әр өңіріндегі Достық үйлерінде аранйы қабылдау пункттерін ұйымдастырып, қаржылай, заттай, азық-түлік, дәрі-дәрмек секілді түрлі көмек түрлерін жинауда. Бұл жерде де этномәдени бірлестіктер мен Аналар кеңесі, Медиация кеңесі, Ақсақалдар кеңесі секілді ұйымдар бір кісідей тізе қоса қимылдап жатыр. 

Мәселен Ақтөбе облысында төтенше жағдай қалыптасқан бойда бірден еріктілердің волонтерлік штаб құрылып, зардап шеккендерге көмек көрсету топтары, гуманитарлық көмекті жинау және бөлу топтары құрылады. Алғашқы күндері-ақ бұл іске ҚХА-ның облыстағы «Ассамблея жастарынан» 70-ке жуық волонер жұмылдырылады, кейін Аналар кеңесі, Ақсақалдар кеңесі, Медиация кеңесі, Кәсіпкерлер Қауымдастығы қосылған.

Атап айтар болсақ, өңірдегі ҚХА волонтерлары мен еріктілері алғашқы күні 200 келі палау, 50 келі бауырсақ, 300 адамға арналған салат және 300 шай дайындап құтқарушылар мен әскери қызметкерлерге үлестірген. Атыраудағы «Глобал-Спецодежда» ЖШС директоры Н.А.Шабаева Ассамблея атынан деп су тасқынына қарсы жұмыс жасап жатқандарға 1057 бірлік арнайы киім тігіп беріпті. Ал «Урарту» армян қауымдастығы мен «Вайнах» шешендерінің ұйымы мүшелері апат салдарын жоюға атсалысып жатқан 400 адамға ыстық тамақ таратты. 

Қостанай да осындай жағдай. Ерікітел алғашқы күннің өізнеде-ақ атаптпен күресіп жатқан топтарға 4000 қап, 800 жұп жұмыс қолғабы және 130 дана күрек сатып алып берген. Қазіргі таңда облыс орталығындағы Достық үйінде апатпен күресу үшін қажетті заттарды, сондай-ақ азық-түлік өнімдерін жинау жұмыстары үздіксіз жалғасып жатыр. Оған Ассамблея еріктілері белсенді атсалысуда. 
Сол секілді Астана қаласында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинайтын 7 пункт ашылып отыр. Бұл жерде «Добряк клубы» мүшелері мен қажетті құралдарды жинап, жан жаққа таратып үлгеріп жатыр. 

Айтпақшы, Ақмола облысында 150 отбасына көмек көрсетілген. Сол секілді Қостанай облысына гуманитарлық көмек тиелген 4 жүк көлігі жөнелтілген. ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері 8,2 млн теңге көлемінде көмек көрсетті. «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық мәдени орталығының төрағасы қаланың жеке тұрғын үй секторындағы қарды тазалауға 3 жүк тиегіш пен 2 КамАЗ көлігін бөліп, «Қызыл Ырызт» ауылының 45 тұрғынына азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Ассамблеяның Ұлытау облыстық филиалы да белсенді әрекет үстінде. «Қоғамдық келісім» кеңсесінде су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қабылдау пункті ашылып, көмек жинап жатыр. Оған облыстық «Вайнах» және «ВАТАН» түрікмен этномәдени орталығы атсалысқан. Ұзын-саны 20 комбинезон және 100 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.  
ҚХА мүшелері Қарағанды облысында да су тасқынынан зардап шеккендерге тұрақты түрде гуманитарлық көмек көрсетуде. Әкімдіктің мәліметінше, ҚХА мүшесі, «Имсталькон» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы И.Георгиади Теміртау қаласындағы су тасқынымен күресу үшін «Оң жағалау» шағын ауданы аумағынан қарды шығаруға 3 самосвал және қаланың жеке секторындағы су тасқыны арнасын құлату үшін 1 экскаватор берген. Бұл көмек 3 млн теңгеге бағаланып отыр. Тағы 970 мың теңге жиналған. 

Сол секілді, Батыс Қазақстан облысында да ҚХА атынан деп жалпы көлемі 1,5 млн теңге болатын 2 жүк машинасы гуманитарлық көмек жиналған. Жиналған көмек Сырым ауданына жіберілген. 
Алматы жұрты да қызу жұмыс үстінде.  ҚХА мүшелері жалпы салмағы азық-түлік және қажетті заттар бар жалпы көлемі 1 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жинап үлгерген. 

Маңғыстау облысында ҚХА Жастар ассамблеясы атынан облыстық штабқа 30 ерікті келгені белгілі болып отыр. Олар да сол жерде гуманитарлық көмек жинаумен айналысуда. 
Жамбыл облыстық  ҚХА «Күшіміз бірлікте» акциясын өткізіп жатыр. Ұйымдастыру жұмыстарына «Ахыска» түрік этномәдени орталығы жетекшілік етуде. 

Десять комфортных школ открыли в Астане

Всего в рамках нацпроекта в 2024-2025 годах будет построено 24 школы нового формата
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 22:34

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14

В этом году бюджет города Шымкента увеличен на 123 млрд тенге

Объем бюджета составляет 779 млрд тенге
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 17:41

В Алматы временно перекроют участок улицы Сатпаева

В связи с проведением сельскохозяйственной ярмарки
Алина Мороз Алина Мороз 22.11.2024 | 17:22