×

«Көкаралға жаңа бөгет керек»: Депутат Арал теңізінің тағдырына алаңдаулы

Даурен Омаров 12.03.2025 | 18:04
«Көкаралға жаңа бөгет керек»: Депутат Арал теңізінің тағдырына алаңдаулы
Б.Есжанов

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Adaladam.kz сайтына сұхбат берген сұхбатында мемлекеттің Сарышығанақ бұғазына бөгет салу идеясын сынға алды. Депутат қаржыны Көкарал бөгетіне жаңа платина салуға жұмсау керек деп санайды. Тіпті, Көкарал бөгетіне қатысты бұған дейін қабылданған шешімдердің қате екенін айтауда.

– 2005 жылы қателік жасадық. Сол тұста елдегі сарапшылар тықпаштап, Көкаралдағы 38 метрден 42 метрге дейін көтеруді ұсынды. Нәтижесі не болды? 42 метрге дейін су жиналу кезінде платинаға қауіп төнді. Амалсыз 2005 жылдан бастап суды ағыза бастадық. Олай болмаса, ағын су платинаны бұзуы мүмкін еді. Сол жылдан бері 44 млрд текше метр су шөл далаға босқа кетті. Екі көлді толтыратындай судан айырылдық. Бұған кім жауап береді? Сондықтан бастапқы жобада қате болғаны бірден көрінді. Бөгетті 50 метрге дейін көтеру қажет болатын. Сондықтан уақыт ұстамай, Көкарал бөгетін кемінде 48 метрге көбейту керек, теңіз бір деңгейде болы шарт. Сонда теңізге 51 млрд шаршы шақырым су жиналады, теңіз көлемі 1,5 есе өседі. Сол кезде Үлкен Арал 20 жылда толады. Судың тұщылығы артып, балық көбейер еді. Қанша адамның балық аулап күн көретінін ұмытпаған жөн. Қазір мемлекет тек Сарышығанаққа бөгет салса, қалған судың тұщылығы да, балық та кемиді, – деді Мұрат Әбенов.  

Оның айтуынша, Арал ауданының халқы да бұл ұсынысты қолдаған. Министрмен бірге өңірге жасаған сапары кезінде тұрғындар солтүстік Арал теңізін бірдей толтыруды талап еткен көрінеді. Алайда министрлік өкілдері алған бетінен қайтпай, Сарышығанақ бұғазына бөгет салу идеясын түрлі нұсқада сақтауға тырсуда екен.

– Министрліктегілер Көкаралды 2 метрге, яғни 44 метрге дейін көтерейік, бірақ Сарышығанақтағы бөгетті сонда да салайық деген ұсыныс айтуда. Бұл – уақытша шешім, халықты алдау. Олар Көкаралдағы бөгетті жаңадан салмайды, тек үстіне 2 метр қосуды ойлап отыр. Ескі бөгеттегі су платинаға соққан кезде қосылған бөлік шыдас бермеуі мүмкін. Ал жаңадан бөгет салу үшін ескісін бұзудың қажеті жоқ. Мамандар мамандар шөл дала тұсынан асықпай бөгет салуға болады деген пікірде. Айта кетерлігі, министрлік Сарышығанақ бұғазына қатысты жобаны ұсынар кезде су мамандарының пікірін айтты. Сарышығанақты бөгесе, басқа жерге су жетпеуі мүмкін екенін мойындады. Олай болса, сол маңдағы 58 мың тұрғын не істемек? Оларға болашақ жоқ, бұл жерден көшіңіздер деп айтамыз ба? – деді ол.