×

Президент сөз еткен суперкомпьютер жобасы биыл дайын болатын болды

Ғылым мен техникаға үлкен бет бұрыс әкелген жасанды интелект технологиясы қазақ қоғамына үйреншікті үрдіске айнала бастағандай

Президент сөз еткен суперкомпьютер жобасы биыл дайын болатын болды
Фото: Pixabay

Сонымен Қазақстанда жасанды интеллект орталығы құрылатан болды.   Мәжілісте өткен арнайы жиында Цифрлық даму министрлігінің өкілдері бұл жұмыстардың соңғы сатыға келіп жеткенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта мамандар жасанды интеллектке қажетті ақпараттарды сақтау және өңдеуге мүмкіндік беретін суперкомпьютер әзірлеп жатыр. 

«Аталмыш жоба жыл соңына дейін техникалық тұрғыдан дайын болады. Жасанды интеллект жинаған ақпараттар қауіпсіз сақталады, арнайы кепілдік беріледі.  Себебі олардың барлығы да ұлттық платформада орналасқан AONIT жасанды интеллектісі арқыл өңделеді. Бұл жұмыстар  қазірдің өзінде кейбір аймақтарда сынақтан өткен. Нәтижесі де жақсы болып отыр. Енді тек құқықтық және құжаттық мәселелерді шешу ғана қалды», -  Электроника және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаментінің директоры Ғизат Байтұрсынов. 

Мамандар бұл жұмыстардың күндердің күнінде білім бәсінде Қазақстанды Орталық Азия елдері ішінде көшбасшыға айналдыратынын айтып жатыр. Айтуларынша, әзірдің өзінде еліміз Орталық Азия елдері ішінде жасанды интеллектті дамыту, іске асыру жұмыстары бойынша көш ілгері келе жатыр. 

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Инновациялық даму департаментінің директоры Дархан Мырзабаевтың айтуынша, отандық мамандар дайындап жатқан суперкомпьютердің мүмкіндігі өте мол. Ол тек жасанды интеллект модельдерін әзірлеп қана қоймай, өзі өңдеп шыққан сан түрлі өнімдерін ғылыми ортада, шаруашылық салаларында тіптен коммерциялық мақсаттарда да пайдалануға болады. Яғни қазақстандық ғалымдар тер төгіп жатқан суперкомпьютердің ресурстары шексіз болғалы отырғанын байқауға болады. 

Негізі елімізде осы жылдың соңына дейін қуатты отандық компьютер жасау туралы бастаманы Мемлекет басшысы Тоқаев көтерген еді. Осы жылдың ақпан айында Үкіметтің кеңейтілген отырысында әлем бойынша білім мен ғылым жарысының тым қатты қатты жүріп жатқанын әрі осыған байланысты  Қазақстанды әлемдегі «цифрлық көшпенділердің ордасына» айналдыру қажет екенін атап өткен болатын. 

Президенттің айтуынша, Тәуелсіз Қазақ елінің цифрландыру көшінде қол жеткізген жетістіктері аз емес. Әсіресе мемлекеттік және қаржы қызметтерін цифрландыру ісінде айтарлықтай табысқа қол жеткізген. Ол сонымен қатар, жыл соңына дейін отандық мамандардың суперкомпьютер жасап шығарғалы отырғанын айтқан еді.

«Нақты айтар болсақ, елімізде қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 2023 жылдың соңына қарай 88 пайызға жетті. Бұл өте жақсы көрсеткіш. 2020 жылға дейін бұл көрсеткіш 50 пайыздан аспайтын. Бұл Қазақстанның небәрі төрт жылдың ішінде қарқынды түрде қаржы технологиясын жүргізе алғанын көрсетед», - деген болатын президент.

Сондай-ақ ол бұл жұмыстардың ел экономикасының басқа да салаларына үлгі болуы тиіс екенін атап өтті. Айтуынша, басқа салаларды да цифрландырудың уақыты келіп жетті. Ол үшін Сингапур тәжірибесі негізінде әрбір министрліктің өз секторы үшін цифрлық трансформация картасы болуы керек екені әрі бұл карта министрліктердің құзырындағы салаларда алдағы бес жыл ішінде қандай технологиялар жаппай енгізілетіні туралы толық жоспар болуы тиіс. 

Айптақшы сол жиында Мемлекет басшысы жасанды интеллектті дамытуға баса назар аудару қажет екенін баса айтқан еді.

«Сарапшылардың бағалауынша, 2026 жылға қарай әлемдегі кәсіпорындардың 80 пайыздан астамы жасанды интеллект құралдарын қолданады (бүгінде бұл көрсеткіш 5 пайызға да жетпейді). Медицина, білім беру, креативті индустрия салаларында жаһандық өзгерістер болып жатыр. Біз бұған қазірдің өзінде куә болып отырмыз. Нақты айтқанда, жасанды интеллекті арқылы біз экономикамызды қарқынды түрде дамытамыз, сондай-ақ елімізде ең үздік инновацияларды қолданамыз. Ол үшін жұмысты түбірінен бастауымыз керек, яғни институционалдық орта қалыптастыру керек», - деді Президент.

Президент тапсырмасы бойынша қызу жұмысқа кіріскен мамандар сол айналасы бірер айдың ішінде үлкен шаруа бітіріп үлгеріп отыр. Яғни президент сөз еткен суперкомпьютер Қазақстанда жыл соңына дейін іске қосылғалы отыр. Бүгінде бұл жұмыстармен  «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен Біріккен Араб әмірліктеріндегі атақты Group 42 компаниясы айналысып жатыр. Сол секілді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Presight AI Ltd. Компаниясымен де біршама келісімдерге қол қойғанын айтқан еді. Бүгінде аталмыш компания жасанды интеллект саласындағы жаһандық көшбасшы болып саналады. Дайын болған супер желі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Деректерді өңдеу орталығында орналастырылады деп күтіліп отыр. 

Расы керек, Қазақстанның аса қуатты компьютер құру және жасанды сана орталығын құру туралы бастамасы біршама дүниеге есік ашып берді деуге болады. Мәселен, Қазақстан нарығында жасанды интеллектті енгізумен айналысатын бірқатар стартаптардың пайда болуына жол ашты. Әрине олардың көбі мемлекет  тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Ұзамай бұл стартап жобалардың барлығы да жетілген компанияларға айналып үлгерді.

Мәселен, ForUS.Data, Higgsfield AI, Sergek Group GoatChat.AI, Cerebra, AI Labs секілді компаниялардың барлығы да осы жобаның арқасында нарыққа шығып отырғанын айта кету керек. Айтпақшы осы аталғандардың ішіндегі Cerebra отандық платформасы Қазақстанда сәтті сынақтан өткеннен кейін жоба Өзбекстан нарығына жолдама алып отыр. Cerebra отандық платформасы жеделдетілген режимде инсульттің автоматтандырылған диагностикасын жасай алады. 
 

Десять комфортных школ открыли в Астане

Всего в рамках нацпроекта в 2024-2025 годах будет построено 24 школы нового формата
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 22:34

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14

В этом году бюджет города Шымкента увеличен на 123 млрд тенге

Объем бюджета составляет 779 млрд тенге
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 17:41

В Алматы временно перекроют участок улицы Сатпаева

В связи с проведением сельскохозяйственной ярмарки
Алина Мороз Алина Мороз 22.11.2024 | 17:22