×

Қазіргі дәуірдің Өзбекәлі Жәнібекові кім?

Құлбек Ергөбек Өзбекәлі Жәнібековтің шәкірттері туралы айтты. 

Даурен Омаров 05.03.2025 | 07:09

Жазушы, әдебиет сыншысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Құлбек Ергөбек Adal Adal youtube арнасына берген сұхбатында Өзбекәлі Жәнібековтің ізбасарлары туралы ой өрбітті.

«Бүгінгі күннің Өзбекәлі Жәнібекові болса, ол бәлкім Иманғали Тасмағамбетов болар еді деп ойлаймын. Өзбекәлі Жәнібеков құрғақ қайраткер ғана емес, этнолог қой. Ал Иманғали Тасмағамбетовтың ескерткіштер жайлы кітабы қандай коллекция, қандай тұжырым-түсінік?! Ол да Өзбекәлі Жәнібековтің жаңа дәуірге лайық бір үлгісі ғой деп ойлаймын. Біздің айтып отырғанымыз – Имекең қатарлы замандастарымыз Көбісі дүние салды, көзі тірісі зейнетте. Ал солардың орнын басатын Жәнібековтер бар ма қазір? Жәнібеков секілді болмай-ақ қойсын, Иманғали, Қырымбек секілді кімдер бар деп аламыз? Алтынбек Сәрсенбаевымыз бар ма қазір? Ойланып қарайықшы?!», - деді жазушы-ғалым.

Сонымен қатар сұхбат барысында Құлбек Ергөбек Алтынбек Сәрсенбайұлы, Қырымбек Көшербаевтар өздерін Өзбекәлі Жәнібековтің шәкірттері санайтынын жеткізіп, ұстазына жасаған қамқорлығын атап өтті.