Өңірдің цифрлық аспаны: дрондар құрылыс, ТКШ және Ақмола облысының табиғи ресурстарын бақылауда

Ақмола облысында Мемлекет басшысыныңбірыңғай дрондар инфрақұрылымын енгізужөніндегі тапсырмасы аясында пилоттық жобаіске қосылды.
«Бірыңғай дрондар инфрақұрылымы» аттыбұл жоба мемлекеттік және инфрақұрылымдықжобаларды басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Жүйемектептер мен жолдардың құрылысынбақылауға, жылу желілерінің жай-күйінқадағалауға, жер қойнауын пайдаланусаласындағы заңбұзушылықтарды анықтауғажәне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықжұмысының сапасын жақсартуға мүмкіндікбереді.
Облыс әкімдігінде өткен жиында Ақмолаоблысының цифрландыру және архивтербасқармасы «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіпжобаны облыс әкіміне таныстырды. Презентация барысында пилотсыз ұшуаппараттарын жедел бақылау мен талдаужүргізуде пайдалану мүмкіндіктері көрсетілді.
Облыс әкімі бұл бастаманы қолдап, пилоттық кезең аясында дрондар Көкшетаужәне Қосшы қалаларында қолданылатынынатап өтті. Сонымен қатар, шалғай елдімекендерді тексеру үшін мобильді дрондарпайдаланылады.
«Цифрлық технологиялар мемлекеттікбасқару саласында маңызды рөл атқарады. Инновациялық шешімдер көрсетілетінқызметтердің сапасын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар ықтимал қауіп-қатерлердіазайтуға мүмкіндік береді. Ақмола облысыосындай озық жобаларды енгізуде пилоттықөңір болуға дайын», – деді облыс әкімі Марат Ахметжанов.
Жобаның негізгі артықшылықтарының бірі – жылу желілерінің жағдайын дрон арқылықашықтан бақылау. Бұл жылу шығындарынанықтап, оларды жою бойынша уақтылышаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, дрондар жер қойнауынпайдалану саласындағы заң бұзушылықтардытіркеп, экологиялық нормалардың сақталуынқамтамасыз етеді.
«Қазіргі технологияларды пайдалануәлеуметтік нысандар – мектептер менжолдардың құрылысы барысын нақты уақытрежимінде бақылауға мүмкіндік береді. Бұлпроцестердің ашықтығын қамтамасыз етіп, тиімділігін арттырады және басқарушылықшешімдерді жедел қабылдауға ықпал етеді», – деп атап өтті Ақмола облысыныңцифрландыру және архивтер басқармасыныңбасшысы Мағжан Ержан.
Жобаны жүзеге асыру аясында Ақмолаоблысының цифрландыру және архивтербасқармасының басшысы Мағжан Ержан мен«Қазақтелеком» АҚ-ның цифрлық бизнесдивизионының бас директоры АбылайханОспанов өзара ынтымақтастық туралымеморандумға қол қойды.
Айта кетейік, цифрлық технологиялардыдамыту және заманауи мониторингқұралдарын пайдалану – өңірді дамытудыңбасым бағыттарының бірі. Егер «Бірыңғайдрондар инфрақұрылымы» пилоттық жобасысәтті жүзеге асса, оны бүкіл облыс аумағындакеңейту жоспарланып отыр.