×

Уағыздың да белгілі талабы, әдебі бар. Біреуден естідім екен деп айта беруге болмайды

Батыржан Мансұров, ҚМДБ «Уағыз-насихат» бөлімінің меңгерушісі: Уағыздың да белгілі талабы, әдебі бар. Біреуден естідім екен деп айта беруге болмайды

Уағыздың да белгілі талабы, әдебі бар. Біреуден естідім екен деп айта беруге болмайды
Фото: Батыржан Мансұров

- Жақында еліміздегі уағыз айту мәселесі арнайы құжатпен реттеледі, насихат айтатын имамдар мен мешіт қызметкерлерінің тізімі жасалады деген ақпарат шықты. Алдымен осы мәселеге  тоқталсақ...

- Иә, өзіңіз айтып отырғандай, Қазақстан мұылмандары Діни басқармасы қазақ қоғамында «Уағыз айтудың айтудың әдебі мен мәдениеті» тақырыбында бірінші республикалық уағызшылар форумын өткізді. Аталмыш форум осы жылдың 28 ақпан күні Астана қаласында өтті. Оған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты барлық өңірлерде уағыз айтып жүрген дін қызмекерлері қатысты. Аталмыш республикалық форумның басты мақсаты – белгілі. Өздеріңіз білетіндей, елімізде уағыз айтушы топтар қалыптасып келеді. Мықты-мықты уағызшылар, ғалымдар тобы қалыптаса бастады. Дегенмен бұл салада әлі де пісіп-жетіле қоймаған жайтар екені баршаға аян.  Жалпы айтатын болсақ, діни басқарма құрамында уағыз айтатын осындай қызметкерлердің өзіндік бағыт-бағдары, белгілі бір әдебі мен мәдениеті болу керек. Құжаттың осы мақсатта жасалып отырғанын айта кету керек. 

Екіншіден, бұл форумда үлкен құжат қабыданды. Яғни форум барысында  «Уағыз-насихат  айтудың әдебі мен мәдениеті» атты арнайы тұғырнама бекітілді. 

-    Жалпы Тұғырнаманың мақсаты не?

- Жалпы бұл тұғырнаманың басты мақсаты - Қазақстан мұмылмандары діни басқармасына қарасты мешіттерде уағыз-насихат жұмыстарының бір ізділігін қамтамасыз ету. Екіншіден, дін қызметкерлерінің асыл дініміздегі құндылықтарды жұрт арасында дұрыс бағытта дәріптеу мақсатында бағыт-бағдар беру. 
Үшінші бағыт уағыз-насихат айтушыға қатысты болып отыр. Себебі, кез келген уағыз-насихаттың өзіндік бір методикасы болады. Сол методикаға уағызшының назарын аудару.
Төртіншіден, жалпы діни-уағыздың өзіндік моделін қалыптастыру деген дүние қамтылып отыр. Жалпы айтқанда құжаттың қысқаша мазмұны осындай болып отыр.

-  Бұл ереже қашаннан басталады, жалпы пайдасы қандай болмақ?

 - Бұл жерде тағы бір айта кететін жайт -  тұғырнама қоғам қажеттілігінен туындап отырған дүние. Ол сол форум барысында жұрт назарына ұсынылып, қабылданды. Яғни тұғырнама қабылданған күннен бастап күшіне еніп отыр. Бұл әрине уағыз айтып жүрген мешіт қызметкерлері мен уағызшылар, жалпы дін қызметкерлеріне белгілі деңгейде жауапкершілік жүктейді. Бүгінде уағыз айтудың әдіс-әсілі мен методикасын бекіту жұмыстары пысықталып, бекітілді. Осы бағытта жұмыстар жасалып, талдаулар, зерттеулер жүргізіліп жатыр

 - Бұл жаңалықты жұртың қуана қабылдағанын байқадық. Себебі неде деп ойлайсыз?

- Әрине бұл құжатты яғни тұғырнаманы жалпы жұрт, мұсылман жамағаты өте жақсы қабылдап жатыр. Себебі, халық уағызшылардың бойынан жақсы дүниелерді көргісі келеді. Оның үстіне қоғам тарапынан «екінің бірі уағыз айтып кетті ғой!» деген сауалдар да қойылып жатыр. Расында да тек дін қызметкер ғана емес басқа да сала мамандары уағыз айттып кетті әлеуметтік желі арқылы. Шындығына келгенде, уағыз айту - еріккеннің дүниесі емес қой. Біреуден естідім екен деп айта беруге болмайды. Уағыздың да белгілі талабы, әдебі бар. 
Уағыз деген үлкен ғылым, үлкен білім. Оның әдіс-тәсілдері мен методикасын білмесе үлкен қателік болады. Тақырыпқа қатысты хадистер, Құран аяттары, қазақ халқының салт-дәстүрлерін, жалпы оған қатысты айтылған ғалымдар мен ғұламалардың иірімдерін дұрыс түсінбесе, әрі ол саланы оқымаса, ол қоғамды керісінше басқа бағытқа теріс ақпаратқа бұрып жіберуі мүмкін. Сондықтан уағыз-насихатты тек өз саласының маманы айту керек. Қабылданып отырған тұғырнама осы мақсатта, уағызшыларды дұрыс арнаға, бір бағытқа бағыттау мқсатында құрылып отыр. Яғни кез-келген адам айта беретін дүние емес. Оны арнайы мамандар айту керек.

- Жалпы уағыз қандай болуы керек? Белгілі бір талаптар бар шығар?

- Басында айтып өткенімдей, құжаттың өзіндік маңызы зор. Уағыз атйтушылар дегеніміз -  Алланың асыл дінін насихаттушылар. Ендеше ондай адамдар қандай адамдар болуы тиіс? Әрине, асыл дініміз қоғамға дұрыс насихатталуы үшін және сол насихатты дұрыс тыңдап отыған бұқара халықтың тура жол табуына, әрі түрлі теріс бағыттан бет бұруына, бұрыс бағыттардан арылуына себепші болатынбай болуы тиіс. 
Сол себепті осы тұғырнамада мынадай мәселелерді қамтыдық:

Бірінші мәселе  - уағыз-насихаттың түрлері. Яғни кез келген насихаттың түрлері болады. Мысалы мешітте айтылатын уағыз бөлек болады, әлеуметтік желіде айтылатын насихат та өзгеше болады. Сол секілді жаназа секілді жерлерде айтылатын насихаттың да өзіндік ерекшелігі болатыны белгілі. Құдайы ас, садақаларда айтылатын уағыз-насихаттар тағы бар. Тойларда, неке барысында яғни қуанышты жағдайларда айтылатын насихат тағы бөлек болады. Яғни уағыз айтушы насихаттың осындай түрлерін ажырата білуі керек. 
Имамдар үшін аталмыш тұғырнаманың маңызы осындай болып отыр. Қуанышты бір жерге барып, ақырет жайлы айтып отырмайды ғой. Сол секілді мешіт қызметкеріне қай аудиторияда қандай уағыз айтылуы тиіс деген ережелер де қамтылып отыр. 

Тұғырнамада ерекше мән беріліп отырған тағы бір мәселе – көрнекілік құралдары болып отыр. Яғни уағыз-насихат барысында пайдаланылатын материалдарға мән берілуі керек. Мысалы Құран аяттарын айтамыз, Мұхамед пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерін келтіреміз. Сонымен қатар қазақ халқының салт-дәстүрлерін, ата-бабаларымыз бен би шешендерімізің аталы сөздері, нақылдары, ақын-жырауларымыздың жырлары, даналық сөздерін қолданамыз. Қазақ халқының мақал-мәтелдерінің өзі тұнып тұрған өсиет. Тұғырнамада осы мәселелерге де қатты көңіл бөлініп отыр. 

Үшінші  - уағыз-насихаттың құрылымы. Бұл жерде уағыздың құрылымы қандай болуы керек, тақырып қандай бағытта таңдалуы керек деген дүниелер қамтылады. Тыңдаушы мен қасыңызда отырған адамның деңгейіне қарай тақырып таңдаудың өзі үлкен тәжірибені қажет етеді. Яғни уағыздың да кіріспе бөлімі, негізгі және қорынды бөлімі болуы керк

Сол секілді тұғырнамада уағыз-насихаттың әдістеріне назар аударылды. Яғни оның да әдістері бар. Мысалдар келтіруге болады, сұрақ-жауап арқылы сөйлесуге де болады. сауал тастап тіптен қисса-әңгімелер айту арқылы да адамға әсер етуге болады.  Сол айтылып жатқан насихаттан ғибрат алу деген дүние тағы бар. 

Сонымен қатар, уағыз айтушының бойында белгілі бір сипаттар болуы тиіс. Тыңдаушының ықыласы болады, соған сай уағызшының білімі мен зейіні, даналығы, діндарлығы сай болуы тиіс деп кете береді. 
Сол секілді уағызшының мінез-құлқы сабырлылығы, өзгелерге үлгі болуы, жұмсақтығы деген талаптар болады. Яғни уағызшының бойында осындай сипаттар болуы керек. 

Тұғырнамада қамтылған  соңғы дүние  - айтылатын уағыз-насихаттың өзіне тән қағидалары болуы тиіс деген талап. Мысалы дінді халыққа жеткізген кезде ауырлатпай, күрделендірмей жеңіл тәсілмен жеткізу. Жанашырлық таныту керек. Асыл дініміздің парыз етілген дүниелері бар. «Сол парыз етілген дүниелерді оқымасаң, жасамасаң өлесің я болмаса күнәхар боласың!» деп бірден қатты кетпей, оның міндетті екенін байыппен жеткізуге болады. Құлшылықты бірте-бірте үйрету қажет. Яғни адаммен жақсы қарым-қатынас болуы керек
Қысқаша айтар болсақ, жалпы тұғырнамада осындай алты ереже қамтылып отыр. 

 - Құжатқа сәйкес кімдерге уағыз айтуға болады, кімдерге айтуға болмайды тыйым бола ма?

- Бұл форумда қабылданған тұғырнама жалпы дін қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктейді. Әрі бағыт-бағдар болады деп ойлаймыз. Шамасы жететін, зейіні мен білімі жететін азаматтаға ғана уағыз айтуға болатынын халық түсіну керек. 
Жалпы осы бағытта  үлкен шара өтті. Енді әрине алда осы мәселені әлі де оқу құарлдары арқылы жетілдірсек деген жоспарлар бар. Басқа елдерде уағызшыларға арналған, уағызшылар дайындайтын факультеттер бар. Біреуі арнайы хадисші, құран ілімімен маманданып шығады. Сол секілді уағызшы қалай болуы керектігін үйрететін де факультеттер бар. 
Бізде әзірше барлығы да жалпы түрде оқытылып, үйретіліп жатыр. Бірте-бірте ол да жбір жүйеге түседі деп ойлаймын. Уағыз ғана емес асыл дінімізді түсіндірудің өзіндік методикасы, әдіснамасы қалыптасады деп отырмыз. 
Себебі бұл белгіл бір деңгейде білімді , жауапкершілікті қажет етеді.  

-    Салиқалы әңгімеңізге рахмет! 
 

Десять комфортных школ открыли в Астане

Всего в рамках нацпроекта в 2024-2025 годах будет построено 24 школы нового формата
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 22:34

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14

В этом году бюджет города Шымкента увеличен на 123 млрд тенге

Объем бюджета составляет 779 млрд тенге
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 17:41

В Алматы временно перекроют участок улицы Сатпаева

В связи с проведением сельскохозяйственной ярмарки
Алина Мороз Алина Мороз 22.11.2024 | 17:22