×

Ассамблея өкілдері Маңғыстауда «Бірлік түбі береке» атты мерекелік шара өткізді

Әз-Наурыз мейрамы қазақ халқы үшін ежелден келе жатқан маңызды мерекелердің бірі екені белгілі

Ассамблея өкілдері Маңғыстауда «Бірлік түбі береке» атты мерекелік шара өткізді
Фото: kazgazeta.kz

Бұл мереке бүгінде тек қазақ халқы ғана емес, Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың асыға күтетін мерекесіне айналып отыр деуге болады. Сонымен қатар әз-Наурыз татулық пен бірліктің, молшылықтың, берекенің белгісі саналады. 

Осы Әз-Наурыз мейрамы қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау филиалы айрықша шара өткізді. Жылдың басы, берекенің бастауы Наурыз мейрамының келу құрметіне деп Амфитеатр алаңында «Бірлік түбі береке» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

«Наурыздың басты атрибуты  - татулық, жылулық екені белгілі. Сондықтан да болар әз-Наурыз мейрамы батыс өңірде ерекше аталып өтеді. Адамға жалпы табиғатқа жаңару әкеліп, шуақ сыйлайтын мерекелердің бірі. Әрі бұл мереке ұлттық мәдениетімізді одан сайын жаңғырта түсетін атақты мерекелер санатына жатады. Бұл мерекеде қазақ халқы барын көрсетіп, ерекше пейілін паш етеді. Сол секілді еңң жақсы киімдерін киіп, ағайын-туыс, көрші-қолаңмен толықтай көрісіп шығады. Бұл мереке сонымен қатар Қазақстанда тұратын барлық этностардың  ортақ тарихымыз бен салт-дәстүріміздің жаңаруына үлесін қосып отыр», - дейді ұйымдастырушар. 

Шара барысында дәстүрлі спорт түрлерінен әр түрлі жарыстар ұйымдастырып, әннен, биден шашу шашылды. Орталық алаңда «Достық үйі» деп аталатын киіз үйлер тігіліп, Наурыз көже таратылды. Бауырсақ, шұбат сынды тағамдар насихатталып, қазақ халқының  және шығыс халықтарының ұлттық киімдері мен әшекей бұйымдары жұрт назарына ұсынылды. Мерекелік шараға қатысушы қала тұрғындары мен қонақтарына 500 орындық «Балалар себеті» дайындалып, таратылды.

«Бірлік түбі береке» деген атаумен өткен мереке қала жұртына жақсы көңіл-күй сыйлады. Әсіресе келушілер татар этномәдени бірлестігінің «Каспий толқыны» ансамблі мен украин этномәдени бірлестігінің құрамындағы «Смеричка» ансамблінің өнеріне тәнті болғандарын айтып жатты. Шара соңында армян этномәдени бірлестігінің мүшесі, «Бала дауысы» байқауының бас жүлдесінің иегері Армен Сахакян әннен шашу шашып, көременнің құлақ құрышын қандырды. 

Айтпақшы, мұндай шаралар еліміздің өзге де өңірлерінде өткізіліп жатқанын айта кету керек. 
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Алматыда да әз-Наурыз мерекесіне орай қайырымдылық шарасы өтті. Бұл шараға Республикалық Достық үйінің Алматы қаласындағы филиалы мен «ATA Yord-NOMAD» әзірбайжандар этномәдени бірлестігі мұрындық болып отыр. Сонымен қатар, көрерменге қуаныш сыйлаған бұл шараға «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі және «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығы ат салысқанын айта кету керек. 

Шараға орай әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларды қолдау жөніндегі облыстық орталықта қайырымдылық акциясы өтті. Шара барысында Қазақстан күрдтерінің Барбанг қауымдастығы төрағасының орынбасары Рафик Мирзоев кішкентай баланың тұсауын кесіп, арнайы сый жасады.


 

Десять комфортных школ открыли в Астане

Всего в рамках нацпроекта в 2024-2025 годах будет построено 24 школы нового формата
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 22:34

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14

В этом году бюджет города Шымкента увеличен на 123 млрд тенге

Объем бюджета составляет 779 млрд тенге
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 17:41

В Алматы временно перекроют участок улицы Сатпаева

В связи с проведением сельскохозяйственной ярмарки
Алина Мороз Алина Мороз 22.11.2024 | 17:22