×

ҚХА - бір шаңырақ астында тұратын халықтар мүддесін біріктіретін институтқа айналды

Бүгінде Тәуелсіз Қазақ елінде тату-тәтті тұрып жатқан әрбір этностың өзінің төл мәдениетін, ата-бабасы ұстанған салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтауға тең мүмкіндіктер жасалып отырғаны еш құпия емес

ҚХА - бір шаңырақ астында тұратын халықтар мүддесін біріктіретін институтқа айналды
Фото: anatili.kazgazeta.kz

Сол секілді еліміздің барлық өңірінде қазақ даласынд өз үйіндей көріп өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдерінің өз мәдениетін дамытып, тілін жоғалтпай үйренетін Достық үйлері бар. Бұл әлемнің ешбір елінде жоқ үрдіс. 

Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы – ұлттар достығына негізделген мемлекеттік саясатты сәтті жүзеге асырудың аса маңызды құралы құралына айналып отыр деуге болады. Сондай-ақ елімізді мекендейтін барлық этностардың бір ұлтша ойланып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара біліп, бір тудың астына бірігіп, өзара іс-қимылы ортақ, яғни татулықтың ордасына айналып отыр. ҚХА құрылғаннан бергі отыз жылға жуық жыл ішінде ұлтаралық келісімнің мемлекеттік моделінің негізгі қазығына әрі қоғамдағы бірлікті нығайтушы факторға айналды. Ол осы жылдар аралығында кейбіреулер айтып жүргендей, Қазақстанда тұратын барлық ұлттарды үнемі назарда ұстап,  бақылаудың бюрократиялық құралына айналып кеткен жоқ. Керісінше бір шаңырақ астында тұратын халықтар мүддесін бір арнаға біріктіретін әрі ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қатаң сақтауды қамтамасыз ететін негізгі институтқа айналды. 

Әрі осы  мақсатта Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған жылдар ішінде көптеген сәтті жобаларды жүзеге асыра білгенін айта кеткен жөн. Бүгінде Асссамблея аясында «Біз біргеміз» атты Тәуелсіз Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан этностар өкілдері мен көрнекті тұлғаларының деректер базасы жасалып отыр. Сол секілді «Бірлік», «Білім» және «Тәрбие» секілді волонтерлік жобасы бар екенін айта кету керек. 

Жыл сайын шығармашыл жастарға арналған «Туған жер» байқауы өткізіліп келеді. Конкурстың мақсаты - өңірдің тарихы, жергілікті топонимика, өлкетану, облыстың танымал тұлғалары, олардың өңірдің және елдің дамуына қосқан үлесін насихаттау. 

Бүгінде жұрт арасында үлкен қолдау тауып жүрген жобаланыың бірі деп - «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасын атйтуға болады. 
Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы мен бір апталық «Тіл мектебі» 2015 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Ақпан айынан бастап қараша айына дейін созылатын жыл сайынғы «Мың бала» жобасы аясында республика бойынша жыл сайын кемі 6 іс-шара ұйымдастырылады.

Басында айтып өткеніміздей ҚХА осы уақытқа дейін көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Болашақ үшін естелік» жобасы мықтап тұрып жолға қойылды. Жобаның негізі мақсаты – ұлттық тарихи сананы қалыптастыру және оны келешек ұрпаққақаймағын бұзбастан жеткізуге үлес қосу екені даусыз. Сарапшылар бұл жобаны ұлттық қана емесе халықаралық деңгейде танымал жобалардың бірі екенін айтып жүр. 

Сол секілді 2018 жылдан бастап ҚХА-ның «Қазақтану» атты мәдени-ағартушылық жобасы іске асып келедің. Бұл жобаның да сол басты мақсаты – ұлттың бірлігін арттыру. Яғни ел халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ортақ мәдени кодын қалыптастыру. Ортақ құндылық, ұлттық тарихи сана,  ең бастысы ұлттардың бірлігіне негізделген ортақ шаңырақ қалыптастыру еді.

Бүгінде бұл жобалар нәтижесін беріп те жатыр. Қазақстанда тұратын әрбір этнос өз мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтауға зор мүмкіндіктер алып отыр. .Барлық өңірлерде Достық үйлері құрылып, ол жерде елімізде тұрып жатқан барлық этностарының өкілдері өз мәдениеті мен дәстүрын дамытып, тілін үйренуді.

Осы ұйымның арқасында этностар кез келген мәселені жеке ұлт ретінде емес,  бүкіл мемлекет пен қоғамның көзқарасы тұрғысынан қарастыруды үйренді. Тағы бір айта кетерлігі, Қазақстанда өзніңің дәстүрінен, тілінен, ділінен қол үзіп қалған яғни оқшаулануға түсіп қалған этностар жоқ. 

Осы тұста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 3 маусымындағы «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатын атап өткен жөн секілді. Өз сұқбатында Мемлекет басшысы «Қазақстандықтар қай ұлтқа қарамастан, өздерін бір халық, бір ұлт деп санайды» деген болатын. Сонымен қатар, Қазақстанда  «ұлттық азшылық» деген ұғым жоқ екенін қадап айтқан.

Қысқаша айтар болсақ, тұтас ұлт болып көтеріп жүрген «Бейбітшілік және Келісім» қағидасы  - мемлекет құрудың қай кезеңінде де саяси маңызы зор және конституциялық тұрақтылықтың бірі ретінде тұрақты назарда ұсталып келеді.

Қазіргі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, еліміздегі этносаралық қатынастар саласын одан әрі дамытып, достыққа негізделген бұл саясатты мемлекеттік негізгі тірегі ретінде қалыптастыру бойынша шаралар қабылдау ісі тұарқты түрде жалғасын тауып келеді. Оған мысал ретінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің құрылуын айтуға болады. Сонымен қатар қолданбалы этносаяси зерттеулер институты құрылуы да осы идеяның жалғасы екені белгілі. Тұғыры биік ел идеясын ту еткен бұл институттың да негізгі пәні ретінде этносаралық қатынастар мәселесі қарастырылатыны даусыз . 

«Алдымызда ел бірлігін, татулық пен келісімді нығайту мақсатын тұтып отырған Президент көрсетіп берген жолды жалғастыру жұмыстары тұр. Әрі осы бағытта ұлт сабақтастығы, бірлік, татулық секілді кешенді жұмыстар атқарылуда. Соған сәйкес, өңірлік деңгейдегі басқару жүйесі де біршама реформадан өтіп жатыр. Әрине, мұндай шаралардың шаралардың барлығы ұлт бірлігі мен  мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыруға арналған», - дейді Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов. 
 

Токаев принял вновь назначенных заместителей руководителей силовых структур

В ходе встречи Глава государства дал ряд поручений
Алина Мороз Алина Мороз 19.09.2024 | 18:21

Токаев принял министра внутренних дел Ержана Саденова

Президент дал ряд поручений по дальнейшему повышению уровня правопорядка и общественной безопасности в стране.
Алина Мороз Алина Мороз 19.09.2024 | 17:03

Более полумиллиона гостей посетило Казахстан во время Всемирных игр кочевников

Помимо соседних стран  прибыли гости из Китая, Индии, Турции, Германии и США.
Алина Мороз Алина Мороз 19.09.2024 | 16:37

Военным Казахстана запретили играть в азартные игры

Президент утвердил изменения в устав военнослужащих 
Алина Мороз Алина Мороз 19.09.2024 | 13:27

В Казахстане мопедистов обяжут иметь водительские права

Закон направили на подпись президенту 
Алина Мороз Алина Мороз 19.09.2024 | 12:45

Самат Искаков: где техника из Сарани? Отчетность чиновников не соответствует реальности

Он отметил, что часто открытия новых заводов сопровождаются помпой, но на практике реальной продукции нет
Алина Мороз Алина Мороз 19.09.2024 | 11:38