×

Ассамблеяның апталық жұмысына шолу

14-21 наурыз аралығында Қазақстан Халқы Ассамблеясы Астана төрінде бірқатар мерейтойлық іс-шаралар өткізді

Ассамблеяның апталық жұмысына шолу
Фото: assembly.kz

Біз кезекті шолуымызда Ассамблеяның өткізген сол іс-шараларының маңызды дегендеріне шолу жасап, назарларыңызға ұсынбақпыз. 

Биыл Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы өткелі отыр. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиырмасыншы наурыз күні азақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы арнайы өкімге қол қойды. Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясы «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» деген тақырыпты арқау етіп отыр. 

Ал сессияның өзі 2024 жылы 24-25 сәуір күндері Астана қаласындағы Президенттік орталықта өтеді. 

14 наурыз күні - еліміз Амал мерекесі яғни Көрісу күнін атап өтті. Осыған байланысты Астанада тұратын түрлі этнос өкілдері де мерекелік шара ұйымдастырды. Елордадағы Достық үйінде болған мерекелік шара барысында Ассамблея мүшелері елімізде соңғы кездері ерекше аталып өтіле бастаған Амал күніне қатысты рәсімдер өткізіп, көрермен назарына қазақ халқы Көрісу күнінде жасаған жоралғыларды ұсынды. Көрісе келген қонақтар бір-бірімен амандасып, саулық тілесіп жатты. Кейін түрлі этнос өкілдері өз өнерлерін көрсетіп, ұлттық тағамдарынан дәм татқызды. Шараға сондай-ақ Достық үйіндегі Аналар және Ақсақалдар кеңесі және «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің Астанадағы филиал өкілдері ат салысты.

«Бүгін біз біртұтас қазақ елі болып, еліміздің батыс өңірінде тұғыры берік мерекеге айналып үлгерген Амал күнін тойлап жатырмыз. Халық бұл дәстүрді жыл сайын асыға күтеді. Бақытты күндер көктем келісімнен басталады. Атап айтқанда, Наурызды Амал күнінен бастап тойлайтын боламыз. Еліміз егемендік алғаннан кейін ұлттық мерекелер қайта жандана бастағаны қуантады. Бұл күні біреуге ренжіген адамдар ашуын ұмытып, ренжіткен адамға барып кешірім сұрайды. Сөйтіп, олардың арасындағы салқын қарым-қатынастың жібі қайта жалғасып, адамдар қайтадан тіл табысады. Барлық халықты Амал күнімен құттықтаймыз! Айлардың сұлтаны Рамазан айында тілеген тілектеріміз қабыл болсын!», - деп Ассамблея қабырғасындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, «Ырыскелді Қажы» мешітінің имамы Яхия қажы Исмаилов келген жұртқа батасын берді. 

14 наурыз күні де Елорда төрінде Ассамблея өкілдері ел халқын Наурыз мерекесімен құттықтады. «Қош келдің, әз-Наурыз!» деген атпен өткен мерекелік шара да сол Астанадағы Достық үйінің алаңында өткенін айта кету керек. Іс-шара алаңында түрлі этномәдени бірлестік атынан деп бес киіз үй тігілді.Шараға келушілер назарына деп Ассамблея өкілдері түрлі спорттық ойындар ұсынып жатты. Атап айтар болсақ, келушілер асық ату,бұқа тартыс, қазақша күрес, гір тасын көтеру, қол күресі секілді түрлі ойындарға қатысты. Сондай-ақ, көрермендер елордалық этномәдени бірлестіктердің экспозицияларына барып, этностардың мәдениетімен, дәстүрлерімен танысты. 

«Юнчи» дүнген орталығы қалыңдықтың шаш үлгісінің құпиялары туралы айтып берді, Әзербайжан және түрік этно бірлестіктерінің киіз үйінде қолданбалы өнер бойынша мастер-класс өтті, онда қынамен сурет салу көрсетілді. Одан кейін жырдан шашу шашылып, әр ұлттың ұлттық тағамдарынан ауыз тию рәсімі өтті.

«Қазақ халқы ғана емес жалпы түркі халықтарына ортақ Наурыз мейрамы тарихи тамыры өте тереңге кеткен көне мереке. Ол жай мереке емес, жаңару мен жасару мерекесі деп есептелген. Осыған байланысты біздің халқымыз оны ұлы күн деп атаған. Еліміз жылдан-жылға бұл мерекені жаңғыртып, дамытып келеді. Биылдан бастап Наурыз мейрамын тойлау он күнге жалғасқалы отыр. Наурызнаманың онкүндігі аясында біз Қазақстан халқы ассамблеясының, этномәдени бірлестіктердің өкілдерін, елшіліктердің дипломаттарын, сондай-ақ қала қонақтарын көктемгі күн мен түннің теңелу мерекесін бірге атап өтуге шақырдық. Биыл сонымен қатар, Наурыз мерекесі мен Рамазан айы қатар түсіп отыр. Осыған байланысты көмекке мұқтаж, көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, ерекше балаларға Қазақстан халқы ассамблеясы атынан көмек көрсетілді», - дейді ҚХА Астана хатшылығының қызметкері Гүлнәр Тайгокова.
 

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14