Оқушылар қатерлі ісіктің емін тапты
Елімізде онкологиялық аурулар мәселесі өте ушығып тұр
Ресми есепке сенсек, елімізде 205 мыңнан аса адам онкологиялық дертке шалдыққандар ретінде арнайы есепке алынған. Оның 40 мыңнан астамы сүт безіне шалдыққандар құрайды. Ал екінші орында өкпе, үшіншіде ішек ауруы, төртінші орында асқазан обыры тұр. Ең сорақысы, жылына 37 мыңнан астамға осындай диагноз қойылады екен. Өкініштісі, солардың 19 мыңнан астамы қатерлі ісіктен көз жұмады. Дегенмен жұрт арасында "аты жаман ауру" аталып кеткен бұл дертке қарсы шаралар да жоқ емес. Жыл сайын отандық медицинаның көмегімін мыңдаған адам ауруынан айығып, сауығып кетіп жатыр. Сонымен қатар отандық ғалымдардың да ракка қарсы жүргізіп жатқан жұмыстары да нәтижесіз емес. Тағы бір айта кетерлігі, мұндай ғылымыи ізденіс үстіндегі ғалымдардың арасында мектеп оқушылары да бар. Ең ғажабы сол оқушылар жасап шыққан ғылыми жаңалықтардың алды өз нәтижесін бере бастаған. Тіптен, олардың біразы батыс елдерінен шақырту алып отыр.
Кешелі бері отандық БАҚ беттерінде елордалық оқушылар рак клеткаларын жоятын әлемде теңдесі жоқ сығынды жасап шығарды деген ақпарат қоғам назар аударып үлгерді. Астана қалалық әкімдігінің хабарлауынша, Әлішер және Мадияр есімді қос жас ғалымның жаңалығына АҚШ мамандары жоғары баға беріп отыр. Патогенді микроорганизмдерге қарсы мия сығындысын ойлап тапқан қос оқушы - Астанадағы № 73 мектеп-лицейдің 10-сыныбында оқиды. Мадияр мен Әлішер екеуі егіз. «Егіздер сабақты өте жақсы оқиды. Дарынды оқушылар. Еееуі де барлық сабақты аса қызығушылықпен оқиды. Әсіресе, биологияға айрықша қызығушылық танытатын.
Биология және химия пәндері бойынша облыстық, қалалық олимпиадалырдың жеңімпазы. Сонымен қарат олар мектеп жанынан «Ғылым үйірмесін» және жалпы қала қала бойынша биология мен химияға қызығатын балаларға арналған «Discovery Alliance» үйірмелерін ашып, өзге оқушыларды ғылымға баулып жатыр», - дейді Әлішер мен Мадиярдың сынып жетекшісі, биология пәнінің мұғалімі Сәуле Әміржанова.
Әкімжановтартың ойлап тақпан қатерлі ісікке қарсы қасиеті бар деп есептелетін сығындысына АҚШ мамандары қызуғушылық танытып, арнайы грант ұсынған. Яғни жас зерттеушілер АҚШ университеттерінің толық қолдауымен Education USA грантын жеңіп алған. 2023 жылдың желтоқсанынан бастап екеуі аталмыш оқу орнының аранйы курсын онлайн оқып жатыр.Ал курстың өзі 1 жылға созылады.
«Жалпы Биология пәніне 7-сыныптан бастап қызыға бастадым.Осыған байланысты мектепте осы пән бойынша жақсы білім ала бастадым. Кейін басқа зертханаға я,ни NextBio-ға биотехнология саласына жүгінгенімде қызығушылығым одан сайын арта бастады. Бұл пәнді жоғары деңгейде меңгергім келгендіктен, биология пәнінен зерттеу жүргізіп жатырмын. Биологияны жастарға қызықты ету үшін түрлі үйірмелер мен тегін курстар жүргізе бастадым. Оның пайдасы орасан зор. Себебі, мен биология пәнінен сабақ бергенде мен де көп ізденемін әрі өзім де дамыймын. Болашақта биологияны әлемдік деңгейде оқығым келеді», – дейді Әлішер Әкімжанов.
Егіздер осындай биологияға деген қызығушылығының арқасында арнайы сұйықтық жасап шығарған. Кейін оны микробтар мен саңырауқұлақтарға қарсы қолданып көрген. Нәтижесінде czapek культурасында өсірілген сұйықтықтың S.Aureus, E.coli, C.Albicans және A.fimagatus микроағзаларын толықтай жойғанын байқайды.
"Бұл дегеніміз экстрактының құрамында токсикалық заттар бар дегенді білдіреді. Олар патогенді организмдерді толықтай жоя алды" - дейді жас ғалымдар. Жас ғалымдар Қазір АҚШ-қа оқуға дайындалып жатыр.Қазақ ғалымдары ашқан жаңалықтар мұнымен шектелмейді. Бұған дейін Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек Қазақстандық ғалымдар әлемде теңдесі жоқ ісікке қарсы препарат жасап жатқанын сүйіншілеген еді. Министрдің айтуынша, бұл препаратпен жұмыс істейтін биотехнологтардың ұзақ жылдар бойы Техас онкология университетінің Андерсон зертханасында жұмыс істегенін және жасушалық тамақтануға маманданған. Қазіргі таңда бұл дәрі онкологиялық ауруға шалдыққан адамдарға сынақ ретінде салына бастаған.
"Отандық ғалымдар жасап шығарған қатерлі ісікке қарсы D-VC препараты - Бұл қатерлі ісікпен күресудің инновациялық әдісі болып отыр. Ол рак клеткаларының қоректену
процесін бұзудың жолын таба алды. Бұл препараттың жасалуы қатерлі ісіктің ең қиын түрлерімен ауыратын науқастардың өмір сүру деңгейін арттырады. Қазір онкология университетінде 15 адам бірінші кезең бойынша ем алуды аяқтады. Нәтижесі өте жақсы. Алдағы жылы нарыққа шығуды жоспарлап отырмыз», - деді министр.