×

«Шапағат» байқауына өтінімдер қабылданып жатыр

Елімізде соңғы жылдары қазақ ғылымына елеулі үлес қосып, өнертабыс саласына өзіндік қолтаңбасын қалдырып жатқандардың қатары көбейіп келеді

«Шапағат» байқауына өтінімдер қабылданып жатыр
Фото: gov.kz

Ғылым және жоғары білім министрлігі жақында Ахмет Ясауи университетінің ғалымдары әлемде теңдесі жоқ телескоп жасап шығарғанын хабарлады. Ең ғажабы - телескоптың негізгі материалда ымен көптеген құрылғылары 3D-принтердің көмегімен жасалыпты. Телескопты сынау барысында тиімділіг өте жоғары екені дәлелденген. Айдың анық кескіні мен айдың бізге көрінетін бөлігіндегі қара дақтардың суреттері аылнған. Құрылғы «STEM және креативтілік» оқу-зертханасында дайындалған. Жоба жетекшісі –  Физика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Шерзод Раманкулов. Жалпы жобаға PhD Бақытжан Курбанбеков, магистр оқытушылар Серік Полатұлы, Нұрқожа Жақсылық, докторант Қажымұқан Келесбаев, магистрант Яхё Каримжанов және т.б. жас ғалымдар ат салысқан. 

Ұлттық зияткерлік меншік институтының мәліметінше, жалпы елімізде ғылымы жаңалықтар  мен өнертабысқа қатысты 600-700 патент беріледі екен. Бұл әрине, үлкен көрсеткіш. Бірақ  солардың жетпіс пайыздан астамы өндіріске аспай, тек патент күйінде қалып қояды екен. Айналып келіп бәрі қаржыға келіп тіреледі. Ал қарапайым өнертапқыштардың бәрінде ондай қаржы тағы жоқ. Кейбір ебін тапқандары мемле­кеттік гранттық конкурстарға қатысып, әжептәуір гранттар ұтып алып жұмыстарын жалғастырып жатады. Бірақ оған көбінің мүмкіндігі келе бермейді. Себебі елімізде мем­ле­кеттік грантқа қатысу үшін өнертапқыш міндетті түрде еліміздегі ғылыми мекеме­лердің бірінде қызмет етуі қажет деген ереже бар екен. Осындай ережелердің салдарынан өнертапқыштардың көбі өз шығармашылығы мен ғылыми жаңалығын ары қарай жүргізе алмай қалып жатады. Осыған байланысты елімізде біраздан бері дәсүрлі түрде «Шапағат» республикалық конкурсы өткізіліп келеді. Рас, бұл байқау отандық өнер табыс иелерінің мүмкіндігін кеңейтіп, жалпы ғылыми жобаларға үлкен мүмкіндіктер жол ашып беріп отыр. Байқаудан үздік деп танылған жобалар арнайы патенттер мен дипломдарға ие болып, өзге де әлемдік деңгейдегі байқауларға қаты­суға жол­дама алып жатқанын атап өту керек.

Мәселен өткен жылы өткізілген «Шапағат-2023» байққауына отандық өнертапқыштар арасынан екі жүзден астам адам өтініш берген. Жеңімпаздар «Жыл өнертабысы», «Өнертапқыш әйел», «Үздік инно­вациялық компания», «Жас өнертапқыш» сияқты номинациялар бойынша арнайы марапаттарға ие болды. Сонымен қатар, ең үздік деп танылған өнертабыс иелеріне «Еліміздің еңбек сіңірген өнертап­қышы» құрметті атағы беріледі. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар, 500 мың теңгеден 1 миллион теңге аралығындағы ақшалай серти­фикаттар табысталды. Олардың арасында өздігінен жүретін арба, сәбилерге арналған тербелмелі бесік, күн қуаты арқылы қуат алатын компьютер мен құрылғылар болғаны белгілі. Сол секілді экологиялық жағынан қауіпсіз пеш жасаған шебердің еңбегі де аса жоғары бағаланған болатын. Ақмолалық шебер Мағзұм Сұлтанғалиев жасап шыққан бұл пеш көліктен қалған ескі майлармен жанады. Май толықтай жанып кететіндіктен, табиғатқа еш зияны жоқ. Ұлттық зияткерлік меншік институтының басшысы байқау биыл да жалғасады. Қазіргі уақытта «Шапағат» байқауына өтінімдер қабылданып жатыр. 

«Шапағат» өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің республикалық конкурсына қатысуға және «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» құрметті атағын беруге өтінімдер (осы хатқа қосымшаға сәйкес) [email protected] электрондық поштасы арқылы қабылданады.  Өтінім беру уақыты осы жылдың 1 қыркүйегі мен 16 қазаны аралығын қамтиды. Байқау жеңімпаздары дипломдармен, мүсіншелермен және ақшалай сертификаттармен (500 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін) марапатталады.Ұлттық зияткерлік меншік инсти­тутының хабарлауынша, байқауға өнер­табыстың қолданылуы туралы жеке тұлғаның өтініші, кәсіпорын, мекеме немесе ұйымның пікірі, жалпы алған патенттері, авторлық куәліктері көрсетілген өтінімі керек. Үміткерді ғылыми ұйымдар немесе қоғамдық ұйымдар ұсынады.

Байқау жеңімпаз­дарын арнайы комиссия мынадай критерийлер бойынша анық­тайды: 
-өнертабыстар үшін берілген патенттер мен жарамды патенттерінің жалпы саны бойынша;
- патенттелген өнертабыстардың кеңінен қолданылуы немесе өндіріске енгізу нәтижелері, тиімділігіжәне әлеуметтік маңыздылығы бойынша;
- кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын тұлғалардың пікірлері, өнертабысты енгізу туралы актілер);
- өнертабыс саласындағы қызмет атқару уақыты;
- өнертабысты қолдану құқығы берілген және (немесе) тапсырылғаны жөнінде тіркеулердің саны. 

Жалпы елімізде патенттердің бірнеше түрі беріледі. Егер сіздің зерттеуіңіз техникалық шешімді қамтыса, ол өнертабыс немесе пайдалы модель ретінде қорғалуы мүмкін. Егер дизайн бұйымның сыртқы түріне қатысты болса, ол өнеркәсіптік үлгі ретінде қорғалады.

Өнертабысқа патент өтінім берілген күннен бастап 20 жыл бойы жарамды. Сонымен қатар, патент құқықтарын растау және патент беру мерзімі ерекше құқықты патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша ең көп дегенде 5 жылға ұзартуға болады.

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14