×

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өсті

2025 жылы халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындау үшін 6 трлн теңге қарастырылғын, алушылар саны шамамен – 5 млн адам.

Даурен Омаров 06.01.2025 | 15:37
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өсті
Gov.kz

Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді. 

2024 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға 5,4 трлн теңге бөлінді, оның ішінде зейнетақы төлеуге 3,8 трлн теңге қарастырылды. Барлық әлеуметтік төлемдерге (зейнетақылар мен жәрдемақылар) арналған шығыстар республика бюджетінің барлық шығыстарының 21,8 %-ын құрады.

Мемлекет 2024 жылы мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша 614 млрд теңгеге жәрдемақы төледі. Сонымен қатар, көпбалалы отбасыларды қолдауға 472,9 млрд теңге бөлді.

2025 жылы халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындау үшін 6 трлн теңге қарастырылғын, алушылар саны шамамен – 5 млн адам.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% - ға оза отырып ұлғайтылды.

Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 %-на дейін, ең жоғары – 120 %-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың ұлғаюының бірнеше үлгісі:

- 1, 2, 3 бала туғанда берілетін жәрдемақы 140 мың теңгеден 149 мың теңгеге дейін, 4 және одан да көп бала туғанда берілетін жәрдемақы – 233 мың теңгеден 248 мың теңгеге дейін ұлғайды;

- мөлшері балалар санына байланысты берілетін көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы 4 баласы бар отбасылар үшін 59 мың теңгеден 63 мың теңгеге дейін, 10 баласы бар отбасылар үшін – 148 мың теңгеден 157 мың теңгеге дейін артты;

- I топ мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 95 мың теңгеден 102 мың теңгеге дейін, II топ – 76 мың теңгеден 81 мың теңгеге дейін, III топ – 52 мың теңгеден 55 мың теңгеге дейін өсті.

Сколько кандасов могут переехать в Казахстан в 2025 году

Об этом сообщили в Министерстве труда и соцзащиты населения РК
Алина Мороз Алина Мороз 08.01.2025 | 18:09

В Актобе выявлено хищение 272 млн тенге, выделенных на дорожную разметку

В данный момент уголовное дело передано в суд
Алина Мороз Алина Мороз 08.01.2025 | 17:23

Будут ли вводить ограничения в школах Казахстана из-за метапневмовируса

Министр просвещения отметил, что образовательная система готова к различным вызовам
Алина Мороз Алина Мороз 08.01.2025 | 16:47

Министр просвещения прокомментировал сборы на национальную одежду в школах РК

Он также напомнил о запрете на дополнительный сбор денег в школах
Алина Мороз Алина Мороз 08.01.2025 | 15:29

В нефтегазовой отрасли будет создано порядка 22 тысяч рабочих мест - Минэнерго

Для технических профессий как нефтегазовой отрасли, так и смежных отраслей
Алина Мороз Алина Мороз 08.01.2025 | 14:17

В казахстанских колледжах будут готовить специалистов для работы на АЭС

Национальный ядерный центр и Институт ядерной физики предоставят базу для производственных практик
Алина Мороз Алина Мороз 08.01.2025 | 13:24

Новую концепцию профессиональной ориентации запустят в Казахстане

Согласно объявленному «Году рабочих профессий» разработан план мероприятий
Алина Мороз Алина Мороз 08.01.2025 | 11:15