Қазақстанда жас ғалымдар саммиті өтеді
Қазақстанда жас ғалымдар саммиті өтетін болды
Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған бұл шара сәуір айына жоспарланып отыр.
«Жас ғалымдар саммиті тәжірибе мен білім алмасуға, сондай-ақ әртүрлі сектор өкілдері арасында байланыс орнатуға арналған алаң болып табылады. Саммит 2024 жылы 12 сәуірде Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтеді», – делінген БАҚ құралдарына жіберілген хабарламада.
Аталмыш шараға еліміздегі әр түрлі ғылыми орталықтар мен жоғары оқу орындарының өкілдері мен ғылыми (аспиранттары, докторанттары) қызметкерлері қатысады. Сонымен қатар, еліміздегі жетекші ғалымдар бас қосқалы отырған жиынға түрлі мемлекеттік секторлар бизнес компаниялардың өкілдері қатыса алады.
Шараға қатысу үшін 2024 жылдың 1 сәуіріне дейін тіркелу керек https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeXqXHCCsi0zuwX0yHwsJD-CGUJFxRB0ABM9LsqkfYJUwQ1Iw/viewform болады.
Елімізде бұдан бөлек сәуір айында Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы, үлкен ғылыми көрме өтеді деп күтіліп отырғанын айта кету керек. Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан жөніндегі ¬Ұлт¬тық кеңестің алғаш¬қы отырысы былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төр¬ағалығымен өткен болатын.
Президент жанындағы Ғылым жә¬не технология жөніндегі ұлттық кеңес¬тің 40-тан аса ғалым мүшесі бар.