×

Елімізде ректорлық корпустың 50%-дан астамы жаңартылды

Зерттеу университеті мәртебесі берілген бес жоғары оқу орнының қатарында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті бар. 

Даурен Омаров 31.12.2024 | 14:42
Елімізде ректорлық корпустың 50%-дан астамы жаңартылды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазақстанда конкурс өткізу арқылы ректорларды тағайындаудың жаңа жүйесі енгізілді. Ректорлық корпустың 50%-дан астамы жаңартылды, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының түлектері, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары арасынан жас басқарушылар келді. Академиялық басымдық орталықтарын құру бойынша шаралар қабылданды. Алдағы уақытта 7 ЖОО базасында Академиялық басымдық орталықтарын құру үшін 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстарға қатысады деп жоспарлануда.

Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ базасында инженерлік білім мен ғылымдағы жаңа технологиялардың ғылыми-зерттеу хабын құра отырып, 2022-2026 жылдарға арналған даму бағдарламасы әзірленді. Бес жоғары оқу орнына (М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) зерттеу университеті мәртебесі берілді.