×

Пайдалана білсек, қар суы да пайдаға асады...

Соңғы кездері елімізде су тапшылығы мәселесі жиі айтыла бастады

Пайдалана білсек, қар суы да пайдаға асады...
Фото: МЧС РК

Өйткені, ауыз су тапшылығы мәселесі жаһандық мәселеге айналып үлгерді. Тіптен кейбір сарапшылар үшнші дүниежүзілік соғыстың осы су мәселесінен туындауы мүмкін екенін айтып жатыр. Сөздеріне дәләл ретінде 2040-ншы жылға әлемнің 40-тан елі су тапшылығына ұшырайды. Ал тағы он жылдан кейін жалпы әлем бойынша 5,5 миллиард адам ауыз судан таршылық көруі мүмкін екен. 

Өкініштісі, мұндай қорқынышты болжамның бізге де қатысы бар. Әлем бойыншы, су қоры небары 107,5 текше шақырымды құрайтын Қазақстан тапшылыққа ұшырауы мүмкін елдердің ішінде 66 орында тұр. Оның үстіне Дүниежүзілік банк Қазақстандағы су қоры 2030 жылға қарай жылына 90 текше шақырымнан 76 текше шақырымға дейін азаяды деген болжам жасап отыр. Яғни бұл жорамалға сенсек, алдағы 7 жылда су тапшылығы 15%-ды құрайды деген сөз. Бұл әрине, су көздерінің 44 пайызы көрші мемлекеттер есебінен болып отырған Қазақстан үшін үлкен қауіп екені даусыз. 

Бұл мәселеге ел президенті Тоқаев та алаңдаушылық білдірген еді. 

«Ең алдымен, су үнемдеу технологиясын кең ауқымда енгізген жөн. Шыны керек, біз суды тым орынсыз жұмсаймыз. «Судың да сұрауы бар». Бүкіл ел болып суды үнемдеп пайдалану мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Көрші мемлекеттердің тәжірибесін зерттеп, тиімді тұстарын алу қажет. Елді сумен қамтамасыз ету – аса маңызды міндет, ұлттық қауіпсіздік мәселесі деуге болады. Өнеркәсіпте, агросекторда, коммуналдық шаруашылықта, жалпы, барлық салада суды тиімді пайдалану мәселесіне ерекше мән беру қажет», - деген еді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы бұл мәселеге 15 наурыз күні Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында да қайта айналып соқты. Миллиондаған адамның ысырапшылдығынан бүкіл елдің байлығы желге ұшып отырған атап өтті. 

«Келесі мәселе – ысырапшылдық мәселесі. Шын мәнінде, аталарымыз ырыстың бастауы – үнемшілдік деп білген. Дамыған елдерде жарық пен суға дейін үнемдеп пайдаланады. Бұл мәселе оларда жоғары деңгейдегі қоғамдық мәдениетке айналған. Ал бізде бұған мүлде кереғар жағдай қалыптасқан. Миллиондаған адамның ысырапшылдығы бүкіл елдің байлығын желге ұшырады. Мысалы, су мәселесі. Бізде суды үнемдеуге байланысты қалыптасқан дәстүр жоқ. Оны ашық мойындауымыз керек. Ал су болашақтың байлығы екенін бүкіл әлем мойындайды. Бұл – Қазақстан үшін аса маңызды мәселе», - деп атап өткен еді президент. 

Расын айту керек, Қазақстан су үнемдеуді білмейтін елдердің бірі болып отыр. Алайда соған қарамастан, судың қадірін білетін ұрпақ өсіп келе жатқанын айта кету керек. Мәселен жақында отандық БАҚ беттерінде астаналық оқушы қардан техникалық су жасау технологиясын ойлап тапты деген жаңалық көпшілік қауымға үміт сыйлағанын айту керек.  

Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сыныбында оқитын Даниал Ысқақовтың бұл жобасы қар суын пайдалану арқылы халықты техникалық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Даниал Ысқақов өзінің тырнақ алды жобасымен өткен жылдың сәуір айынан бастап айналысып келеді. Қазіргі таңда жоба авторлық құқық алу деңгейіне жетіп отыр. 

Енді осы жобаға назар аударсақ: 
Жобаның жұмыс істеу механизмі де қарапайым. Алдымен қыс мезгілінде есік алдында немесе алаңда тау-тау болып үйілген қалың қарды жинап алып, арнайы контейнерге салу керек болады. Одан кейін ол қарды ерітіп, арнайы насостың көмегімен үйлердің шатырындағы резевруарға жіберіледі. Ол жерде жиналған суды техникалық су ретінде пайдалануға болады. 

«Бұл жоба елімізде қосымша су көздерін табуға мүмкіндік береді. Яғни техникалық судың қосымша көзін таптым деп ойлаймын. Себебі, қазіргі таңда кәсіпкерлер көлік жуу, монша, бассейн үшін ауыз суды пайдаланылып жатыр. Бұл мүлдем дұрыс емес. Қазақстанда су тапшылығы проблемасы өте қиын», - дейді оқушының өзі. 

Оның айтуынша, қар суын ертіру үшін шойын батареялар пайдаланылады. Яғни жиналған қарды шойын батареялардың ішіндегі судың көмегімен ерітеді. Сонымен қатар, болашақта бұған жұмсалатын энергияны балама көздер арқылы алуға болады. 

«Жүйе толыққанды жұмыс істеуі үшін электр энергиясы керек. Сондықтан, жүйеге күн энергиясын өндіретін панельдер орнатылады. Басқа да энергия көздерін пайдалануға болады. Тіптен бұл суды азуыз су ретінде де пайдалануға болады. Оны ауыз су ретінде пайдалану үшін биологиялық фильтр орнату қажет», - дейді  өнертапқыш. 

Даниалдың бұл жобасы Таразда мектеп оқушылары арасында өткен республикалық ғылыми жобалар байқауында үшінші орын алған.

«Патент алған соң, шынайы қондырғыны жасап оның тиімділігін көрсетіп, ірі құрылыс компаниялары мен мемлекеттік ұйымдарға таныстырып көремін. Бұл жобаны тек Астанада емес, Қазақстанның барлық өңірінде қолдануға болады», - деді Даниал Ысқақов.
 

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14