×

Отандық ғалымдардың арқасында тыңайтқышқа бас қатырмайтын болдық

Еліміздің барлық өңірінде көктемгі егіс науқанына дайындық жүріп жатыр

Отандық ғалымдардың арқасында тыңайтқышқа бас қатырмайтын болдық
Фото: depositphotos

Оңтүстік өңірлерде жер жырту, тұқым дайындау жұмыстары басталып кетсе, орталық, солтүстік облыс шаруалары да техникасын дайындап, қардың көбесі сөгілгенін күтіп отыр. Ал жаппай егіс науқаны мамыр айының ортасына қарай басталмақ. Бүгінгі үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров егіс жұмыстары ойдағыдай өтсе, күз айында жоқ дегенде 13-14 млн тонна астық жинауға болатынын атап өтті. Айтуынша, дер кезінде тұқым сеуіп үлгеру керек. 

«Табиғат және климаттық жағдайлар әзірше қалыпты жағдайда болып тұр деуге болады. Тұқым үшін қажетті ылғал бар, енді соны дер кезінде пайдаланып, тұқым сеуіп үлгеру болып тұр. Тұқымды уағында сеуіп үлгерсек, күзде егін шығымын кемінде 13-14 млн тонна деп болжап отырмыз», - деді ол Үкімет отырысында. 

Бұл әрине, өткен жылдармен салыстырғанда біршама аз көрсеткіш. Соңғы бірнеше жылдан бері елімізде дәнді дақылдардың өнімділігі біршама төмендеп кетті. Оған жауын-шашынның көптігі немесе құрғақшылық климаттық жағдайлар әсер етіп отырғаны белгілі. Биылғы жорамал да онша емес. Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров биыл бидай алқабы 429 мың гектарға, күріш пен мақта алқаптары 22 мың гектардан астамға қысқартылатынын айтып қалды. Керісінше, дәнді дақылдар қажеттілігін құрғақшылыққа төзімді яғни ылғалды аса көп қажет етпейтін дақылдардың алқабын кеңейту жоспарлары жасалып жатыр. 

Сонымен қатар отырыста тыңайтқыш мәселесі де айтылып қалды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында барлық өңірлерде тыңайтқыштарды қолдану бойынша арнайы индикаторлар жеткізілген. Айдарбек Сапаровтың айтуынша, биылғы егіс жұмыстарына шамамен 1,5 млн тонна тыңайтқыш қажет екен. Алайда фермерлерге барлығы 147,5 мың тонна ғана тыңайтқыш жөнелтілген. Ал мұның арты белгілі деңгейде шығынға алып келетіні сөзсіз. Кейбір сарапшылардың айтуынша, бүгінгі таңда тыңайтқыштарды қолдану көрсеткіші жалпы сұраныстың небәрі 26 пайызын ғана ғана құрайды екен. Осының салдарынан отандық дихандарымыз 10 млн тоннаға жуық жоғары сапалы бидай өндіру мүмкіндігінен айырылып отыр. Бұл елімізде жиналатын жалпы өнімнің жартысына жуық көрсеткіш. 

Жалпы елімізде тыңайтқыш өндіретін небары 12 зауыт қана жұмыс істейді екен. Бірақ солардың ішінде заманауи технологияны қолданып, инновациялық өнімдер жасап жатқандары да жоқ емес. Солардың бірі  - Әбдімәлік Әшіров есімді шымкенттік ғалымның жаңалығы. Яғни астықты тыңайтқышсыз-ақ 50 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. Ең қызығы, мол өнім беретін технологияны іске қосу үшін 15 минут жеткілікті көрінеді. Осындай арнайы технологияның көмегімен өңделген тұқымнан аста-төк мол өнім ғана емес, аса жоғары сапалы дән алынатыны дәлелденіп отыр.

Әбдімәлік Әшіровтің айтуынша, бұл әдіс кез-келген дәнді дақыл түріне жарай береді. Ол үшін алдымен кез-келген дәнді дақылдың тұқымын жерге себуден бір ай бұрын арнайы өңдеуден өткізу қажет екен. Нақты айтар босақ, тұқымды 14 герц жиіліктегі сәулемен сәулелендіреді. Ал сәулелендіру қуаты 12 вольттан аспау керек. 

«Бұл процес небәрі 15 минутқа ғана созылады. Осы уақыт ішінде тұқым сақталған қамбадағы диаметрі 20 метр аумақ биорезонансты жолмен активендіріледі. Ең маңыздысы,  бұл әдіс қоршаған ортаға зиян келтірмейді. Сол секілді топыраққа да нұқсан келтірмейді, сол секілді мутациялық өзгерістерге де ұшырамайды. Бар болғаны тұқымның альфа, бетта омелоганы 30 пайызға көбеяді. Осыдан кейін дәннің ішінде гиролиз реакциясы жүреді. Крахмал мен гикстрині бар дән ішінде глюкоза мен фруктозаға айналады», - дейді профессор Әбдімәлік Әшіров.

Шымкенттік ғылыми жаңалық бүгінде үлкен сұранысқа ие болып отыр. Тіпті бүгінге дейін әлемнің 12 елінде сынақтан өткізіп үлгерген. Биыл Литва мен Польша елінің шаруалары пайдаланып көрмек болып отыр екен. Сол секілді Қытай елімен де арнайы келісім жасалған.

«Үш жылдың ішінде 128 шарушалықта жұмыс істеп өзіміздің технологиямызды дәлелдік. Қазір 7 облыста жұмыс істеп жатырмыз. Менің тобымда 18 адам бар», - дейді профессор. 

Ал ғылыми жаңалықтың өзі 2017 жылы Forbes журналының нұсқасы бойынша үздік 10 инновациялық жобаның қатарына енген. 

Ғылыми жобаға Ғылым қоры қолдау білдірген. 200 миллион теңге көлемінде грант бөлген. Соның арқасында 18 түрлі дәнді дақыл шаруашылықтарда сынақтан өткізіліп, нәтижесінде алқаптардан 30-50 пайыз көп өнім жиналған.  

Десять комфортных школ открыли в Астане

Всего в рамках нацпроекта в 2024-2025 годах будет построено 24 школы нового формата
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 22:34

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14

В этом году бюджет города Шымкента увеличен на 123 млрд тенге

Объем бюджета составляет 779 млрд тенге
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 17:41

В Алматы временно перекроют участок улицы Сатпаева

В связи с проведением сельскохозяйственной ярмарки
Алина Мороз Алина Мороз 22.11.2024 | 17:22