×

Цифрландыру: Шымкент қаласының медициналық ұйымдарында 5 пилоттық жоба іске асырылып жатыр

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы 2024 жылдың 11 айында көптеген ауқымды іс-шаралар атқарды.

Даурен Омаров 27.12.2024 | 14:20
Цифрландыру: Шымкент қаласының медициналық ұйымдарында 5 пилоттық жоба іске асырылып жатыр
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыруды ұлғайту мақсатында Шымкент қаласының медициналық ұйымдарында 5 пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы 2024 жылдың 11 айында көптеген ауқымды іс-шаралар атқарды.

№2 оңалту орталығы базасында нейро-ортопедиялық бұзылулары бар балаларға арналған кешенді «QH» оңалту орталығы ашылды. №6 қалалық емхананың науқастарға ыңғайлы болу үшін екі корпустың арасын қосатын галлерея жасақталып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, Шымкент қаласында 14-15 қарашада «ҚР-да балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру» бойынша Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың онлайн режимінде қатысуымен республикалық көшпелі семинар-кеңес өткізілді. Ал 18-22 қараша аралығында босандыру ұйымдарының базасында босандыру және балалық шақ қызметінің мамандары үшін ресейлік жетекші мамандардың қатысуымен 3 халықаралық мастер-класс өткізіліп, 60 медицина қызметкері оқытылды.

Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыруды ұлғайту мақсатында Шымкент қаласының медициналық ұйымдарында 5 пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр.

Атап айтқанда, бірінші, қалалық онкологиялық орталықта және №6 қалалық емханада сүт безі обыры мен өкпе обырын ерте сатысында анықтау бойынша жасанды интеллектті қолдана отырып, «Телерадиология» медициналық бейнелерді орталықтандырылған мұрағаттау жобасын іске асыру тәжірибесін зерделеу шеңберінде, екі жақты меморандум жасалды.

Екінші, №2 қалалық ауруханасының медициналық ақпараттық жүйесін ақпараттандыру және автоматтандыру мақсатында «GALAMAT-SYSTEM» компаниясыменмен бірлесе отырып, «MedisArnica» медициналық ақпараттық жүйесі пилоттық жобасы жұмыс жасауда.

Үшінші, Шымкент қаласының медициналық ұйымдарында қолдануда тұрған медициналық жабдықтардың басқаруына сыртқы техникалық аудит жүргізуге «АльфаМедГрупп» ЖШС-мен бірлесе отырып, меморандум жасалды.

Төртінші, №12, 13 қалалық емханаларда «SmartЭКГ» жүйесі жұмыс істеп тұрған ЭКГ аппараттарын цифрландыруға және жаңа құрылғыны сатып алмай-ақ сандық ЭКГ сигналын жасау пилоттық жоба жұмыс жасауда. Жүйе ЭКГ зерттеулерінің қорытындысын қашықтықтан пациентті тікелей қабылдаусыз оқуға және жасанды интеллект пайдаланып қорытынды жасау үшін қолданылады.

Бесінші, Шымкент қаласының Цифрландыру басқармасымен бірігіп HR-процесс электрондық HR менеджері TEMIR  «Бұлтты HR жүйесін» пилоттық жоба ретінде медициналық мекемелерге ендіру бойынша меморандумға қол қойылды.

Бұдан бөлек, 27 медициналық ұйымның дәріханасы GPP стандартына сәйкес сертификатталды. Яғни, бүгінгі таңда қала бойынша 27 медициналық ұйым (18 мем, 9 жеке)  тиісті дәріхана практикасы талаптарына стандарттарын өткізді. Оның ішінде 2023 жылы - 9 медициналық ұйым, 2024 жылы 18 – медициналық ұйым өткізді.

Алғаш рет қалалық клиникалық балалар ауруханасында және қалалық перинаталдық орталықта госпиталдық фармация бөлімшесі ашылып, жыл соңына дейін қосымша 5 медициналық мекеме жұмысын бастауды жоспарлануда.

Замглавы филиала «КазАвтоЖола» признали виновным в хищении бюджетных средств

При строительстве, расширении и реконструкции пункта пропуска «Кордай»
Алина Мороз Алина Мороз 27.12.2024 | 18:03

Qazaq Air приостанавливает полеты в Екатеринбург

Для  безопасности пассажиров и членов экипажа по итогам оценки рисков
Алина Мороз Алина Мороз 27.12.2024 | 16:12

Полиция Алматы переведена на усиленный вариант несения службы

С целью обеспечения общественного порядка в период празднования Нового года
Алина Мороз Алина Мороз 27.12.2024 | 14:32

Врачи рассказали о состоянии пострадавших в авиакатастрофе в Актау

В настоящее время в больнице находятся шесть пострадавших
Алина Мороз Алина Мороз 27.12.2024 | 13:17

Указом Президента 2025 год объявлен Годом рабочих профессий

В целях повышения престижа рабочих профессий
Алина Мороз Алина Мороз 27.12.2024 | 12:07

В Казахстане внедряют новый механизм финансирования детских садов

В целях повышения доступности и качества дошкольного образования
Алина Мороз Алина Мороз 27.12.2024 | 11:24