×

Астанада шинкиокушинкай каратэден республикалық турнир өтіп жатыр

Турнир Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып отыр. 

Даурен Омаров 07.12.2024 | 23:43
Астанада шинкиокушинкай каратэден республикалық турнир өтіп жатыр
krmm.kz

Астанада Тәуелсіздік күніне орай шинкиокушинкай каратэден республикалық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Екі күндік турнирдің алғашқы күні спортшылар каратэнің теориялық негіздерін көрсететін "ката” бағдарламасында өнерін паш етті. Ал екінші күні “кумитэ” (жекпе-жек) бағдарламасы бойынша бақ сынады.

Турнир екінші рет ұйымдастырылып отыр. Шинкиокушинкай каратэ жаңа дамып келе жатқандықтан, шараға тоғыз өңірден 120 спортшы қатысты.

“Бұл жақсы көрсеткіш деп айта аламыз. “Ката” конкурсында түрлі санаттағы спортшылардың негізгі элементтерді дәл орындауы бағаланды. Кейбіреулер, әсіресе жекпе-жекке қатысқысы келмейтіндер немесе егде жастағы азаматтар тек осы бағытпен айналысады. Мысалы, 44 жастағы қатысушымыз жастармен бірге сайысқа түсті. Жалпы елімізде бұл спорт түрі жоғары қарқынмен дамып келеді. Турнирді дәстүрлі түрде өткіземіз. Келесі жылы 15 аймақтан спортшылар қатысады деп жоспарлап отырмыз”, – деді бас төреші Максим Вавилин.

Сайысқа Астана, Алматы және Қостанай, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Абай облыстарынан 8 жас және одан жоғары жас санаттары бойынша спортшылар қатысып жатыр.