×

«Өзенмұнайгаз» АҚ-дағы жағдайға қатысты мәлімдеме

БЖБ жұмысшыларын жұмысқа шығуға және келіссөзді бітімгерлік комиссия аясында жүргізуге шақырамыз.

Даурен Омаров 04.12.2024 | 22:06
«Өзенмұнайгаз» АҚ-дағы жағдайға қатысты мәлімдеме
ozen.kz

2024 жылы 12 қарашада «Өзенмұнайгаз» АҚ-ға қарасты (бұдан әрі – ӨМГ) Бұрғылау жұмыстары басқармасы (БЖБ) қызметкерлерінің кәсіподағы рұқсатсыз акция ұйымдастырып, бірқатар талап қойғаны белгілі. Өзенмұнайгаз басшылығы БЖБ жұмысшыларымен тұрақты түрде келіссөз жүргізіп келеді.

Сонымен қатар, 2024 жылы 3 желтоқсанда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бекзат Абайылданов Бұрғылау жұмыстары басқармасы қызметкерлерімен кездесіп, оларды жұмысқа шығуға шақырды. Келіссөз қорытындысы бойынша хаттама жасалды:

1. Рұқсатсыз акцияға қатысқан БЖБ қызметкерлері толық құрамда жұмысқа шығуы керек.
2. Хаттаманың бірінші тармағы орындалған жағдайда, жұмысшыларға ҚМГ және ӨМГ тарапынан тәртіптік жаза қолданылмайды;
3. Барлық қойылған талап ҚР заңнамасына сәйкес бітімгерлік комиссия отырысында қаралсын.

Хаттама рұқсатсыз акцияға шыққан жұмысшылардың назарына жеткізілді. Алайда, ӨМГ БЖБ кәсіподақ төрағасы оған қол қоюдан бас тартты.

ҚР заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары үшінші тұлғалардың араласуынсыз тікелей жұмыс беруші мен жұмысшылар арасында реттелуі тиіс екенін хабарлаймыз.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ осыған дейін әр талап бойынша толық түсініктеме берген болатын. Мысалы, ӨМГ зейнеткерлерінің (бұрынғы қызметкерлерінің) балалары компанияның штатына тікелей алынса, 2020 жылы бекітілген жұмысқа орналасу алгоритмін бұзады. Алгоритмге сәйкес ӨМГ зейнеткерлерінің балалары мен жұмыссыз азаматтар тең дәрежеде жұмысқа қабылданады. Бұл талапты орындау мүмкін емес, өйткені жұмысқа орналасу кезегін күтіп отырған Жаңаөзен қаласының басқа жұмыссыз тұрғындарының құқығын бұзады.

Сондай-ақ, ҚазМұнайГаз компаниясы ӨМГ қызметкерлеріне көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы толық ақпарат берді. ӨМГ мен үш кәсіподақ арасындағы ұжымдық шарт 2024 жылы 25 сәуірде жасалды. Ұжымдық шартқа сәйкес ӨМГ қызметкерлерін әлеуметтік қолдауға 44 млрд теңге қарастырылған, соның 5 млрд теңгесі (11%) компанияның Бұрғылау жұмыстары басқармасына арналған.

ӨМГ-де жақсы еңбек жағдайы жасалған деп есептейміз, әрбір қызметкерді әлеуметтік қолдауға жыл сайын 3,8 млн теңге бөлінеді.

БЖБ жұмысшыларын жұмысқа шығуға және келіссөзді бітімгерлік комиссия аясында жүргізуге шақырамыз.
 

ҚазМұнайГаз

Лучших молодых волонтеров наградили в Шымкенте

Они получили гранты в размере 1 млн тенге
Adal Adam Adal Adam 04.12.2024 | 19:01

В Кокшетау украли выделенные бюджетные средства по программам Artsport и DamuBala

Деньги были предназначены для развития спортивных секций для детей, в том числе с ограниченными возможностями
Алина Мороз Алина Мороз 04.12.2024 | 18:17

Токаев поговорил по телефону с Президентом Финляндии

Разговор состоялся по инициативе финской стороны
Алина Мороз Алина Мороз 04.12.2024 | 17:48

Снизить тарифы на звонки потребовали у сотовых операторов Казахстана

Операторам направили уведомления с требованием пересмотреть цены
Алина Мороз Алина Мороз 04.12.2024 | 16:43

Казахстан и Франция разработают план сохранения Балхаша

Был подписан документ нацеленный на сотрудничество в улучшении экологических условий и управления водными ресурсами
Алина Мороз Алина Мороз 04.12.2024 | 15:26

Одаренные выпускники казахстанских школ смогут обучаться на бакалавриате по программе «Болашақ»

Это позволит готовить новые высококвалифицированные кадры для Казахстана
Алина Мороз Алина Мороз 04.12.2024 | 14:15

Казахстан инициировал резолюцию ООН по ядерному разоружению

А также резолюции, нацеленные на укрепление глобальной безопасности и нераспространение оружия массового уничтожения
Алина Мороз Алина Мороз 04.12.2024 | 13:29

Казахстанцам рекомендовали соблюдать осторожность в связи с военным положением в Корее

Их призывают сохранять спокойствие и строго соблюдать рекомендации местных властей
Алина Мороз Алина Мороз 04.12.2024 | 12:47