×

Шымкентте ақын Ханбибі Есенқарақызының мерейтойы жоғары деңгейде аталып өтті

Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасар Сәрсен Құранбек, академик Оразалы Сәбденов, Қазақстан Жазушылар Одағының хатшысы Бауыржан Жақып қатысты, деп хабарлайды Adaladam.kz.

Adal Adam 29.11.2024 | 19:32
Шымкентте ақын Ханбибі Есенқарақызының мерейтойы жоғары деңгейде аталып өтті
Фото Управления внутренней политики и по делам молодежи города Шымкента

Кімде-кім ұлтының болашағы, туған халқының игілігі жолында жан аямай еңбек етсе, оның есімі туған халқымен бірге мәңгі жасайды. Бүкіл саналы ғұмырын қазақ әдебиетіне, ұлт руханиятын сақтау жолына арнаған Ханбибі Есенқарақызы —сондай есімі елімен бірге мәңгі жасайтын көрнекті тұлғалардың бірі. 

Шымкент қаласындағы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде өтіп жатқан «Алаш аманатын арқалаған «Ақ жол» және Ханбибі Есенқарақызы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда сөйлеген Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек осылай деді. 

Ақын Ханбибі Есенқарақызының 75 жылдығына арналған конференцияны университет ректоры Гүлжан Сүгірбаева алғы сөзімен ашып берді. Шымкент қаласы әкімінің орынбасар Сәрсен Құранбек, академик Оразалы Сәбденов, Қазақстан Жазушылар Одағының хатшысы Бауыржан Жақып, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжебек Матыжанов, Түркиядағы Гази университетінің профессоры Мұса Йылдыз құттықтау сөз сөйледі. 

Мұнан кейін академик Ханкелді Әбжанов, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының директоры Сұлтан-Хан Аққұлұлы бастаған ғалымдар баяндама жасап, Алаш қайраткерлері мен «Ақ жол» газетінің Отан тарихында алатын орны мен оны зерттеу мәселелері жөнінде сөз қозғады. 

Айта кетейік, 1920-1922 жылдары сегіз номері ғана шығып, кейін жабылып қалған «Шолпан» әдеби-саяси журналын Өзбекстандағы мұрағаттан алып,  оны араб графикасы негізіндегі төте жазудан кириллицаға аудартқан, сол форматпен кітап етіп шығарған Ханбибі Есенқарақызының еңбегі өлшеусіз.

Сол сапарында «Ақ жол» газетінің 5-6 нөмірін Өзбекстаннан тапқан Х.Есенқарақызы басылымның 1920-1926 жылдары аралығында шыққан 613 нөмірін Ташкент, Мәскеу, Орынбор, Санк-Петербург пен Алматының бүкіл архиві мен кітап палатасын, мемлекеттік мұражай, орталық кітапхана мен  тіл академиясының архивтерінен іздеп табады. Бәрін жиып-теріп, «Ақ жолды» баспадан 25 том кітап етіп шығаруы еліміздің рухани қазынасына қосылған мол байлық деп білеміз. 

Халықаралық конференцияға барлығы 50 шақты ғылыми зерттеу еңбек келіп түсті. Оның ішінде көрші Қырғызстан,  Өзбекстан, Ресей ғалымдары да бар.  Халықаралық конференция материалдары арнайы жинақ болып  басылып шығады. 

Сонымен қатар Шымкенттің төрінде ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қызметкер Ханбибі Есенқарақызының 75 жылдығына арналған «Ханбибінің биігі» атты жазба ақындар жыр мүшайрасы да мәресіне жетті. 

Жыр мүшайрасына еліміздің түкпір-түкпірінен ақынның атын сыйлаған, жырын жаттаған 60-қа жуық ақын қатысты. Ақынның  шығармашылық болмысын кеңінен танытып, жас ақындардың поэзияға деген қызығушылығын арттыруды мақсат еткен мүшайраға ақындар өлеңдерін алдын-ала онлайн жүйеде жіберген болатын. Өнер сайысының жеңімпаздарын анықтауға еліміздің әр өңірінен келген  үздік ақындар атсалысты. Атап айтсақ, ақын, «Алаш» сыйлығының иегері Ғалым Жайлыбай, қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса, филология ғылымдарының кандидаты, Еуразия университетінің доценті Оңайгүл Тұржан, ақын, филология ғылымдарының докторы Бауыржан Жақып  және «Серпер» жастар сыйлығының иегері Бақытжан Алдияр қазылық етті.

Шара барысында еліміздің түкпір-түкпірінен келген ақындар сөз саптау өнерінде өз ерекшеліктерін көрсетті. Жырларында Ханбибінің өмірге деген құштарлығы, туған жерге сүйіспеншілігі, қазақ әйелінің қайсар рухы мен нәзіктігі суреттелді. Шымкент қаласының зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар мен мәдениет қайраткерлері Ханбибі Есенқарақызының шығармашылығының ұлттық мәдениетке қосқан үлесін ерекше атап өтті. Қатысушылар үшін бұл шара – өнердің жаңа биіктерін бағындыруға шабыт берген ерекше сәт болды.

Ал, жыр сайысының бас жүлдесі Иран Ғайып ақынға бұйырып, 1 000 000 теңгені қанжығасына байлады. Түркістан облысының тумасы Ахан Сабыржан бірінші, Астана қаласынан келген Айжан Табарақызы мен Алматылық Мағиза Құнапияқызы екінші орын жүлдесін өзара бөлісті.

Оған қоса Шымкенттегі Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрында Ханбибі Есенқарақызының «Сендегі мені өшірме» атты поэтикалық толғауының премьерасы өтсе, ал, Түркістан сарайында «Хан қызындай Ханбибі» атты шығармашылық кеш болып өтті.

Казахстан инициировал резолюцию ООН по ядерному разоружению

А также резлюции нацеленные на укрепление глобальной безопасности и нераспространение оружия массового уничтожения
Алина Мороз Алина Мороз 04.12.2024 | 13:29

Казахстанцам рекомендовали соблюдать осторожность в связи с военным положением в Корее

Их призывают сохранять спокойствие и строго соблюдать рекомендации местных властей
Алина Мороз Алина Мороз 04.12.2024 | 12:47

«Бюджет народного участия» преобразил город – дворы и улицы стали комфортными и чистыми

В Алматы продолжаются работы по обновлению городской инфраструктуры в рамках проекта «Бюджет народного участия»

Экс-руководитель футбольного клуба арестован по делу о хищении в Мангистауской области

Выявлены хищения более 27 млн тенге, выделенных на учебно-тренировочные сборы
Алина Мороз Алина Мороз 04.12.2024 | 11:23

В Казахстане пройдут дожди и снег 4 декабря

По республике сгустятся туманы
Алина Мороз Алина Мороз 04.12.2024 | 10:08

Токаев провел встречу с Президентом Франции

Президент Франции отметил динамичное развитие двусторонних отношений
Алина Мороз Алина Мороз 04.12.2024 | 09:29

Более 3 800 заявок подано по программе «Жастар» в Шымкенте

Прошедшим конкурс молодым людям предоставят квартиры на 3 года без права выкупа
Adal Adam Adal Adam 03.12.2024 | 20:03

Объем инвестиций в основной капитал Атырауской области составил 1,7 трлн тенге

Доля Атырау в привлеченных в страну инвестициях составляет 13%
Adal Adam Adal Adam 03.12.2024 | 19:47