×

Жас ғалымдар кеңесі құрылды

Қазақстанда жас ғалымдар кеңесі құрылды

Жас ғалымдар кеңесі құрылды
Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мүшелерінің жас ғылымдармен болған кездесуінде белгілі болды.

«Жас ғалымдар кеңесі Президиумының жұмысы барлық бөлімшелер бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар, барлық аймақтарда өкілдіктері болады. Яғни бұл Ұлттық ғылым академиясының жанындағы жаңадан құрылып жатқан Жас ғалымдар кеңесінің дамуын арттырып, мәртебесін көтеруге мүмкіндік береді. Осылайша алдағы уақытта жаңадан құрылып жатқан кеңесіміз елдің жетекші жас ғалымдарының басын біріктіретін және өздеріне қажетті  барлық  қажетті қызметтік өкілеттіктерге ие, әрі тиімді жұмыс істейтін ұйымға айналғалы отыр» - дейді Ақылбек Күрішбаев.

 

Жиында отандық ғылымды қалай дамытамыз, сол секілді жас ғалымдардың рөлін арттыру мәселесі сөз болғанын айта кету керек. Жалпы қазақ елі ғылым мен ғалымнан кенде болған емес. Бүгінгі таңда елімізде жалпы саны 22 мыңнан аса ғалым бар екен. Бірақ ғылыми дәрежесі бар сол ғылыми қызметкерлердің орташа жасы 57 жасты құрайды. Сол секілді 15 пайызы зейнеткерлік жаста екен. Ал мұның өзі отандық ғылымға жастарды көбірек тарту керек екенін көрсетеді дейді жиынға қатысушылар.

«Бұл ғылым саласында әлі де шешімін таппаған мәселлер бар екенін көрсетеді. Яғни ғылымға жас таланттардың келуі үшін оңтайлы жағдайлар жасау қажеттігін айғақтайды. Осыған байланысты Ұлттық ғылым академиясының алдағы уақыттағы негізгі міндеті – дарынды жастар мен қабылетті мамандарды тарту болатыны белгілі. Өйткені жастар ел экономикасының негізгі драйвері. Яғни қосуға қабілетті дарынды жастарды тарту орталығына айналу міндетін қойып отырмыз», - деді Ақылбек Күрішбаев.

Осылай деп атап өткен ол отандық ғылымды дамыту мақсатында жас ғалымдар кеңесі құрылғанын сүйіншіледі. Әрі жас ғалымдар кеңесінің құрылымы Ғылым академиясының құрылымымен толықтай ұқсас болатынын мәлімдеді. Яғни, жаңадан құрылған құрылымды президиум басқарады, оның жұмысы департаменттерге бөлінеді және аймақтарда өкілдіктері болады.

«Өз басым академия басшысы ретінде жас ғалымдардың өз ұсыныстарын айтып қана қоймай, ғылыми саладағы бар мәселелерді шешуге тікелей атсалысқанын қалаймын. Осыған орай кеше Ұлттық ғылым академиясы жанынан Жас ғалымдар кеңесі құрылды. Оның құрамына еліміздің танымал көшбасшылары, жас, бірақ қалыптасып қалған ғалымдары, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ғылым және техника жөніндегі Ұлттық кеңестің, Ұлттық Құрылтайдың, Ұлттық ғылыми кеңестердің мүшелері мен жас ғалымдар бірлестіктерінің төрағалары кіріп отыр», - деді Күрішбаев.

Тағы бір айта кетірлік жағдай, аталмыш жиында ғылыми басқару саласында алғаш рет жас ғалымдардың құқықтарын қорғау мақсатында Жас ғалымдар кеңесі Президиумының мүшесі – омбудсмен лауазымы енгізілді. Оған Maqsut Narikbayev University қауымдастырылған профессоры Ph.D, жас заңгер-ғалым Хасенов Муслим Ханатович тағайындалып, оған жас ғалымдардың мәртебесін ілгерілету және нығайту миссиясы жүктелді.

Ал Жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары болып Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жас зерттеушілер кеңесінің төрағасы, қауымдастырылған профессор, Ph.D Лайсханов Шахислам Ұзақбайлы сайланды.

Сол секілді Мақсат Қизатұлы Жабағин көпшілік дауыспен Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

«Біз өз кезегімізде ғылымның кезекті әкімшілігіне айналмауымыз керек. Біздің негізгі мақсатымыз – ғылымды басқару, игеру саласында қалыптасып отырған олқылықтарды түзетіп,  қалпына келтіру. Осыған байланысты іздің басты ұстанымымыз өз бетінше тәуелсіз ұсыныстар ұсына алатын автономды әрі беделді сараптамалық ғылыми ұйым дәрежесіне көтерілу. Өздеріңіз байқағандай соңғы кездері Академияның кадрлық құрамында да өзгерістер жүргізіліп жатыр.

Біз өз ортамызға ғылымды өз қолдарымен жасап жүрген жастар мен қолынан нақты іс келетін орта жастағы ғалымдарды тартып жатырмыз. Бұл әрине нәтижесін беріп жатыр. Бір сөзбен айтқанда академиямыз жаңаша форматта жұмыс істей бастағанын дәлелдейді. Яғни бұл академияның басты саясаты - ғылымның жаңа көшбасшыларына назар аудара бастайды дегенді білдіреді», - деді Ақылбек Күрішбаев.
 

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14