×

Отандық ғалымдар 150 ауруды бірден анықтайтын құрылғы жасап шығарды

Елімізде соңғы жылдары ғылымға соның ішінде иннвациялық жобаларға қызығушылық танытатын жастардың қатары молайып отыр

Отандық ғалымдар 150 ауруды бірден анықтайтын құрылғы жасап шығарды
Фото: ptrk.kz

Оның үстіне отандық білім жүйесі де осы салаға айрықша көңіл бөліп, қолдау білдіріп отыр.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің мамандарының айтуынша, отандық ғалымдар, соның ішінде мектеп оқушылары ойлап тапқан жаңалықтарға шет мемлекеттер тарапынан қызығушылық артып келеді.

Сонымен қатар, мұндай жаңалықтардың алды қаржы әкеле бастаған. Бір ғана NIS (Назарбаев зияткерлік мектебі) оқушылары өз өнертабыстарын монетизациялау бойынша қазірдің өзінде 200 миллионнан аса қаржы тауып үлгерген.

Бұл әрине, үлкен көрсеткіш. Бұлардың ішінде нәрестені шомылдыруды жеңілдететін құрылғы, қант диабетінің асқынуын болдырмауға арналған тәсіл секілді үлкен жобалар.

Нақты айтар болсақ, Нұртөре Арнұрұлының «Artemia Salina полиқанықпаған май қышқылдарын алу әдісі» әзірлемесі ауыр дертке душар болған пациенттердің тез қалпына келуіне көмектеседі.

Ал Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Анастасия Цайдың инновациялық әдісі еңбек өнімділігін арттыруға көмектеседі. Сол секілді Парижде шымкенттік зияткерлердің пластмассаны тез ыдырату жобасы жақсы бағаланып, алтын медаль алғанын айта кету керек. 

Жалпы айтар болсақ, елімізде 2016-2018 жылдар аралығындағы ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыруға арналған конкурстардың қорытындысы бойынша ғылыммен байланысты 140 өндіріс құрылыпты. Тағы 15 жоба АҚШ, Қытай, Ресей, Чехия, Грузия, және Қырғызстан елдеріне іске асып отыр. 

Осындай үлкен жобалардың бірі деп 150 ауруды тез анықтауға болатын жобаны айтуға болады. Өскемендік ғалымдар ойлап тапқан бұл жаңалық бүгінде әлем назарын аударып үлгерді. Енді басы ауырып, балтыры сыздаған кез-келген адам небары он-он бес минут ішінде толықтай тексеруден өте алады. Ол үшін тамырдан алынған бір тамшы қан жеткілікті. 

Отандық ғалымдардың көз майын тауыса жүріп зерттеп, ойлап тапқан туындысын дәрігерлер де жоғары бағалап отыр екен.

«Шетелдерден әкелген аппарат сынып қалса, оны жөндеу үшін біз арнайы маман шақыруымызға тура келеді. Ал оны жөндеу жұмысы да біраз уақыт алатыны сөзсіз. Енді жергілікті ғалымдарымыздың жаңа туындысы біз үшін өте тиімді болмақ. Кез келген сәтте істемей қалса, мамандар қасымыздан табылады. Маман іздеп, шарқ ұрып әуре болмаймыз. Бұл құралды барлық медициналық мекемелерге қойылса жақсы болатын еді», - деді медициналық орталықтың бас дәрігері Рая Рахимова.

Тағы бір айта кетерлігі, бұл құрылғы шетелдік нұсқаларға қарағанда өте арзан, қолжетімді және диагнозды дөп басып анықтап бере алады. 

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14