×

Шымкенттік аспаздар халықаралық гастрономиялық байқаудан жүлдемен оралды

Шымкенттік аспаздар Түркияның Анталия қаласында өткен халықаралық гастрономиялық байқауда Қазақстанның атын асқақтатты.

Adal Adam 26.11.2024 | 13:47
Шымкенттік аспаздар халықаралық гастрономиялық байқаудан жүлдемен оралды
Фото: Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

«Turkistan Chefs Hub» бірлестігінің аспаздары «Shymkent Tourism Bureau» туристік бюросының қолдауымен «Game of Food GastroAntalya 24» байқауына қатысып, екі алтын, бес күміс және бес қола медаль жеңіп алды. Бұл бірнеше елден жиналған талантты аспаздар арасынан топ жару болды. Олар сайыста өздерінің кәсіби шеберліктерін паш етіп, жоғары жетістіктерге қол жеткізіп отыр.

Бұл ауқымды гастрономиялық іс-шара жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік аспаздарды жинайды. Биылғы байқауға 46 санат бойынша 36 елден жүздеген аспаздар мен аспаз боғысы келетіндер қатысқан. Қатысушылар дәстүрлі тағамдарды заманауи әдістермен үйлестіріп, өз елдерінің гастрономиялық мәдениетін таныстыруға тырысқан болса, оның ішінде Шымкенттің гастрономиялық әлеуетін 7 аспаз таныстырып, жетеуі де жүлдемен оралған.

Шымкенттен барған команда байқауда бірнеше санат бойынша жүлделі орындарға ие болды.

Олар ұлттық тағамдар санатында ерекше көзге түсіп, қазылар алқасының жоғары бағасын алды. Команданың негізгі мәзірінде қазақтың ұлттық тағамдары: бешбармақ, қазы-қарта, бауырсақ және түрлі еттен дайындалған тағамдар заманауи тәсілдермен ұсынылды. Әрине, ең басты тағам еттен екені даусыз.

- Біз Қазақстанды мақтанышпен таныстырдық. модерн, қозы тағамы, балық тағамдары өте жоғары бағаланып, көпшілікті сүйсіндірді. Тағам әзірлеу үшін керекті заттардың бәрін жергілікті өзіміздің өнімдерді апардық. Термобокстарға ұқыптап салып, өнімдердің балғындығын, еттің бұзылмауын қадағалап жеткізу оңай болмады. Бәсекелестер мықты болды. Дегенмен еңбегіміз еш кетпеді, - дейді «Turkistan Chefs Hub» бірлестігінің перхиденті Саид Рощаев.

Тартысты фестивальде Түркия, Әзірбайжан, Ресей, Оңтүстік Корея, Марокко, Иран сынды мемлекеттің мықты аспаздары бақ сынасқан.

Ал,қатысушы мамандар жарыс туралы үлкен мақтанышпен әңгімелеп берді.

"Бұл біздің ұжым үшін үлкен жеңіс. Біз қазақ тағамдарын халықаралық деңгейде танытып, олардың бай дәстүрін көрсеткіміз келді. Жүлдеге қол жеткізу – тек біздің емес, бүкіл елдің абыройы деп білеміз», - дейді Қазақстан аспаздар қауымдастығының резиденті Бекнұр Сиязов.

Қазылар алқасы шымкенттік аспаздардың шеберлігіне ерекше таңданыс білдірген. Ұлттық тағамдардың ерекше дәмі мен заманауи көркемдік безендірілуі олардың еңбегін жоғары бағалауға себеп болды. Десе де ол жерде тағамға ерекше дәм беру, тағамдарды сәйкестендіру шеберлігі сыналған.

Іс-шара аясында «Turkistan Chefs Hub» Араб қауымдастығымен екіжақты қарым-қатынасты нығайту, тәжірибе алмасу және гастрономиялық туризмді дамыту мақсатында ынтымақтастық меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, Шымкенттік аспаздар Бакуде өтетін «Алтын Шах» және Ыстамбулда өтетін «Ұлттық тағамдар» фестивальдеріне шақырту алған.

Шымкенттік аспаздар халықаралық деңгейде жеткен жетістіктерін отандық гастрономияның дамуына үлес қосуға пайдаланбақ. Команда алдағы уақытта жаңа жобалар жасап, қазақ асханасын әлемдік деңгейде насихаттауды жалғастырмақ.

Бұл жеңіс – қазақ аспаздық өнерінің әлеуеті мен оның халықаралық деңгейде танылуына тағы бір қадам. Шымкенттік аспаздардың жетістігі болашақта еліміздің басқа аспаздарына да шабыт беретіні сөзсіз.

 

Почему опрос на eGov на тему часового пояса смогли пройти только 200 тыс. казахстанцев

25 ноября он  пропал «по истечению срока актуальности
Алина Мороз Алина Мороз 26.11.2024 | 18:33

5 тысяч шымкентцев трудоустроят на самой большой в стране теплице

Строительством тепличного комплекса займется турецкая компания
Павел Седых Павел Седых 26.11.2024 | 17:55

Токаев принял министра туризма и спорта

Президент поставил перед министром ряд задач по дальнейшему совершенствованию сферы 
Алина Мороз Алина Мороз 26.11.2024 | 16:09

Как будут работать детские сады, школы и вузы в связи с саммитом ОДКБ в Астане

Об этом сообщили в Министерстве науки и высшего образования. 
Алина Мороз Алина Мороз 26.11.2024 | 15:47

До 2029 года планируется закупить порядка 1,2 тыс. пассажирских вагонов

Об этом сообщил глава Минтранспорта Марат Карабаев
Павел Седых Павел Седых 26.11.2024 | 15:25

Токаев сменил командующего войсками регионального командования «Юг»

И главнокомандующего Сухопутными войсками Вооруженных Сил РК
Алина Мороз Алина Мороз 26.11.2024 | 13:05

Более 13 тысяч иностранных граждан трудятся в Казахстане

В основном это трудовые мигранты из Китая, Узбекистана, Турции и Индии
Алина Мороз Алина Мороз 26.11.2024 | 12:13