×

Астанада дәстүр құндылығын дәріптейтін шара өтті

Астана төрінде Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ислам және дәстүр құндылығы» тақырын көтерген іс-шара болып өтті

Астанада дәстүр құндылығын дәріптейтін шара өтті
Фото: ҚМДБ

Негізінен әйелдер қауымына арналған бұл іс-шараға шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының өзі арнайы барып қатысып, сөз сөйледі.

Аталмыш іс-шараға ҚМДБ-ның жанынан құрылған Әйел-қыздар секторы мұрындық болғанын айта кету керек. Форумда сарапшылар Әйел-қыздар секторының аз уақыттың ішінде көп дүние атқарғанын айтып жатты.

Атап айтар болсақ, тек өткен 2023 жылдың өзінде ғана  жалпы ел аумағында қомақты жұмыстар атқарылып, барлық мешіттер жанындағы  сауат ашу курстарына қатысып жүрген шәкірттерге, мешіт қызметкерлеріне уағыз-насихат жұмыстары жүргізген. Сонымен қатар, әр-түрлі семинарлар өткізіліп, білім сайысы, мәдени кештер, қайырымдылық шаралары,  әртүрлі шеберлік сағаттары мен түрлі спорттық сайыстар өткізген. Жалпы қоғамдық-мәдени бағыттарды қамтыған бұл шараларға барлығы 408 828 адам тартылыпты. Ал өткен шаралардың жалпы саны  - 10 986-ны құраған.

«Осындай сауапты істердің барлығында да  әйелдердіңүлесі тұрғанын айта кету керек. Биыл да аталмыш сектор жұмысы одан сайын жанданып, дами түседі деп ойлаймыз. Барлығымыз да қазақ қоғамның үзілмес бөлшегіміз. Сол себепті осы қоғамда қоғамда орын алып жатқан оқиғалардың барлығы бізге өз әсерін тигізетіні даусыз. Сондықтан қазақ қоғамына теріс әсер ететін кез-келген бұрыс әрекетті тізе қоса отырып түзетуге тырысуымыз қажет», - дейді Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы.

Іс-шара барысында Исламдағы әйел адамдардың мәртебесі туралы насихаттар  айтылып қана қоймай, көрермен назарына баланы бесікке бөлеу, атастыру, құрсақ той сынды қазақтың  жоралғылары көрініс тапқан ұлттық дәстүрімізді дәріптейтін қойылымдар ұсынылғанын айта кету керек.

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14