×

Қазақстанда діни уағыз айту енді арнайы құжатпен реттеледі

Қазақстанда діни уағыз айту мәселесі бұдан былай арнайы құжатпен реттелетін болды

Қазақстанда діни уағыз айту енді арнайы құжатпен реттеледі
Фото: ҚМДБ

Бұл туралы Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген І республикалық уағызшылар форумында белгілі болды. Аталмыш форумда «Уағыз-насихат айтудың әдебі мен мәдениеті» тұғырнамасы атты арнайы құжат қабылданып, жұрт назарына ұсынылды. Қабылданған ережеге сәйкес бұдан былай екінің бірі жұрттың алдына шығып, көсемсіуне жол берілмейді деген сөз.

«Назарларыңызға ұсынылып отырған құжаттың негізгі мақсаты – Діни басқармаға қарасты діни орындарда жүргізілетін уағыз-насихат жұмыстарын бір ізге түсіріп, мешіт қызметкерлері мен жұмысшыларына дініміздің асыл құндылықтарын дұрыс бағытта жеткізу болып отыр. Сонымен қатар, жалпы уағыз-насихат мәселесін біріздендіру,  уағыз айтудың бекітілген методикасы мен ортақ моделін қалыптастыру», - деп атап өтті ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров құжаттың мәтінін таныстырып тұрып.

Сондай-ақ ол аталмыш құжатта жұрт алдына  шығып уағызжүргізіп, мешіт жамағатына адал және арам мәселесін түсіндіріп жүрген имамдар үшін қажетті ережелердің қарастырылғанын атап өтті.

Елімізде тұңғыш рет өткізіліп отырған бұл шараға  Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы төрағасы әрі Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысқанын айта кету. Өз кезегінде бас мүфти Наурызбай қажы  бұл құжаттың жалпы дін қызметкерлеріне аса үлкен жауапкершілік жүктейтінін атап өтті.

«Имам – қоғамды тәрбиелеуші тұлға әрі ағартушы ұстаз. Отаншыл, аманатқа адал, адамгершілігі мол иманды ұрпақ тәрбиелеуде имамның атқаратын рөлі ерекше. Аллаға шүкір, халқымыздың рухани дамуына, қоғамда отбасы құндылығының артуына ағартушы ұстаздар мен дін қызметкерлері үлкен үлес қосып келеді. Біз бүгінгі форумда «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» құжатын қабылдаймыз. Аталған тағылымды құжат дін қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктейді деп санаймыз», -  деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Расын айту керек, аталмыш құжат бүгінде жұртшылық арасында үлкен қолдау тауып жатыр. Себебі, жұртшылық арасында  уағыз айтуды ретке келтіріп, бір жүйеге салмаса, Ислам дінімізге көлеңке түсетіні туралы пікірлер көптен бері айтылып келген еді. Бұған дейін бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да әлеуметтік желілерде отырып алып,  жұрттың миын ашытып, қате уағыз айтып, үндеу тастайтындардың қарасы азаймай отырғанын айтқан болатын.

«Біздің наиб-мүфтилеріміз бен уағыз-насихатқа жауапты мамандар ел аралап, өңірлерге барған сапарында қателесіп уағыз айтқан дін қызметкерлері болса, жолығып арнайы түзету жұмыстарын жүргізеді. Сол секілді имамдар отырып алып, бірін-бірі әлеуметтік желіде отырып алып,  сынағаннан гөрі, тізе қоса отырып, кетіп жатқан қателіктерді түзетіп отырғаны дұрыс. Жалпы бүтіндей елді, жамағат арасына от тастап, шатастырудың да үлкен күнә екенін білген дұрыс», – деген болатын бас мүфти.

Жалпы бұл шараға Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов, облыстардың бас имамдары,  діни басқарма қызметкерлері және  БАҚ өкілдерін қосқанда ұзын-саны 200-ден астам адам қатысты.
 

 


 

Шымкент отказывается от строительства новых развязок: ставка на пробивку улиц и цифровизацию

Власти Шымкента решили пересмотреть подход к решению транспортных проблем
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 20:02

«Отбасы банк» будет централизованно распределять жилье

Касым-Жомарт Токаев подписал поправки по реформированию жилищной политики
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:48

18 комфортных школ построят в Шымкенте

За счет средств инвесторов введены в эксплуатацию 5 школ
Adal Adam Adal Adam 22.11.2024 | 19:32

АФМ: Презентована система, позволяющая выявлять превышение надбавки на социально значимые товары

Выездное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу состоялось в Алматы
Павел Седых Павел Седых 22.11.2024 | 19:14